Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет171/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

 
 
 
 
 
18 тарау
БАС-МИ ЖАРАҚАТЫ ЖӘНЕ СӘУЛЕЛІК ЗАҚЫМДАНУЛАР 
КЕЗІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ БҦЗЫЛЫСТАР 
 
Бас-ми жарақатына тікелей байланысты психикалық бҧзылыстар сатылы 
тҥзіледі, психикалық синдромдардың полиморфизмімен және олардың 
регрессивті дамуымен (асқыну жағдайларын есепке алмағанда) сипатталады. 
Ӛмір қарқынының жылдамдауына байланысты бас-ми жарақаты 
проблемасы және онымен байланысты психикалық бҧзылыстар кҥннен-кҥнге 
актуальды сипат алуда. 
Бас-ми жарақаттарын жабық және ашық деп бӛлеміз. Ашық жарақат ми 
жарақаттарының 10 %-ын қҧрайды. 
Жабық жарақаттарға 
мидың шайқалуы (commotio cerebri) және мидың 
соғылуы (contusio cerebri) жатады. 
Бастың 
ашық жарақаттары
енген және енбеген болып бӛлінеді. Енген 
(ми затының бҧзылуымен) жарақаттар бас сҥйегінің жарақаттарында болады. 
Бас-ми жарақаттарының, соның ішінде психопатологиялық белгілерді 
ерте анықтаудың маңызы зор, және нақты диагностикаға, мақсатты, сәйкес 
ем жҥргізуге кӛмектеседі. Бас-ми жарақатынан кейін психикалық бҧзылыстар 
дамуының 4 сатысын: алғашқы, жедел, реконвалесценция және алыс салдар 
кезеңдерін ажыратады. 
Бас-ми 
жарақаты 
кезіндегі 
психикалық 
бҧзылыстардың 
клиникалық кӛрінісі 
Алғашқы кезең. 
Жарақат алғаннан кейін бірден науқас санасын 
жоғалтады (95% жағдайда), содан соң сана деңгейінің терең кома 
жағдайынан есеңгіреудің жеңіл дәрежесіне дейінгі тербелістері орын алады. 
Жедел кезең. 
Бҧл кезең сананың қалыпқа келуімен және жалпы милық 
бҧзылыстардың 
жоғалуымен 
сипатталады. 
Жедел 
кезеңнің 
типті 
синдромдары адинамиялық, вегатативтік, вестибулярлы бҧзылыстармен 
кӛрінетін астения болып табылады. Астенияның жеңіл тҥрлерінде науқас 
соматикалық сипаттағы шағым айтады, кӛңіл-кҥйі тӛмен, тітіркенгіш, 


~ 259 ~ 
ренжігіш,бос кӛңілді болып келеді. Жиі амнезиялар және ең алдымен 
ретроградты амнезия байқалады, бҧл кезде ес бҧзылысы жарақаттың 
ауырлығына байланысты жарақат алған сәтті ғана қамтып қоймай, оның 
алдындағы бірнеше кҥн, айлар, тіпті жылдардан тҧратын мерзімді қамтуы 
мҥмкін. Контузия кезінде неврологиялық бҧзылыстардың ішінен салдану
парез тҥріндегі қимылдық бҧзылыстар бақыланады, гипестезия және 
анестезия тҥріндегі сезімталдық ӛзгерістері байқалады, бас сҥйек негізінің 
сҥйектері сынған кезде бет нервісінің салдануы болады. 
Бас-ми жарақатының ауыр асқынуларына бассҥйекішілік қан қҧйылулар 
жатады, нәтижесінде жалпымилық және жергілікті симптомдармен ми 
компрессиясы орын алады. Бҧл кезде симптомдар динамикасының 
ерекшелігі бастапқы кезең симптомдары жойылғаннан кейін бірнеше кҥн 
ӛткен соң науқастың жағдайы қайтадан нашарлайды: белгілі бір аймақта 
локализацияланған бастың ҥдемелі кҥшті ауыруы пайда болады. Сана 
тежелуі және есеңгіреуі дамиды. Симптомдардың типті триадасы пайда 
болады: артериалдық және ликворлық гипертония, брадикардия. Кӛз тҥбінің 
іркілістік қҧбылыстары бақыланады. Джексоновский типіндегі тырысулық 
ҧстамалар, салданулар, парездер, афатикалық бҧзылыстар бақылануы 
мҥмкін. 
Жоғарыда суреттелген жағдайлар кезіндегідей психикалық бҧзылыстар, 
бас-ми жарақатының сҥйектер сынуымен асқынуларының нәтижесіндегі ми 
қантамырларының майлы эмболиясы салдары тҥрінде бассҥйек ішілік қан 
қҧйылулар кезінде де бақылануы мҥмкін. 
Жабық
бас-ми жарақатының жедел кезеңінің ҧзақтығы тәуліктерден 2 
айға және одан кӛп мерзімге созылады. Бҧл кезеңдегі психикалық 
бҧзылыстар бас-ми жарақатының ауырлық дәрежесіне (жеңіл, орташа, ауыр) 
байланысты жіктеледі. 
Жеңіл дәрежесінде
сана секундтарға (минуттарға) 
сӛнеді, сана сӛнуі болмауы да мҥмкін немесе обнубиляцияның жеңіл 
дәрежесі орын алуы мҥмкін.
Науқас тар жедел кезеңде шағым айтпайды немесе жеке-жеке 
жалпымилық симптомдарға нҧсқайды: бас ауыруы, бас айналуы, жҥрек 
айнуы. 
Бас-ми жарақатының орташа ауырлық дәрежесінде науқас санасы 
бірнеше минуттан бірнеше сағатқа жоғалады, артынан бір сағаттан 1-2 кҥнге 
дейін сана обнубиляциясы, одан әрі қарай антероретроградты амнезия орын 
алады. Жедел кезеңде бас ауруы, бас айналуынан басқа мнестико- 
интеллектуальды бҧзылыстармен және адинамия қҧбылыстарымен айқын 
астения болады. Бас-ми жарақатының ауыр дәрежесінде бірнеше тәулікке 
созылатын сопор немесе кома бақыланады. Ретро-антероградты және 
фиксациялық амнезия тән. Жедел кезеңде психоорганикалық синдром 
кӛріністері байқалады. 
Жедел кезеңде (жиі алғашқы кҥндерде немесе бір аптаның жартысында, 
сирек бір айдан кейін) сана қалпына келген соң жиі кҥңгірттену, делириозды 
немесе онейроидты тип бойынша сананың қарауытқан кҥңгірттенуі тҥрінде 


~ 260 ~ 
психоздар байқалады. Корсаков синдромы дамуы мҥмкін (ең алдымен 
фиксациялық және ретроградты амнезия, аз дәрежеде – антероградты 
амнезия және конфабуляциялар) Жарақаттан кейінгі кататония тҥрінде 
кӛрінетін апалликалық синдром суреттелген, бҧл кезде ми қыртысы 
қызметінің тоқтауы-декортикациямен байланысты психикалық және 
неврологиялық бҧзылыстар бірігіпкӛрініс береді. Сонымен қатар, 
акинетикалық мутизм бақыланады, бҧл кезде қимылдың болмауы сӛйлеудің 
тоқтауымен қосарланады. Сирек жағдайда аффективті (дисфорияға жақын 
кӛңіл - кҥйдің тӛмендеуі) және сандырақтық (сезімдік сандырақпен, 
вербальды галлюцинациялармен) психоздар байқалады. Ми контузиясы 
кезінде эпилептиформды ҧстамалар жиілей тҥсіп, эпилептикалық статустың 
пайда болуына әкеп соқтыруы мҥмкін. 
Жарылыс толқынымен жарақаттану 
– бас-ми жарақатының ерекше 
тҥрі - ми шайқалуы және соғылуы, ми қанайналысының бҧзылысымен 
жҥреді. Бҧл кезде сана жарылысты дыбыстық қабылдауға дейін кенеттен 
жоғалады. Сӛнген сана кезеңі - бірнеше минуттан 5-6 сағатқа дейін 
созылады; сырттай бҧл кезде науқас ӛлген адамға ҧқсайды. Бҧл науқастардың 
жҥріс-тҧрысы жарақаттанғандар жҥріс-тҧрысынан кҥрт ерекше. Жарылыс 
толқынымен жарақаттанғаннан кейін науқастар сылбыр, аз қозғалады, 
ажыраған. Сурдамутизм қҧбылыстары байқалады. 
Ашық
бас-ми жарақаттары кезінде бастапқы және жедел кезең 
симптоматикалары жабық бас-ми жарақаты кезіндегі белгілерден 
ерекшеленбейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет