~ 214 ~
ұйықтамай, қатты қорқып, ақырында емтиханға бармаған. Анасының өтінішімен, осы
музыкалық мектептің ақырғы емтиханын тапсырды. Бірақ консерваторияға түсуге бас
тартты. Жиі өзінің толымсыздығы жөніндегі ойларға шомыған.
Үлкен қиындықпен техникалық институтқа түсті. Әр емтихан алдында көп
уайымдаған. Емтиханнан құлап қалмау үшін, таңертең оң аяғымен тұрып, институтқа тек
жұп санды транспортпен барған, тек бір киімді ғана киген.
20 жасында тұрмысқа шыққан. Екі жыл өткен соң ұл туған. 1-ші жылы баласы жиі
ауырған. Ауырғанына қатты мазасызданған. Үнемі емдеу мекемелеріне, мамандарға
көрсеткен. Балада ешқандай патологиялық өзгерістер болмаған, бірақ ол баласын ауыр
науқас деп есептеген. Физикалық жүктемелерден сақтандырған, дене тәрбиесінен
босаттырып алған және бір нәрсеге ұшырайды деп қатты мазасызданатын. Жұмысында
оған ұқыпты және жауапты қызметкер ретінде өте маңызды және нақтылықты қажет
ететін жұмыстарды беріп отырған. Соңғы жылдары әдеттегі жұмыстарын жасау қиынға
түскен: жұмысында кеш, ұзақ отыратын болған, өз есебін бірнеше рет қайта тексеретін
болған.
Осы жылдың май айында баласы әскерге кетіп, қоштасқан кезде қиналып
айырылысқан. Егер одан хат кешіксе, өзіне орын таппай, баласы бір нәрсеге ұшырап
қалды ма деп, туыстарына айтып мазасызданған. Әскери бөлімге 3 рет телефон соғып,
жағдайын сұраған. Соңғы жылдары науқастың еңбекке қабілеті төмендеген, ұйқысы
бұзылған. Үнемі баласы туралы ойлар қинайды. Осы шағымдарымен стационарға жатып
емделуге келді.
Соматикалық жағдайы
Достарыңызбен бөлісу: