Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет114/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Транквилизаторлар.
Бҧл топқа әртҥрлі химиялық препараттар жатады: 
бензодиазепин туындылары (элениум, седуксен, тазепам, рудотель, 
феназепам және т.б.), пропандиол карбаматтары (мепротан), дифенилметан 
туындылары 
(амизил), 
тағы 
да 
басқа 
химиялық 
қосылыстар. 
Транквилизаторлармен терапия шекаралы психикалық патологияны 
қҧрайтын бҧзылыстардың кең диапазонында тиімділік кӛрсетеді. Бҧл 
препараттардың әсер ету саласы психиканың шамадан тыс және 
диссоцирленген реакциясы, стресстік ситуациялардың психопатологиялық 
салдары, әртҥрлі тҧлғалық декомпенсациялар, тҧлғаның аномальды дамуы 
және де бастапқы және қалдық психотикалық симптоматика, басқаша 
айтқанда шеткі шекарасы бір жағынан нормамен, екінші жағынан айқын 
психотикалық 
кҥймен 
шектелген 
жағдайлар 
болып 
табылады. 
Транквилизаторлар 
әсерінің 
бірнеше 
негізгі 
тҥрлері 
анықталды: 
транквилизаторлық, 
седативті, 
ҧйықтатын, 
тырысуға 
қарсы 
(антипароксизмальды), миорелаксациялық, белсендендіруші. әсерлерінің 
ішінен транквилизаторлық әсер басымдылық кӛрсетеді, ол тынышталумен, 
стресстік 
жағдайларға 
тӛзімділіктің 
жоғарылауымен, 
конфликтілі 
ситуацияларда адаптацияның жақсаруымен кӛрінеді. Ағзаға ҧзақ уақыт бойы 
транквилизаторларды 
енгізсе, 
седативті, 
антипароксизмальды 
және 
миорелаксациялық әсерлерге толеранттылық дамуы байқалады, бірақ 
транквилизаторлық эффектке әдеттену болмайды. 
Транквилизаторлар транквилизаторлық әсерінің кҥші және басқа 
эффекттері бойынша ерекшеленеді. Ең белсенді әсер кӛрсететіндері – 
феназепам, лоразепам, олардың транквилизаторлық және седативті әсері 
антипсихотикалық дәрежеге дейін жетеді; әсерінің басқа да эффекттері 
айтарлықтай айқын. Кҥші бойынша бҧл препараттардан тазепам, элениум, 
рудотель 
және басқа 
препараттар 
тӛмен 
тҥседі. 
Триоксазиннің 
миорелаксациялық әсері жоқ, белсендендіру әсері кҥштірек, сондықтан ол 
кҥндізгі тыныштандыратын зат ретінде қолданылады. Грандаксиннің 
белсендендіруші әсерінің кҥштілігі соншалық, ол ӛзі қозу мен ҧйқысыздық 
шақыруға 
қабілетті; 
осыған 
байланысты 
кейбір 
авторлар 
оны 
психоэнергетикалық препараттарға жатқызады. Нитразепамның ҧйықтату 
әсері кҥшті болса, клоназепамның – тырысуға қарсы әсері басым.
Транквилизаторларды тағайындаудың басты кӛрсеткіші невротикалық 
және невроздар шеңберінде ӛтетін астениялық, диссомниялық, обсессивті-
фобиялық, ипохондриялық, истериялық, ҥрейлі-депрессивті жағдайлар, 
психопатиялар, реактивті жағдайлар, циклотимия, баяу ағымды шизофрения 
немесе шизофрениялық ремиссия, бас миының органикалық зақымданулары 
сияқты невроз тәріздес бҧзылыстардың кең шеңбері болып табылады. 
Шизофрениямен науқастардағы психотикалық ҥрейлі синдромдар кезінде 


~ 179 ~ 
транквилизаторларды жеке дәрілік зат ретінде немесе нейролептиктермен 
және антидепрессантармен бірлестіріп қолданады. Сонымен бірге 
транквилизаторларды дисфориялық бҧзылыстары бар эпилипсиямен 
науқастарда 
және 
алкоголизммен 
науқастардағы 
абстиненцияның 
психикалық және соматовегетативті кӛріністерін басуға тағайындалады. 
Транквилизаторлардың 
вегетативті-тҧрақтандырушы 
және 
антипароксизмальды әсері жҥрек ритмі бҧзылған (жыбырлағыш аритмия), 
климактерикалық бҧзылыстармен, гипоталамикалық криздермен науқастарда 
пайдалы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет