~ 184 ~
Тура психотерапия
сӛзбен әсер ету жолымен іске асады және науқасқа
тікелей бағытталады. Тура психотерапияны жҥргізу кезінде науқас ояу
жағдайда немесе гипноздық ҧйқыда болуы мҥмкін. Тура психотерапия
әдістерінің ішінде рациональды психотерапия, функциональды жаттығу
әдісін, сергектік, гипноздық ҧйқы жағдайында сендіру, аутогенді жаттығу
және аналитикалық психотерапияны атауға болады.
Рациональды психотерапия
– айқындап, тҥсінікті ету психотерапия
әдісі. Оның негізгі мақсаты науқастың ӛз дерті жӛнінде қалыптасқан қате
кӛзқарасын ӛзгерту. Әдістің негізін салушы П. Дюбуа (1913) пікірінше, бҧл
психотерапия сендіру элементтерінен толық еркін жҧмыс істейді, тек
науқастың интьеллектіне, оның ақыл-ой жҥйесіне әсер етеді деген. Дюбуа
науқас пен оның туыстары дәрігерге келіп, дертті жағдайдың ерекшеліктері
мен оны емдеудің жоспары туралы арнайы оқудан ӛтуі керек деп есептеген.
Бҧл әдістің жетілуіне В.М. Бехтерев, С.И. Консторум, В.Е. Рожнов сияқты
ғалымдар да ҥлкен ҥлес қосты. Әрбір дәрігер науқаспен сӛйлескенде оған
дерт сипаты, пайда болу себептері, жҥргізілетін терапия ерекшеліктері және
болашаққа болжамы жӛнінде тҥсінікті тілде жеткізуі керек. Осының барлығы
тек орын алған дертті кҥйді зейінмен зерттегенде ғана емес, науқастың мінез-
қҧлқын, тҧлғалық ҧстанымдарын, ситуацияны тҥсіну дәрежесін дҧрыс
ескергенде тиімді болады. Бҧл әдіс ипохондриялық жағдайлар, кҥдіктенулер,
фобиялар - канцерофобия, кардиофобия, сифилофобия, жҥйкелік
соматовегетативті бҧзылыстар кезінде, жҥйкелік-психикалық бҧзылыстармен
жҥретін соматикалық аурулар кезінде ӛте тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: