Психикалық даму патологиясы
Кемақылдық
Психикалық дамудың артта қалуы
Психикалық дамудың бҧрмалануы
~ 168 ~
Статистикалық, ғылыми, ҧйымдастырулық және әлеуметтік зерттеулер
жҥргізу кезінде диагностикалық тәсілді унификациялау мақсатында
Дҥниежҥзілік денсаулық сақтау ҧйымымен халықаралық аурулар жіктеуі
жасалды (ХАЖ). Қазіргі уақытта 10-қайта қарау ХАЖ – 10 қолданыста,
мҧнда психикалық және жҥріс – тҧрыс бҧзылыстары 5 – ші (F) тарауда
кӛрсетілген.
Бҧл жіктеудің негізін қалаушылар бірінші кезекте тәжірбиелік
қолайлылыққа және нақты маман-дәрігердің тәжірибесі мен теориялық
кӛзқарастарына тәуелсіз нәтиженің ӛнімділігінің максимальды деңгейде
болуына бағытталды. Бҧл нақты анықтамасы жоқ, әр елде бірдей
қабылданбайтын тҥсініктерді қолданудан бас тартуға мәжбҥр етті.
Сондықтан «эндогенді», «экзогенді», «невроз» және «психоз» тәрізді
терминдер бҧл жіктеуде қолданылмайды. «Ауру» термині кең мағыналы
«бҧзылыс» деген терминмен ауыстырылды. Жіктеудің әлеуметтік және
тәжірбиелік бағыты психоактивті заттарды және алкагольді қолдануға
байланысты шақырылған бҧзылыстарды, олардың симптомдары ӛзге де
органикалық аурулардан айырмашылығы аз болғанымен де жеке топқа
бӛлуді талап етті.
ХАЖ – 10 нозологиялық жіктеу идеяларын жалпы алғанда жоққа
шығармайды: соның ішінде, қалыптасқан «шизофрения», «органикалық
бҧзылыстар», «стресске реакция» тәрізді нозологиялық бірліктер
қолданылады.
Бірақ
этиопатогенетикалық
принцип
айтарлықтай
келіспеушіліктер шақырмаған жағдайда ғана есепке алынады. Осылайша,
олигофрения диагностикасында органикалық ақау есепке алынбайды,
ӛйткені кӛп жағдайда оны анықтау қиынға соғады. Тек ХАЖ – 10-ң кейбір
тарауларында бҧзылыстар динамикасы (мысалы, шизофрения ағымының
типі) келтіріледі. Жиі диагноз негізгі симптом мен синдромға негізделе
отырып қойылады. Ӛйткені бір науқаста бірнеше психикалық сфера
бҧзылыстары болуы мҥмкін, сондықтан бір уақытта бірнеше шифр қолдану
мҥмкіндігі бар. Жіктеудің толық текстінде болуы мҥмкін және болмайтын
белгілер критериялары толық сипатталған, олар қарама-қайшылық
тудырмайды.
Жіктемеге енген әрбір диагноз латын әріптерінен тҧратын шифр
тҥрінде (психикалық бҧзылыстар тарауында ол «F» әрпімен белгіленген)
және бірнеше сандармен (4-ке дейін) белгілене алады. Осылайша, 10 000-ға
дейін психикалық бҧзылыстарды шифрлауға болады. Кейбір психиатрияда
жиі кездесетін диагноздар F класына енгізілмеген (мысалы, эпилепсия [G 40],
нейросифилис [A 52.1], интоксикациялар [T 36-T 65] )
ДДҦ ХАЖ – 10-ды теориялық жҥйе ретінде қарастырмайды, сондықтан
ХАЖ – 10-ң қайта ӛңдеуі белгілі бір психиатриялық мектептердің ғылыми
білімі мен дәстҥрінің даму дәрежесін кӛрсететін концептуальды жіктеудің
орнын алмастырмайды.
~ 169 ~
Тӛменде ХАЖ-10-ның негізгі тарауларының қысқаша тізімі келтіріледі.
Кейбір шифрлардағы жҧлдызша (*) сәйкес санмен алмастырылуы мҥмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |