Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Токсикоманиялардың клиникалық кӛрінісі



Pdf көрінісі
бет168/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Токсикоманиялардың клиникалық кӛрінісі 
 
Токсикомания - наркотикалық заттар тізіміне кірмейтін заттарды немесе 
дәрілік препараттарды шектен тыс қолдану нәтижесінде туындайтын ауру. 
 
Токсикомания шақыратын заттардың ішінде 
психотропты препараттар 
(антидепрессанттар, транквилизаторлар, антипаркинсондық) ҥлкен орын 
алады. 
Транквилизаторларды
ҧзақ уақыт қабылдау нәтижесінде толеранттылық 
ӛседі, препаратты қолдануды тоқтатқанда абстененция қҧбылысы, қол 
треморы, тершеңдік, ҧйқысыздық, қорқыныш сезімі пайда болады. 
Экстрапирамидалық 
жҥйе 
зақымдануында 
қолданатын 
антипаркинсондық препараттар
эйфориялық, мастандырушы және 
галлюциногенді әсер тудырады. Бҧндай әсер препараттың терапиялық 
дозасын бірнеше ретке артық қолданғанда болады. 
Жедел уланудың 4 сатысын ажыратады: эйфория, ӛзгерген, жиі тарылған 
сана жағдайы, галлюцинаторлық және осы кҥйден шығу. Эйфория сатысы 
30-40 минутқа созылады, соңынан сылбырлық, тежелу дамиды, кейде 
«салмақсыздық» сезімі, дереализация, уақыт пен қоршаған ортаға 


~ 255 ~ 
байланысты бағдарлау бҧзылысы болады. Кейде науқастардың айтуынша 
«мультиктер» деп аталатын кӛру галлюцинациялары пайда болады. 
Токсикомандар кейде осы әсері ҥшін антипаркинсондық дәрілерді 
қолданады. Созылмалы улану жағдайында психоорганикалық синдром 
белгілері және психопатия тәрізді жҥріс-тҧрыс байқалады. 
Ұйықтататын дәрілерді шектен тыс
қолдандану да токсикомания 
шақырады (барбамил, нембутал, ноксироннан басқалары). 
Ҧйықтататын дәрілермен жедел улану жағдайы идеаторлы ҥрдістердің 
тежелуімен, әлсіздік кҥйімен есеңгіреудің жеңіл дәрежесімен кӛрінеді. Сӛзі 
дизартриялы, қозғалыс координациясы бҧзылған. 
Ҧйықтататын препараттарды кейде наркомандар наркотикалық 
заттармен бірлестіріп қолданылады. 
Созылмалы уланудың клиникалық кӛрінісі психоорганикалық синдром 
белгілерімен кӛрінеді: тітіркенгіштік, мнестико-интеллектуальды тӛмендеу, 
тежелу. 
Қазіргі кезде жасӛспірімдердің арасында кең тараған 
ұшқыш 
еріткіштерді
қолдану нәтижесіндегі токсикоманиялар болып тҧр. Ҧшқыш 
еріткіштермен тыныс алу (тҧрмыстық химиялық заттар) иллюзорлы және 
галлюциноторлы бҧзылыстармен бірге жҥретін эйфория жағдайына алып 
келеді. Улану тереңдеген сайын есеңгіреу жағдайы орын алады. Уланудан 
кейінгі кезең айқын астениямен және бас ауыруымен жҥреді. Ҧшқыш 
еріткіштерді қолдану психопатия тәрізді жҥріс-тҧрыспен органикалық 
синдромның жылдам тҥзілуіне, психикалық дамудың кҥрт артта қалуына 
алып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет