Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Реактивті психоздарың дифференциальды диагностикасы



Pdf көрінісі
бет133/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

 
Реактивті психоздарың дифференциальды диагностикасы 
 
Реактивті психоздардың дифференциальды диагнозы ҥлкен қиындық 
туындатпайды. Психикалық жарақаттан соң психикалық бҧзылыстардың 
пайда болуы, психопатологиялық кӛріністерінде психикалық жарақат 
мазмҧнының бейнеленуі жоғарыда кӛрсетілген формаларды ескере отырып 
реактивті кҥй диагнозын қоюға негіз болады. Психикалық жарақаттан соң 
басқа да психикалық аурулар басталу мҥмкіндігін ескеру керек, мысалы, 
шизофрения, маниакальді депрессивті психоз, кәрілік және кәрілік алды 
кезеңіндегі психоздар. Реактивті психозды осы аталған психикалық 
аурулардан ажыратқанда жоғарыда суреттелген ерекешеліктерді, осы екі топ 
психикалық ауруларының психикалық бҧзылыстары қҧрылымының және 
динамикасының ерекшеліктерін ескерген жӛн.
Психикалық жарақат ситуациясы бірқатар жағдайларда эндогенді 
аурулардың ҧстамасына әкелуі мҥмкін. Диагнозды дҧрыс қою ҥшін науқасты 
клинико –психопатологиялық тексеруден мҧқият ӛткізіп, психожарақаттық 
ситуация мен депрессияның клиникалық кӛрінісінің ауырлық кҥштерінің 
арақатынасын, оның қҧрылымы мен ҧзақтығын, сонымен қатар науқастың 
анамнездік ерекшеліктерін ескерген жӛн. Шизофрениялық дипрессияға ең 
алдымен науқастың эмоциональді бҧлыңғыр аффектісі және кҥйзелістерін 
ашық айтпауы, депрессияның ҧзақ ағымы және т.б. нҧсқайды. 
Реактивті психозбен науқастардың емі
Жедел шокты реакциялар ҧзаққа созылмайды. Психикалық жарақат 
жойылған соң олар жоғалады, мҧндай науқастар дәрігер бақылауына сирек 
тҥседі. Қимылдық қозуды тоқтату ҥшін фенотиазин қатарындағы 
препараттарды иньекция тҥрінде қолданады. Ступорозды науқастарға 


~ 204 ~ 
антидепрессанттар 
мен 
нейролептиктерді 
тағайындауға 
болады. 
Препараттардың 
осындай 
комбинациясын 
реактивті 
депрессиямен, 
галлюцинациямен науқастарға қолдануға болады. Реактивті параноидпен 
науқастарға нейролептиктер қолданады. 
Реактивті психоздар емі (әсіресе созылмалы ағымдағы) бҧл кҥйді 
басумен шектелмейді. Сонымен қатар жалпы әлдендіретін және 
реабилитациялық шаралар қолдану қажет. Бірақ барлық компонентерді 
кешенді бірлестіру керек, яғни психофармакологиялық, жалпы әлдендіретін 
және реабилитациялық шараларды ҥйлестіру керек. Осы шаралардың 
маңызды элементі психотерапия болып табылады. Психотерапияның 
маңызды міндеті - психожарақаттаушы ситуацияда шападан тыс 
фиксациялануды 
болдырмау, 
және 
келесі 
сатысы 
ретінде 

психожарақаттаушы ситуацияның салдарына науқастың адаптациялық 
механизмін кҥшейту. Ол жанҧялық ӛмірдегі, қызметтік қатынастардағы 
ӛзгерістер тҥрінде болуы мҥмкін. Қажет жағдайда дәрігердің міндетіне 
науқастың әлеуметтік мәселелерін шешуге тікелей қатысу да кіреді. Кӛп 
жағдайда болжамы жайлы және психожарақаттаушы ситуацияның жойылуы 
психикалық денсаулықтың қалыптасуына алып келеді. Қосымша экзогенді 
немесе негативті факторлар орын алған жағдайда болжам аздап жайсыздау 
болады. Бҧл жағдайда реактивті кҥйдің ағымы созылмалы сипат алуы 
мҥмкін. 
Реактивті психоз кҥйінен шыққан соң науқастар еңбекке қабілеттілігін 
сақтайды. Тек реактивті кҥй ҧзақ, созылмалы сипат алаған адамдар бҧл 
тізімге кірмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет