Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет135/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

 
Клиникалық кӛрінісі
Психопатиялардың клиникалық кӛріністері келесі ерекшеліктерімен 
сипатталады. 
Осы 
дертке 
шалдыққандар 
тҧлғалық 
қордың 
дисгармониясымен ерекшеленеді, ол айқын болған жағдайда әлеуметтік 
адаптация бҧзылысы орын алады. Психопатиялық кӛріністер тотальды, яғни 
адам қызметінің барлық сферасында кӛрініс беріп отырады, және тҧрақты.
Психопатия кезінде ӛмірлік адаптация мҥмкіндігі екі жағдайға 
байланысты: тҧлға дисгормониясының айқындылық дәрежесіне және сыртқы 
факторларға. 
Психопатиялық тҧлға ӛзіне қолайлы жағдайда қанағаттанарлық 
дәрежеде адаптациялануы мҥмкін (компенсация жағдайы) және ӛзіне тән 
психопатологиялық кӛріністер, соның ішінде невротикалық кӛріністер айқын 
болғанда, қолайсыз жағдайларда (декомпенсация) дезадаптацияланады. 
Психопатия басқа аурулардан, соның ішінде психикалық аурулардан да 
ерекшеленеді. 
Психопатия 
тҧлғалық 
ерекшеліктермен, 
оның 
ҧстанымдарымен тығыз интеграцияланған, ал аурулар, психикалық 
ауруларды қосқанда науқас тҧлғасы ҥшін бӛтен болып табылады. 
Психопатия динамикасы ауру динамикасымен салыстырғанда ерекше. 


~ 206 ~ 
Психопатия кезінде ремиссия жоқ. Психопатияны емдеуде тҧлға 
корекциясына және тҧлғаның ӛзіне, қоршаған ортасына қатынасын қайта 
қҧруға маңызды орын беріледі. Психопатияның таралу дәрежесіне баға беру 
қиынға 
соғады. 
Психопатиямен 
науқастар 
дәрігер 
бақылауына 
декомпенсация жағдайында немесе қоғамдық заңды бҧзу жағдайларында 
тҥседі. 
Психопатияны оқып, зерттеу соттық психиатрия дамуына тығыз байланысты. 
Алғаш рет психопатияны басқа психикалық бҧзылыстардан бӛліп қарау отандық 
психиатрлар И.М. Балинский және О.М. Чечоттан басталды. Олар жҥргізген соттық-
психиатриялық сараптама негізінде қылмысты іс жасаған кезде кей адамдар жан 
ауруының белгілерін байқамағандығы анықталған. Олардың жағдайы психопатиялық деп 
анықталды (И.М. Балинский және О.М. Чечоттың 1884 жылы Семенованың ісі бойынша 
қорытынды сараптамасында осылай болған). Бірақ бҧл термин қазіргі қолданыстағы 
терминнен мазмҧны бойынша ажыратылады. И.М. Балинский жеке О.М. Чечотт жан 
бҧзылысының белгілері жоқ, бірақ дені сау деп те санауға келмейтін, тҧлғаның жалпы 
психикалық толымсыздығының кӛрсеткіші ретінде «психопатия» және «психопатиялық 
жағдай» терминдерін қолданды. И.М. Балинский мен О.М. Чечоттың соттық – 
психиатриялық қорытындысы бойынша кӛптеген келіспеушіліктер болды. Семенованың 
ісіне аса назар қойған сол кездегі газет пен журналдардың беттерінде 
‛‛Психопатия’’және‛‛Психикалық жағдай’’терминдері орын алды. Осы статьялардың 
бірінде Семеноваға ‛‛психопатка’’ деген атау берілді. 
1891-1893 жылдары психопатиялық жетіспеушілікпен тҧлғалар неміс психиатры 
Кохпен сипатталды. Э.Крепелиннің аурулар жҥйесінде психопатиялар оның тҥрлерінің 
кӛрсетілуімен арнайы топқа бӛлінді. Сонымен қатар олардың ерекшеліктері мен басқа 
аурулардан принципиальды айырмашылықтары келтірілді. Одан әрі психопатияның негізі 
мен жҥйесін бағалауда екі тенденция байқалды. Бір жағдайларда психопатия жеке 
психикалық аурулар мен психикалық саулық жағдайлары арасындағы аралық кҥйлер, ал 
басқа жағдайларда - тҧлғалық қасиеттердің ӛткірленуі ретінде қарастырылады. Аралық 
жағдайларда ауруға тән ҥдемелілік белгілері байқалмайды, және осымен қатар науқас 
тҧлғасын сипаттайтын айқын белгілері бар. Осыға сҥйене отырып психопатияның келесі 
варианттары ажыратылады: шизоидты, эпилептоидты, циклоидты. Психопатия 
анықтамасында жеке психикалық қасиеттердің шеткі кӛріністеріне бағытталу таза 
психологиялық жіктеудің пайда болуына және келесі «қоғам жауы», «интриганттар», 
«мифомандар» (ӛтірікшілер) сияқты варианттардың бӛлініп шығуына себеп болды. 
Психопатияны екі жақты позициямен қарау олардың пайда болуының себептерін сәтті 
зерттеуге септігін тигізбеді және олардың клиникасының бір жақты айқындалуына алып 
келді. 
Психопатияның болмысы мен клиникалық кӛрнісін зерттеуде белгілі 
кеңес психиатры П.Б.Ганнушкин ҥлкен еңбек жасады. Ол психопатияның 
негізгі критерияларын қалыптастырды, конституция типтері мен психопатия 
варианттарының ӛзара қатынасын қарастырды, психопатиялардың нақты 
клиникалық сипаттамасы берілді. Клиникалық суреттеуде ең алғаш осы 
аурудың психопатологиялық кӛріністерінің динамикасына кӛңіл аударды. 
Динамиканың 
фазалары 
мен 
сатылары 
бӛлінді. 
Психопатияның 
психопатологиялық кӛріністерінің кӛп тҥрлілігі, динамикасындағы, пайда 
болу жағдайларындағы айырмашылықтар психопатияларды, психопатиялық 
кҥйлерді қосымша бӛлуге негіз болды. Осылайша ядролық және шеткі 
психопатия пайда болды (О.В.Кербиков). Алғашқысы ерте балалық шақта 
дамиды, жиі айтарлықтай себептерсіз пайда болады, психикалық 


~ 207 ~ 
бҧзылыстардың айқын кӛрінуімен ерекшеленеді және науқастарды тҧрақты 
дезадаптацияға 
әкеледі. 
Шеткі 
психопатиялар, 
немесе 
тҧлғаның 
патологиялық дамуы қолайсыз факторлар (эмоциональды жарақаттаушы) 
әсеріне байланысты дамиды. Патогенді факторлар психопатияның 
психопатологиялық кӛріністерінің ерекшеліктеріне де, сонымен қатар 
айқындылық дәрежесіне де әсерін тигізеді. Соңғы кездері акцентуацияланған 
тҧлғалар тҥсінігі ажыратылды (К.Леонгард). Бҧл тҧлғалар психикасы сау 
адамдар мен психопатиялы тҧлғалар арасында аралық орын алады. Оларда 
тҧлғаның психопатиялық ақауы болмайды, бірақ ӛзінің ерекшеліктері 
жағынан дені сау адамдардан ажыратылады. Бҧл ерекшеліктер (акцент) ауру 
кӛрінісі ретінде қарастырылмайды, бірақ ӛзінің психикалық айрықша 
тҥрлілігі бар және қиын жағдайларда адаптация бҧзылысының, тҧлға аралық 
қатынастар бҧзылысының себебі болуы мҥмкін. Психопатияның жалпы 
психопатологиялық кӛріністері тҧлғаның дисгармониялық ерекшеліктеріне 
байланысты. Соңғысы осы бҧзылыстардың қҧрылымын анықтайды. 
Психопатияның 
тҥрлі 
формадағы 
клиникалық 
кӛріністерінің 
әрқилылығына қарамастан ортақ ерекшеліктерін атауға болады. Ереже 
бойынша психопатия кезінде галлюцинация тҥріндегі қабылдау бҧзылысы 
байқалмайды. Дегенмен аффективті кернеу жағдайында жеке иллюзиялық 
бҧзылыстар болуы мҥмкін. Және де сенестопатия формасында тҥйсік 
бҧзылысы бақылануы мҥмкін. Бҧл кейбір соматикалық ауруларда кездесетін 
сенестопатияға ҧқсас. Психопатия ОЖЖ-нің органикалық зақымдануымен 
байланысты ӛзге психикалық аурулар немесе шизофрения кезінде 
бақыланатын интеллектуальді патологиямен бірге жҥрмейді. Психопатиямен
науқастар ӛзіндік «Менді» бағалауда айрықша пікірмен ерекшеленеді. 
Ақпаратты біржақты таңдауға тенденция бар, яғни тҧлға ҧстанымдарына 
сәйкес және ол ҥшін ерекше эмоциональды мәнге ие ақпаратты қабылдау. 
Бҧл критерияларға қарсы немесе сәйкес келмейтін ақпараттар еленбейді және 
қабылданбайды. Осыған байланысты тҧлға аралық қатынастардың мәнін 
тҥсінуде және ӛзін бағалауда, әсіресе ӛз қызығушылықтарына тиіп кеткенде 
обьективтілік болмайды және қателіктер жіберіледі. Осы негізде 
психопатиямен 
науқастардың 
салыстырмалы 
интеллектуальді 
жеткіліксіздіктері жӛнінде айтылды. Психопатиямен науқастар ӛз қатесінен 
қажетті сабақ толық ала алмайды. Олар ӛздері ҥшін эмонациональды маңызы 
бар қҧбылыстар мен жағдайларды бағалауда толымсыздық кӛрсете отырып, 
психикалық дені сау адамдар тәрізді қабілеттер мен мҥмкіндіктерді игереді.
Психопатиялық тҧлғалардағы айқын бҧзылыстар эмоцианалды – 
еріктік сферада байқалады. Эмоциональды реакциялар кейбір науқастарда 
аса айқын, ашу-ыза ҧстамасымен және агрессивті әрекеттермен кӛрінеді, ал 
кейбіреулерінде - ӛзінің толымсыздығы сезімін кҥйзелумен, ҥреймен 
қорқынышпен 
кӛрінеді. 
Бҧл 
мінез-қҧлқындағы 
ерекшеліктерден 
айналадағылар немесе олардың ӛздері зардап шегетін адамдарды 
психопаттар деп атауға негіз болды. Бҧл аффективті кӛрністер қарапайым 
эмоцияға жатады, олар науқастың аффективті ӛмірінде ҥстемдік кӛрсетеді. 


~ 208 ~ 
Бҧл жағдай кейбір мамандарға психопатияның негізгі белгісі жоғарғы 
эмоцияның жетілмегендігі және оны олиготимия деп квалификациялауға жол 
берді. Психопатия кезіндегі ерік бҧзылысы оның жеткіліксіздігімен кӛрінеді, 
ал кейде аффективті стимулдармен, тҧлғаның жалпы реттеуші және 
адаптациялық механизмдерінің тӛмендеуімен анықталатын аффективті 
реакциялар мен жҥріс-тҧрысты басқарудың толық болмауымен кӛрінеді. 
Психопатияның кӛптеген симптоматикаларының ішінен психопатияның 
кейбір варианттарына тән психопатологиялық кӛріністерді, сонымен бірге 
неврозда кездесетін психикалық бҧзылыстарды кӛруге болады: бас ауыруы, 
шаршағыштық, ҧйқы бҧзылыстары және т.б. Невротикалық симптом әдетте 
декомпенсация жағдайымен бірге жҥреді және жағымсыз факторлардың 
әсерінен болады, және де динамика ерекшеліктеріне байланысты болуы 
мҥмкін. Тҧлғаның психопатиялық қасиеттері жиі науқасты конфликттерге 
әкеліп соқтырады, конфликт психогенді реакция шақырады, нәтижесінде 
психопатия ағымы ауырлайды («психопатиялық цикл», Кербиков О.В., 1963). 
Психопатиялық тҧлғаны декомпенсациялайтын факторларға соматикалық 
және инфекциялық аурулар, уланулар, эмоциональды стресстерді де 
жатқызуға болады. 
Психопатияны жеке клиникалық топқа бӛлгеннен бастап олардың
кӛріністерін жҥйеге келтіруге талпыныс ҥнемі жасалып келеді. 
Психоптиялардың әр кезеңде болжамды жіктеулері басты психикалық 
бҧзылыстарының жеке формаларын бӛлу арқылы клиникалық принципке 
негізделіп қҧрылды. Осы негізгі бҧзылыстардың сипатына қарай олардың 
формаларының атауы анықталды.
Сонымен қазіргі уақытта психопатияның келесі тҥрлері ажыратылады: 
қозғыш (возбудимая), параноидты, шизоидты, психастениялық, истерялық, 
аффективті және т. б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет