~ 189 ~
мутизм); профессиональды дискинезиялар (жоғарғы координациялық
қозғалыстың бҥзылуы, шиқылды спазм синдромы). Сенсорлы бҧзылыстар
және сезімталдық бҧзылыстары, кӛру аймағының тарылуы, соқырлық және
кӛрудің басқа да бҧзылыстары байқалады (диплопия, фотопсия және т.б.),
есту бҧзылысы (саңыраулық және сурдомутизм), қатты дыбыстарды кӛтере
алмау; жағымсыз сезімдер (жансыздану, қҧмырсқалар жорғалағандай, ине
шаншығандай және т.б.). Жҥйке-бҧлшық еттік және жҥйкелік-қантамырлық
сипаттағы бас аурулары, психалгиялар («каска», «сақина» тәріздес қысқан
ауру сезімдері) болуы мҥмкін,
Невротикалық бҧзылыстар айқындығы қолайсыз факторлардың
патогенділігіне сәйкес келеді, онымен қатар аурудың тҧлғалық
ерекшеліктеріне де байланысты. Неврозды тудыруға ықпал еткен қолайсыз
жағдайды жойғанда және қажетті ем қолданғанда психикалық,
соматовегетативті бҧзылыстар жойылып, науқас сауығады. Бірақ неврозды
тудырған қолайсыз жағдайлар сол кҥйінде сақталса, онда невроз
созылмалы тҥрге ауысады. Невроздың созылмалы тҥріне созылмалы
соматикалық немесе басқа аурулар, психикалық аурулармен тҧқым
қуалаушылық ауырлық бейімдейді. Созылмалы ағымда невроздың
клиникалық кӛрінісі ӛзгереді. Егер невроздың бастапқы кезеңінде оның
жеке формаларын жеткілікті дәрежеде анықтау мҥмкін болса, кейін келе
невротикалық симптоматиканың полиморфизміне байланысты клиникалық
кӛрінісінің айқындылығы тӛмендейді. Невроздың негізгі формасының
психопатологиялық кӛріністеріне уақыт ӛте астениялық, депрессивті,
ҥрейлі-фобиялық және ипохондриялық бҧзылыстар қосылады.
Невроздар әртҥрлі жас кезеңінде пайда болуы мҥмкін, бірақ невроз
пайда болуына аса тән жас кезеңі 25-40 жас. Невроздар психикалық
бҧзылыстардың ішінде жиі кездесетін тҥрі болып табылады. Олардың
таралуы дамыған елдерде 5-15% ҧҥрайдығ яғни әрбір оныншы адам
неврозбен зардап шегеді.
Невроздың клиникалық кӛрінісі кӛпқырлылықпен ерекшеленеді.
Әртҥрлі клиникалық кӛріністер басым болуына байланысты невроздар
бірнеше формаға бӛлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: