Алкогольді галлюциноз Алкогольды галлюциноз – алкоголизммен науқастарда дамитын,
клиникалық кӛрінісінде шынайы вербальды галлюцинациялар басымдылық
кӛрсететін психоз; бҧл кезде науқас санасы формальды тҥрде анық.
Осы психозды зерттеп бастағаннан алғашқы он жылдықта бҧл психоз
жеке форма тҥрінде сирек кездесетін ауру ретінде қарастырылды. Соңғы
уақыт мәліметтері бойынша жедел алкогольді психоздар ішінде алкогольді
галлюциноз бен алкогольді параноидтың кездесу жиілігінің салыстырмалы
тҥрде ӛскендігі бақылануда.
Клиникалық кӛрінісі және дифференциальды диагностикасы Алкогольді галлюциноздың клиникалық кӛрінісі шынайы,
вербальды галлюцинациялармен сипатталады. Галлюцинациялар науқас ҥшін жағымсыз
сипатта болады: балағат, қауіп туғызу, жәбірлеу. Науқасты «алкоголик,
отбасын кҥйреткен маскҥнем» деп айтады. Бҧл кезде науқас санасы
айтарлықтай ӛзгермейді, науқас орын, уақыт, ӛзіндік тҧлғасы бойынша дҧрыс
бағдарланған.
Галлюцинаторлық бҧзылыстарға сын кӛзқарас болмайды. Кӛңіл-кҥйі
галлюцинация тематикасына сәйкес келеді, науқасты жиі ҥрей, кҥдік билейді,
кейде науқас жабырқау кҥйде болады. Науқастың жҥріс-тҧрысы
галлюцинация мазмҧнымен анықталады. Соңына тҥсу, қатынас сандырақтық
идеялары қосылуы мҥмкін.
Императивті галлюцинациялар науқастың ӛзі және айналасындағылары
ҥшін қауіпті, сондықтан да әлеуметтік қауіп те тудырады: науқас ӛзіне
бағытталған бҧйрықты дауыстар естиді (мысалы, біреуді ӛлтір, терезеден
секір) деген сияқты. Бҧл бҧйрықтарды науқас орындауы мҥмкін. Әрі қарай
вербальді
галлюцинацияларға
элементарлы
тҧрақсыз
кӛру
галлюцинациялары қосылуы мҥмкін.
Ағымына қарай алкогольді галлюциноз
жедел (2 кҥннен 4 аптаға
дейін) және
созылмалы болып бӛлінеді. Сонымен қатар, алкогольді
галлюциноздың аралық, жеделдеу ағым типі де болады.
Жедел алкогольді галлюциноз жиі кенеттен, ереже бойынша,
алкогольді ҧзақ уақыт шектен тыс қолдануды тоқтатқаннан кейін пайда
болады, тҧрақты ҧйқысыздықпен, астениямен жҥреді. Кӛңіл-кҥйі тӛмендейді,
кейде шамалы қимылдық қозу байқалады.
Алкогольді галлюциноздың пайда болуы мен дамуы тек алкогольдік
улануға байланысты емес. Алкогольді галлюциноз дамуы ҥшін ҧзақ уақыт
уланудан ӛзге, зат алмасу бҧзылысы, бас миының органикалық ӛзгерістері,
жарақаттар, конституциалды ерекшеліктер қажет.
Алкогольді галлюцинозды, әсіресе созылмалы тҥрін, алкоголизммен
асқынған шизофрениядан ажырата білу қажет. Соңғы жағдайға тҧлғаның
~ 246 ~
ӛзіне тән шизофрениялық ӛзгерістері, типті синдромдардың (соның ішінде
алкогольді галлюциноздың да) қҧрылымы мен алмасуы тән.