Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет173/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

жарақаттық психоздар
бақылануы мҥмкін, олар әдетте 
қайталамалы бас-ми жарақаты, улану, инфекция, психикалық жарақаттарға 
байланысты туындайды. Аффективті және галлюцинарторлы-сандырақтық 
психоздарды ажыратады. 
Аффективті
психоздар 
кезеңдік және бір реттік (сирек) депрессия 
немесе мания жағдайларымен кӛрінеді, бас- ми жарақатының жеңіл және 
ауыр дәрежесінің нәтижесі болып табылады. Депрессивті синдром кӛңіл-
кҥйдің тӛмендеуімен, ипохондриялық және дисфориялық симптомдармен
жҥретін жабырқаулықпен кӛрінеді. Мания жағдайында кӛңіл-кҥйдің 
кӛтерілуі эксплозивтілікпен, аффективті кҥйлермен, даукестік жҥріс-
тҧрыспен бірге жҥреді. Айқын емес психоорганикалық синдром белгілері 
байқалады. Алғашқы ҧстамалар кезінде сананың кҥңгірттенуі болады. 
Аффективті психоздар бас-ми жарақатынан кейін, әртҥрлі мерзімнен 
кейін, жиі 10-20 жылдан соң дамиды. 
Психоздар әдетте кенеттен экзогениядан кейін (бастың жеңіл жарақаты, 
жеңіл инфекциялар және т.б.) пайда болады. Симптоматикасы жедел дамиды. 
Психикалық бҧзылыстар диэнцефальды бҧзылыстармен бірге жҥреді. Психоз 
3-4 айға созылады, ҧстама ағымы регредиентті тҥрде ӛтеді. 
Бас-ми жарақатының ауыр және орташа дәрежесінде 
галлюцинарторлы- 
сандырақтық психоздар
байқалады. Психоз дебютінде сананың қарауытқан 
кҥңгірттенуі немесе вербальды галлюциноз синдромымен делириозды тип 
бойынша сана кҥңгірттенуі болады. Әрі қарай клиникасында аффективті- 
сандырақтық бҧзылыстар басым болады. Сандырақ әрқашан кҥйзелістердің 
нақтылығымен кӛрінеді. Жарақаттық психоздар сандырақтық қызғанышпен 
(аса бағалы), даукестік тенденцияларымен кӛрінеді. Астения әлсіз дәрежеде 
кӛрінеді. 
Жарақаттық ақылкемдігі
бас-ми жарақатының алыс салдарының 
салыстырмалы тҥрде сирек кездесетін кӛрінісі, жиі бастың ашық жарақаты 
және бассҥйек негізінің сынуымен мидың ауыр контузиясы нәтижесінде 
дамиды. Ақылкемдігі дисмнестикалық тип бойынша дамиды. Клиникалық 
кӛрінісінде сылбырлық, аспонтандылық, жігерсіздік немесе тітіркену 
ҧсатамаларымен ҥзіліп тҧратын эйфория болады.
Қарт адамдарда бас-ми жарақаты ішінен ми шайқалуы басым кездеседі. 
Бҧл жағдайда жеңіл жарақаттардың ӛзінде әрқашан сана жоғалуы кӛрініс 
береді. Жедел кезеңінде жиі бас айналу байқалады. Жарақаттан кейін ес 
бҧзылыстары айқын кӛрініс береді. 


~ 262 ~ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет