~ 191 ~
тітіркенгіштік танытқан, артынан жиі ӛкінген. Осы кҥйі кҥшейіп бара жатқанын сезіп,
учаскілік дәрігерге қаралған, невроздар бӛлімшесіне емделуге жолданған.
Психикалық жағдайы: уақыт және орын бойынша бағытталған. Бас ауыруына,
ҧйқыға кетудің қиындығына, жиі оянатынына, беткей ҧйқыға, тахикардияға,
тершеңдікке, сирек вегетативті криздерге шағымданады. Ӛз жасынан ересек болып
кӛрінеді, бет әлпеті қажыған, байсалды. Ӛз кҥйзелістері жӛнінде ашық айтқысы келмейді.
Жҧмысын меңгере алмайтынына, басшылық оның іскерлігін қанағатсыз деп
бағалайтындығын айта береді. Бӛлімшеде басқалардан бӛлектеніп жҥреді, кӛп
ҧйықтайды, қарым-қатынасқа талпынбайды, ойға шомыған кҥйде жҥреді.
Бағытталған психотерапиямен комплексті ем жҥргізгеннен кейін науқастың жағдайы
жақсарды. Сергектік, еңбекке деген қабілеттіліктің пайда болғанын, қарым-қатынасқа
талпыныс пайда болғанын, ӛзін жақсы сезінетінін айтады. ӛз кҥйін және болған дертті
жағдайды дҧрыс
бағалайды.
Неврастенияның кҥрделі клиникалық кӛрінісінің хабаршы белгілері
ӛткінші астениялық реакциялар болып табылады. Кейінірек неврастенияның
ӛзі дамиды. Неврастенияның ҧзақтығы әртҥрлі және бірнеше айлардан
бірнеше жылға созылуы мҥмкін, ол психогенияның айқындылығы мен
әсер ету ҧзақтығына, тҧлға қҧрылымына, органикалық зақымның бар-
жоғына, қосалқы соматикалық ауруларға және т.б. кӛптеген факторларға
байланысты. Әдетте психожарақаттық жағдайларды жойғаннан кейін
немесе оған деген науқастың кӛзқарасын ӛзгерткенде және сәйкес ем
қолданғанда науқас айығады. Бірнеше жылға созылған невастенияны
тҧлғаның неврастениялық дамуы ретінде кваликациялауға болады.
Невротикалық даму
жиі психикалық жарақат созылмалы әсер еткенде,
тҧлға психотравмалық жағдайларға ӛзінің кӛзқарасын ӛзгертпегенде және
оған бейімделе алмағанда дамиды. Бҧл науқастарда невротикалық
симптоммен қатар аса ҥрейшілдікпен, шаршағыштықпен немесе
қарқынды
аффективті
реакцияларға
бейімділікпен,
демонстративтілікпен,
эмоциональды
тҧрақсыздықпен
мінез-қҧлық
бҧзылыстары байқалады. Бҧл пайда болған мінез-қҧлық бҧзылыстарына
науқас сыни кӛзқараспен қарайды және ол бҧзылыстар жеке жағдайларда,
психожарақаттық ситуацияда пайда болады (О. В. Кербиков ).
Осылайша, тҧлғаның невротикалық дамуы пайда болған бҧзылыстарға
сыни кӛзқарастың сақталуымен невротикалық және мінез-қҧлықтық
симптоматикалардың бірлестігімен кӛрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: