Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет193/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

V
 Тармақ 
ЭНДОГЕНДI 
ЖӘНЕ 
ЭНДОГЕНДI–ОРГАНИКАЛЫҚ 
ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЛАР
Бҧл топқа бізде бар мәліметтер психика бҧзылысына алып келетін 
ағзадағы iшкi ҥрдістер патологиясын дәлелдеп тҧрғанымен себебі әлі кҥнге 
дейін анықталмаған аурулар жатады. Бҧл аурулар клиникалық кӛрiнiсi 
жағынан бiртекті. Олардың әрқайсысына тән клиникалық кӛріністерi болады. 
Сонымен қатар эндогендi аурулар осы аурулармен тҧқым қуалау бейiмділігі 
бар адамдарда жиi кездеседi. Эндогендi аурулардың пайда болу қаупінің 


~ 286 ~ 
туыстық дәрежесіне байланыстылығы да анықталған. Эндогендi – 
органикалық 
аурулардың 
тҧкымқуалаушылыққа 
бейімділігі 
толық 
анықталмаған. Бҧл аурулар кәрiлiк және кәрілік алды кезеңде жиi кездеседi. 
 
24 Тарау

ШИЗОФРЕНИЯ 
 
Шизофрения
– этиологиясы анықталмаған, созылмалы ағымға бейiм, 
науқас тҧлғасының типті ӛзгерiстерiмен және әлеуметтік адаптация және 
еңбекке қабiлеттіліктің тҧрақты бҧзылыстарына алып келетін әртҥрлі 
айқындылық дәрежесіндегі ӛзге психикалық бҧзылыстармен кӛрінетін 
психикалық ауру. 
Бҧл ауру кезінде науқастар тҧйықталады, әлеуметтік қатынастарын 
жоғалтады, эмоциональды реакциялардың кедейленуі бақыланады. Сонымен 
қатар тҥйсік, қабылдау, ойлау, қозғалыстық-еріктік сфераның әртҥрлi 
дәрежедегі бҧзылыстары анықталады. 
Жалпы клиникалық сипаттамасы
Шизофрения жеке ауру ретiнде алғаш немiс психиатры Э.Крепелинмен 
бӛлiніп қарастырылды. Ол гебефрения (Е.Геккер), кататония (К.Кальбаум) 
және параноидтар (В.Маньян) диагнозы қойылған науқастар тобын алып, 
катамнездерін бақылағанда, оларда алыс кезеңде ӛзiне тән ақыл кемдігі 
дамығанын байқаған. Осыған байланысты Э.Крапелин осы ҥш топ ауруларды 
бiрiктiрiп, оларды ерте ақыл кемдігі деген атаумен атады (dementia praecox). 
Жеке ауру ретінде қарастыра отырып, бҧл дерттің жазылу мҥмкіндігін ол 
жоққа шығармады. Мҧндай жiктеу принципiндегi танымал қайшылық ӛзiне 
назар аудартты және сын кӛзбен бағаланды. 
Кейiнiрек швейцария психиатры Е.Блейлер (1911ж) бҧл ауруға жаңа атау 
«шизофрения» (грекше шизо – ыдырау, френ - жан) терминiн ҧсынды. 
Е.Блейлер бҧл ауруға ӛзіне тән ақыл кемдігі жағдайымен аяқталу емес, 
тҧлғаның психикалық ҥрдістерінің ерекше диссоциациясы, оның дертті ҥрдіс 
нәтижесіндегі арнайы ӛзгерісі тән деп есептеді. Ол бҧл дерттің біріншілік 
және екіншілік белгілерін ажыратты. Бiрiншiлікке ол науқастың әлеуметтік 
контактын жоғалтуын (аутизм), эмоциональдылықтың кедейленуін, 
психиканың ыдырауын (ойлаудың ерекше бҧзылыстары, әртҥрлі психикалық 
кӛріністер арасындағы диссоциация және т.б.) жатқызды. Осы психикалық 
бҧзылыстардың барлығы тҧлғаның шизофрениялық тип бойынша ӛзгеруі 
ретінде қарастырылды. Бҧл ӛзгерістерге шизофрения диагностикасында 
шешуші мән беріледі.
Е.Блейлермен екiншi реттiк деп танылған басқа психикалық бҧзылыстар 
сенестопатиялармен, иллюзиялармен, галлюцинациялармен, сандырақтық 
идеялармен, кататониялық және т.б. бҧзылыстармен кӛрінеді. Бҧл 
бҧзылыстарды ол шизофрения диагностикасында мiндеттi деп санаған жоқ


~ 287 ~ 
себебi олар басқа ауруларда да кездеседi, дегенмен олардың кейбiрi 
шизофренияға аса тән болып келеді. 
Шизофренияның жеке формалары анықталып, суреттелді. Оның ҥш 
классикалық: гебефрениялық, кататониялық және параноидты формаларына 
тӛртiншi – қарапайым формасы қосылды. Кейiнiрек басқа да формалары 
суреттелді: ипохондриялық, кезеңдік және т.б. Формаларды жетекшi синдром 
негiзiнде бӛлiндi. Бiрақ, клиникалық бақылаулардың кӛрсетуi бойынша 
шизофренияның 
әртҥрлi 
формаларында 
тән 
психопатологиялық 
симптоматика ӛзiнiң тҧрақтылығымен ерекшеленбедi. Бастапқы кезде 
қарапайым формада ӛткен ауру, кейін келе параноидты және басқа 
формалардың психопатологиялық белгiлерімен кӛрініс беруі мҥмкін болды. 
Шизофренияның психопатологиялық кӛрiністері кӛп тҥрлiлiгiмен 
ерекшеленедi. Ӛздерiнiң ерекшелiктерiне байланысты олар негативтi және 
продуктивтi болып бӛлiнедi. Н е г а т и в т i функциялардың тҥсіп қалуы 
немесе бҧрмалануын білдіреді, п р о д у к т и в т i – ерекше 
психопатологиялық симптоматиканың пайда болуымен: галлюцинация, 
сандырақ, аффективті кҥйзеліс және т.б. сипатталады. Науқастың 
психикалық жағдайында олардың арақатынасы және айқындылық дәрежесі 
аурудың ҥдемелілігі мен формасына тәуелдi. 
Шизофренияға, атап кеткендей, науқас тҧлғасының ӛзгерiсiмен 
сипатталатын ерекше бҧзылыстар тән. Бҧл ӛзгерістердiң айқын кӛрінуі ауру 
ҥрдісінің қатерлiлігін кӛрсетедi. Бҧл ӛзгерістер науқас тҧлғасының барлық 
психикалық қасиеттерiне қатысты. Дегенмен интеллектуальды және 
эмоциональды бҧзылыстар аса тән болып келеді. 
И н т е л л е к т у а л ь д ы бҧзылыстар ойлау бҧзылысының әртҥрлi 
вариантымен кӛрiнедi: науқастар бағынбайтын ой ағынына, кідірісіне, 
параллелизміне және т.б. шағымдар айтады. Оларға кiтаптан оқыған тексттiң 
мазмҧнын тҥсiну қиын және т.с.с. Жеке сӛйлемдерден, сӛздерден ерекше 
мағына тҥйсіну, жаңа сӛздер ойлап табуға (неологизмдер) тенденция 
бақыланады. Ойлау жиі қалқымалы болып келеді, сӛздерінде логикалық 
байланссыз бiр тақырыптан бiр тақырыпқа ауысу байқалады. Дертті 
ӛзгерістер тереңге кеткен науқастардың сӛздеріндегі логикалық ретсіздік сӛз 
ҥзілісі (шизофазия) сипатын алады. 
Э м о ц и о н а л ь д ы б ҧ з ы л ы с т а р моральды-этикалық қасиеттердi, 
ҥйірлік және жақындарына деген аяныш, тҥсіністік сезімін жоғалтудан 
басталады, ал кейде бҧл жеккӛру және ызалылық сезімімен бірге жҥредi. 
Сҥйiктi ісіне қызығушылық тӛмендеп, уақыт ӛте келе тiптi жоғалады. 
Науқастар ҧқыпсыз, қарапайым жеке бас гигиенасын сақтамайды. Аурудың 
елеулi белгiсi олардың жҥріс-тҧрыстарының ерекшеліктері де болып 
табылады. Оның ерте белгiлерi науқастың тҧйықталуы, туыстарынан 
алшақтау, қылықтарындағы оғаштықтар: бҧрын науқас тҧлғасына тән 
болмаған ерекше iс-әрекеттер, жҥріс-тҧрыс мәнері байқалады және осы 
әрекеттерін ешқандай жағдаймен байланыстыруға келмейді. 


~ 288 ~ 
Сонымен қатар шизофренияға ӛзiндiк 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет