~ 252 ~
Наркомания тҥзілуінде шартты тҥрде 3 сатыны ажыратады.
Бастапқы саты, немесе адаптацияның І сатысы, ағза реактивтілігінің ӛзгеруі
және психикалық тәуелділік пайда болуымен сипатталады.
Екінші, немесе созылмалы сатыда физикалық тәуелділік толық қалыптасады.
Кеш,
немесе
ІІІ
сатысы
ағзаның
барлық
жҥйесінің
қажуы,
толеранттылықтың, жалпы реактивтіліктің тӛмендеуі, созылмалы ауыр
абстиненциямен сипатталады.
Наркоманияның әр формасында
абстиненцияның
клиникалық
кӛрінісінің
арнайы ерекшеліктері болады, осыған сҥйене отырып,
клиникалық дифференциальды диагностика жасауға болады. Бҧл, әдетте
ауыр психикалық және физикалық бҧзылыстар болып табылады.
Наркоманияның алғашқы сатысының ӛзінде тҧлға ӛзгеруі, олардың жҥріс-
тҧрыстарының асоциальдылығы, наркотикалық препараттың созылмалы
әсері нәтижесіндегі соматоневрологиялық асқынулар айқын кӛрініс береді.
Біздің елімізде негізінен кӛкнәр және жабайы ӛсетін сорадан қолда
дайындалған наркотикалық препараттар кездеседі. Наркотикалық заттарды
қабылдағанда бақыланатын психикалық және соматикалық бҧзылыстарға
апиындық наркомания мысал болып табылады.
Апиындық наркомания
Морфин - жансыздандыру кезінде қолданылатын опий дериваты.
Морфин, промедол немесе героин тері астына немесе кӛктамыр ішіне
енгізіледі, ал
опийді ішке, кӛк тамыр ішіне енгізеді немесе шегу арқылы
деммен тартады. Жансыздандырушы эффекті эйфориямен бірге жҥреді.
Науқастарда ойлау, сӛйлеу екпіні жылдамдайды. Арманшылдық, рахаттану,
қамсыздық сипатымен кӛңіл-кҥй кӛтерілуі бақыланады. Кейбір жағдайларда
қозғалыс ҥрдісі жылдамдайды. Алайда бҧл жағдай ӛнімді және мақсатты
әрекеттерден, нәтижеліліктен айрылған. Бірақ шектелген бағыттылықтағы -
наркотикалық заттың кезекті мӛлшерін қабылдауға бағытталған әрекеттер
сақталады. Бҧл препаратты ҥнемі қабылдау психикалық және физикалық
тәуелділік белгілерінің пайда болуына жылдам әкеледі. Наркотик қабылдауға
деген қажеттілік барлық басқа қызығушылықтардан басым тҥседі. Морфинге
толеранттылық қарқынды ӛседі, бірнеше
аптадан кейін-ақ науқастар
тәулігіне бастапқы мӛлшерден едәуір жоғары мӛлшерді пайдаланады .
Морфин немесе опийдің басқа дериваттарын созылмалы шектен тыс
қолданғанда науқастарда еңбекке, қоршаған ортаға деген қызығушылық
тӛмендейді немесе жоғалады. Қызығушылықтар шеңбері кҥрт тарылады.
Науқастар ӛзімшіл, дӛрекі болып кетеді. Мнестико-интеллектуальды
қҧлдырау ҥдейді.
Науқастардың жҥріс-тҧрысы асоциальды сипат алады. Олар
наркотиктің кезекті дозасына қол жеткізу ҥшін барлығына, кез-келген
әрекетке, криминальды істерге (кісі ӛлтіруге дейін) дайын.
~ 253 ~
Абстинентті синдром
бастапқыда жасаурағыштық,
әлсіздік, дене
қалтырауымен сипатталады. Кейін келе (15-20 сағ кейін) тремор,
қарашықтың кеңеюі пайда болады. Науқаста тҧмаурату, тҥшкіру, жӛтелу,
жас ағу, гипергидроз байқалады. Ішек перистальтикасы кҥшейеді. Апиынды
наркомания кезінде абстиненцияның психикалық кӛріністері ҥрей,
мазасыздық, генерализацияланған ауыру сезімі, ауыр ҧйқысыздықпен
сипатталады.
Кешірек (2-3 тәуліктен кейін) аталған бастапқы симптомдардың
кҥшеюі фонында шайнау кезінде бҧлшықеттегі ауыру сезімі, жҥрек соғысы
мен тыныстың жиілеуі, бҧлшық еттердің фибриллярлы дірілдері, қан
қысымының жоғарылауы байқалады. Субъективті тҥрде науқас бҥкіл
денесінде кҥшейіп келе жатқан сырқыраған ауру сезімін,
әсіресе буын, бел
және іштің тӛменгі аймақтарында сезінеді.
Бҧл симптомдар наркотик қабылдауды тоқтатқан соң 3 – 4 тәуіліктен
кейін ең жоғарғы айқындылық дәрежесіне жетеді, ӛзін ауыр сезінеді, тәбеті
жоғалады, қҧсу, профузды іш ӛтулер байқалады. 4 – 5-ші тәулікте айтылған
белгілер ақырындап қайта бастайды, бірақ келесі 1 – 2 айлар ішінде
буындарда ауыру сезімі және ҧйқысыздық кезеңмен пайда болуы мҥмкін.
Достарыңызбен бөлісу: