~ 198 ~
жеткілікті уақыт берілсе олар жҧмысты дҧрыс орындайды. Науқастарда
туыстарына деген жылы қатынасы сақталады.
Невроздарды невроз тәрізді жағдайлардан ажырата білу керек, олар
кӛптеген ауруларда, соның ішінде психоз кезінде де кездеседі. Соңғы аталған
жағдайларда невротикалық бҧзылыстардан бӛлек негізгі ауруға тән тҧлғалық
ӛзгерістер болады. Сондай-ақ, невроз тәрізді симптоматиканың ӛзіндік
бірқатар ерекшеліктері бар, олар сәйкес бӛлімдерде келтіріледі.
Емі
Невроздар емі кешенді болуы керек және ол тек жҥйкелік-психикалық
бҧзылыстарды және оның себептерін
жоюға бағытталып қоймай, сонымен
қатар науқастың жалпы жағдайын мығымдандыруға бағытталуы керек. Ең
алдымен эмоциональды кернеліс пен ҥрейді басу керек. Бҧл
транквилизаторлар кӛмегімен іске асырылады. Терең
невротикалық
бҧзылыстар кезінде кейбір нейролептиктерді де қолданады. Депрессивті
кӛріністер орын алғанда антидепрессанттар тағайындалады. Неврозбен
науқастарда ҥнемі ҧйқы бҧзылысы болады, ол
транквилизатормен қалпына
келтіріледі; егер транквилизаторлар кӛмектеспесе онда қосымша ҧйықтар
алдында ҧйықтататын дәрі беру қажет. Мҧндай жағдайда гипнотикалық
қасиеті бар дәрілер қолданылады, мысалы, радедорм, эуноктин, феназепан,
хлорпротиксен. Ҧйқыға кету (қиындағанда) уақыты ҧзарған
жағдайда
димедрол, пипольфен сияқты дәрілер жақсы әсер етеді, сондай-ақ
транквилизатордың жеңіл гипнотикалық әсері бар тҥрлері - элениум
рудотель және т.б. жақсы нәтиже береді. Физотерапиялық емдеу тәсілдері де
жақсы нәтиже береді: гидропроцедура, электроҧйқы, ионофорез.
Невроздарды
емдеуде
психотерапияға
ҥлкен
рӛль
беріледі.
Психотерапияның алдындағы міндет әртҥрлі, біріншіден, невротикалық
жағдайға әкелген жарақаттаушы ситуацияның науқас ҥшін актуальдылығын
басу керек. Бірінші міндетті ҧтымды орындағанда, келесі міндеттерді
шешуге, соның ішінде, стресстік жағдайларға адамның бейімделу дәрежесін
жоғарылату жолдарын қарастыру. Егер психогения кӛзі бҧрыс жанҧялық
қатынас болып табылса, онда дәрігер оны қалыптастыруға кӛмектесуі қажет.
Невроз кезіндегі психотерапия мен оның міндеттері психопатияларды
емдеу кезіндегі мақсат пен принциптерге ҧқсас (14 тарау қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: