~ 183 ~
Розенблюм қайталамалы сҥзек қоздырғышын 22 науқасқа еккен; нәтижесінде
11 адам жазылып, 3-нің жағдайы жақсарған, 8-нің жағдайы ӛзгермеген.
Австриялық психиатр Ю. Вагнер-Яурегг 1917 жылы бҧл мақсатта малярия
екпелерін қолдануды ҧсынады. Ол ҥдемелі салдану ауруы кезінде
қолданылатын негізгі әдіс ретінде тәжірибеге енді. Маляриотерапия әсер ету
механизмін
иммунитетті
және
ағзаның
жалпы
реактивтілігін
белсендендірумен, температураның дерт қоздырғышына - бозғылт
спирохетаға жайсыз әсерімен, микробтық антогонизммен байланыстырды.
Әдіс сәттілігін оны қолданудың қарапайымдылығы арттыра тҥсті: науқас
терісінің астына, бҧлшық ет ішіне немесе кӛктамырға ҥш кҥндік маляриямен
ауырған науқастан алынған 3-5 мл қан енгізіледі. Малярияның 8-10
ҧстамасынан кейін ҧстама хинин немесе басқа малярияға қарсы
препараттармен қайтарылды.
Кейін маляриотерапия асқынуларына кҥдіктенгенде гипертермиялық
реакция тудыру мақсатында сульфозин мен пирогенал тәрізді пирогенді
препараттар қолданыла бастады. Сульфозин кҥкірттің майдағы қоймалжыңы
(0,33-3%) болып табылады, бір ретте бҧлшық етке 1-ден 6-8 мл дейін
енгізіледі. Енгізу жиілігі – 3 кҥн сайын. Бҧл уақыт аралығында науқастың
температурасы кӛтеріліп (38 градус С және одан жоғары), қайта қалыпқа
келуі тиіс. Бір ем курсына 6-15 температура ҧстамасы. Сульфозинотерапияға
кӛрсеткіш тек ҥдемелі салдану емес, шизофрениямен науқастардағы
психофармакологиялық терапияға резистентілік те бар. Сульфозинотерапия
стереотипті жабысқақтықтармен, кҥрделі ритуалдармен баяу ағымды
шизофрения кезінде жақсы нәтиже береді.
Достарыңызбен бөлісу: