Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет120/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Аутогенді жаттығу
тек сендіру эффектін ғана емес, ӛз-ӛзін сендіруді 
басшылыққа алады. Әдіс авторлары оның мәнін ағзаның вегетативті және 
соматикалық бҧзылыстарын науқастың ӛз ерік кҥшімен реттеуінде деп 
кӛрсетеді. Бҧл әдіске кӛрсеткіштер функциональды бҧзылыстар айқын 
кӛрінетін аурулар (бронхиальды астма, гипертониялық аурудың бастапқы 
кезеңі мен эндартериит, Рейно ауруы және т.б.) болып табылады. Аутогенді 
жаттығу негізінен Шульцтің әдістемесі бойынша жҥргізіледі. Ол бойынша 
пациент 6 жаттығуды игеруі керек: 1) дененің бҥкіл бҧлшық еттерін тез және 


~ 186 ~ 
толық босаңсыту; 2) перифериялық тамырлар тонусына ерікті тҥрде әсер ету 
арқылы қол мен аяқтарда жылу сезімін шақыру; 3) жҥрек қызметінің ритмін 
ерікті тҥрде реттеу; 4) тыныс ырғағы мен тереңдігіне әсер ету; 5) қҧрсақ 
қуысы қантамырларының тонусына ерікті тҥрде әсер ету арқылы жылу 
сезімін шақыру; 6) тамырларға әсер ету арқылы бас аймағында салқындық 
сезімін шақыру. Мҧның барлығы арнайы таңдалып алынған сӛз 
формулаларын іштей, ойша бірнеше рет қайталау арқылы қол жеткізіледі. 
Емдеудің толық курсы ҥлкен жаттығуды қажет етеді және 12 аптаға 
созылады. Әрбір жаттығу 2 апта бойы 5-10 минуттан тәулігіне 3 реттен 
жиірек жҥргізіледі. Аутогенді жаттығуды ӛз бақылауына дәрігер алады, ол 
науқастың ӛз-ӛзін сендіру формуласын да жасайды.
Рациональды психотерапия, сергектік және гипноздық ҧйқы 
жағдайындағы сендіру, аутогенді жаттығу жеке немесе 
топтық 
психотерапия
сипатында да болуы мҥмкін. Соңғы әдіс алкоголизм сияқты 
патологияда артықшылық кӛрсетеді. Топ сәтті қҧрылса, пациенттердің 
сенгіштік дәрежесі артады. 
Аналитикалық 
психотерапия 
(психоанализ)
фрейдизм 
мен 
неофрейдизмнің идеологиялық позицияларына негізделген. Әдіс мақсаты – 
аурудың негізінде жатқан жасырын, санадан тыс комплекстерді анықтау, 
және оларды науқас санасына жеткізу. Науқаспен ҧзақ уақыт әңгімелескенде 
оның қателесіп, аңдамай айтқан сӛздері мен жазған жазуларының, кӛрген 
тҥстерінің символикалық мағынасы ашылады. Кейбір жағдайларда науқас 
жағдайындағы жақсаруды (кейде кӛп жылдарға) науқас пен дәрігердің 
тікелей қарым-қатынасымен тҥсіндіруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет