~ 202 ~
келген кезде, барлығы тынышталып қалатынын байқады. Келесі кҥні мектепке барудың
қажеті жоқ еді, ӛйткені каникулдар басталған болатын. Ӛзінің уайымдарын ҧмытамын деп
ойлады, бірақ таң атқан бойында әлсіздік сезінді «кӛкейі ренішке толы» болды. Ӛзін
кҥштеп тҧрғызып, кҥні бойы мазасызданып, бӛлме ішінде кезіп жҥрді . Ештеңемен
айналыса алмады. Тәбеті мҥлдем жойылды. Уақытын ӛткізу ҥшін ерте жатып қалды, бірақ
тҥнімен ҧйықтай алмады. Таңертең ӛзін нашар сезінетін болды. Кӛп мазасызданып,
шаршағанын біліп, тынышталу ҥшін дәрі- дәрмек қажет екенін тҥсінді. Медициналық
интстут бітірген кластасына барып, ақыл сҧрайды, ол психиатрға қаралуды ҧсынды.
Психикалық жағдайы: жҧмысында болған ерекше жағдай жӛнінде тҥпкілікті
әңгімеледі. Ол жерде оны дҧрыс қабылдамағанын айтады. Ӛзінің кӛптеген қасиеттері
(жоғары принципиальдылық, оқушылармен жҧмыс кезінде педагогиканың әдістемелік
принциптерін қатаң ҧстануы және т.б.) мектеп деректорына және кейбір мҧғалімдерге
ҧнамағанын тҥсіндіруге барынша тырысты. Мектептегі болған жайтты талықлай келе,
ӛзінің мҥмкін қателескендігін мойындайды («әмиян жоғалуына байланысты оқиғаны
жҥрегіме тым жақын қабылдадым»).
Стационарда транквлизаторлар, аз мӛлшерде нейролептиктер қабылдады,
психотерапиялық әңгімелер жҥргізілді. Жағдайы жақсарды. Дертті идеяларына сын
кӛзқарас пайда болды. Клиникадан шыққан соң, бҧрынғы жҧмысына қайта оралды.
Реактивті пароноидтарға
индуцкияланған пароноид
(сандырақ) та
жатады. Сандырақ сонымен қатар психогенді әсер нәтижесінде де тҥзіледі.
Сандырақтық идеялармен зардап шегетін науқас ӛзінің дертті идеяларын,
кӛзқарасын басқаларға жармастырады. Бҧл жағдай науқаспен тығыз қарым-
қатынастағы, оған бағынышты адамда дамиды.
Сандырақ идеялар мазмҧны жиі соңына тҥсу, даукестік және т.б.
сипатында болады.
Достарыңызбен бөлісу: