Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет164/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Алкогольді 
жалғансалдану
.
 
Бҧл 
созылмалы 
алкогольді 
энцефалопатияның салыстырмалы тҥрде сирек кездесетін ауыр формасы. 
Оның клиникалық кӛрінісі ҥдемелі салдануға ҧқсас болып келеді. Бҧл 
аурудың даму негізінде де В тобы витаминдарінің жетіспеушілігі жатыр.
Мҧндай 
аурулардың 
психикалық 
жағдайында 
зейін 
концентрациясының бҧзылуы, қажу, айқын фиксациялық гипомнезия
конфабуляция кӛрініс береді. Сонымен қатар, фрагментті ҧлылық 
сандырақтық идеялары бақылануы мҥмкін.
Неврологиялық бҧзылыстар 
әрқашан бақыланады: дизартрия
патологиялық рефлекстер, аяқ-қол салдануы. Бҧл бҧзылыстар ӛте тҧрақты, 
сондықтан емделуі қиынға тҥседі. 
Гайе-Вернике энцефалопатиясы.
Бҧл созылмалы алкогольді 
энцефалопатияның аса сирек кездесетін формасы. Бҧл аурудың жедел 
формасы алкогольді делирийдің ауыр формасына ҧқсас. Емі ауыр алкогольді 
делирий кезіндегімен бірдей.
Гайе-Вернике энцефалопатиясының жеделдеу және созылмалы тҥрінде 
шатасумен сана ӛзгерісі, сӛз-қимылдық қозу, абортивті делириоздық 
қҧбылыстар, эпилептиформды ҧстамалар, корсаков типі бойынша ес ӛзгерісі 


~ 249 ~ 
және 
неврологиялық 
бҧзылыстар: 
атаксия, 
экстрапирамидалық 
симпотоматика, кӛз қозғалтқыш фукция бҧзылысы бақыланады. 
 
17 Тарау. 
ӚЗГЕ ИНТОКСИКАЦИЯЛАР КЕЗІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ 
БҦЗЫЛЫСТАР 
 
Ағзаға сырттан токсикалық заттардың әсері нәтижесінде пайда болатын 
психикалық бҧзылыстар, негізінен экзогенді реакция типімен кӛрініс береді. 
Улану кезінде психикалық бҧзылыстардың пайда болуы мен кӛрінісі 
токсикалық заттың мӛлшеріне, оның ағзаға, ең бастысы ОЖЖ-не әсер ету 
ҧзақтығына байланысты. Бҧл кезде тҧлғалық ерекшеліктер мен қосымша 
патогенді факторлар (психикалық және физикалық жарақат, денсаулықты 
әлсірететін басқа да жағдайлар) маңызды рӛл ойнайды. 
Интоксикациялық әсердің 2 типін ажыратады: жедел және созылмалы. 
Реакцияның экзогенді типі жиі жедел улану ҥрдісімен бірге жҥреді. 
Психоактивті заттар ағзаға созылмалы әсер еткенде (орталық жҥйке 
жҥйесінде жиналады) наркомания немесе токсикомания тҥзілуі мҥмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет