~ 256 ~
Емнің бірінші сатысында холинолитиктер, кураре тәрізді препараттар,
симптоматикалық
терапия,
белсенді
витаминотерапия,
массивті
дезинтоксикациялық терапиямен бірге инсулиннің аз дозасы қолданылады.
Соның ішінде психотерапияға аса кӛңіл бӛлінеді.
Барбитурлық токсикоманияда абстинентті синдром ӛте ауыр тҥрде ӛтеді.
Жиі ӛмірге қауіп тӛндіретін асқынулар туады (эпилепсиялық кҥйге дейін
жететін эпилептиформды ҧстамалар, сананың кҥрт кҥңгірттенуі). Сол себепті
барбитураттарды біртіндеп 7- 15 кҥн ішінде алып тастау керек. Кейде,
барбитураттардың мӛлшері ең жоғарғы тәуліктік мӛлшердің жартысынан
аспаған жағдайда 2-3 кҥн ішінде алып тастауға болады.
Апиындық - морфиндік абстиненцияны қайтару ӛте ауыр, сондықтан бҧл
жағдайда кураре тәрізді және холинолитикалық дәрілер бірлестіріп
тағайындалады. Ем жҥрек–қантамыр жҥйесі қызметін бақылауға алып, тӛсек
тәртібінде арнайы схемамен жҥргізеді.
Наркоманиямен және токсикоманиямен науқастардың бірқатары сенгіш
болып келеді, сол себепті тҧлғалық ерекшеліктерді ескере отырып
реаблитациялық әдістермен бірге психотерапия жҥргізу ҧсынылады. Мҧндай
науқастар наркотик қолданудан толық бас тартудың 5 жылы ӛткенше
диспансерлік есепте тҧрады және рецидивке қарсын ӛтулері керек.
Наркомания
профилактикасы
әлеуметтік және медициналық іс-
шаралардан тҧрады.
Біздің елімізде халқымыздың мәдени және ӛмірлік дәрежесі ҥнемі артып
келеді, санитарлық жағдай мен медициналық кӛмек деңгейі жақсаруда.
Елімізде наркотиктер ӛндірілуі, сақталуы және шығарылуы қатаң бақылауда.
Осының барлығы наркоманиямен кҥресудің ең тиімді жетістері болып
табылады.
Наркомания жӛнінде халықтың және дәрігерлердің білімін тереңдету,
наркомандарды ерте анықтап, уақтылы және белсенді диспансерлік ем
жҥргізу, сондай-ақ қатаң тҥрде наркотиктерді есепке алып, сақтау
наркоманияның алдын алудың сәттілігіне кепіл болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: