Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет195/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Үзiлiссiз ағымды шизофрения
 
Ҥзiлiссiз ағым шеңберінде ҥрдістің қатерлiлiк дәрежесiмен анықталатын 
аурудың жеке формалары анықталды: қатерлi (ядролық), орташаҥдемелі 
(параноидты), баяу ағымды немесе азҥдемелі (невроз тәрiздi және 
психопатия тәрiздi). Шизофренияның аталған формаларының әрқайсысына 
белгілі бір психопатологиялық кӛріністер тән. 
Қатерлi (ядролы) шизофрения.
Жеткiншек жаста пайда болады, 
қатерлi ағыммен сипатталады. Аурудың алғашқы белгiлерiнiң пайда 
болуынан оның тҥпкілікті дамуына дейiн 2-3 жыл ӛтедi. Бҧл науқастарда 
бірінші кезекте негативтi бҧзылыстар пайда болады, одан кейiн ғана 
позитивтi бҧзылыстар қосылады. Позитивтi ӛзгерістер психопатологиялық 


~ 291 ~ 
синдромдардың полиморфизмiмен ерекшеленеді. Ядролы шизофренияның 
болжамын нашарлататын факторларға оның терапияға аса резистенттiлiгi де 
жатады. 
Аурудың басталуы бҧрмаланған пубертатты кризді еске тҥсіреді және 
екi варианттан тҧрады: энергетикалық потенциалдың тӛмендеуі және 
эмоциональды дефициттің пайда болуы. Энергетикалық потенциалдың 
тӛмендеуі ең алдымен ҥлгерім нашарлауымен, сабақта ӛнімділіктің 
тӛмендеуімен, кейде ҥй тапсырмаларына жҧмсалатын уақыттың ҧзаруымен 
кӛрінеді. Мҧндай науқастар кейін келе кластар қалдырады, оқи 
алмағандықтан мектепті тастап кетеді. Энергетикалық потенциал тӛмендеуі 
жиі метафизикалық интоксикация жағдайымен бірге жҥреді: науқастар 
глобальдi философияны, ғылыми пробремаларды (тҧрмыс мәні, тіршіліктің 
шығу тегі және т.б.) зерттеумен айналысады, бірақ бҧл еңбектері олардың 
арнайы білімінің болмауына және науқастар ӛнімділігінің кҥрт тӛмендеуіне 
байланысты ешқашан нәтиже бермейді, науқастар бҧл зерттеулерге кӛп 
уақыттарын жҧмсайды. 
Эмоциональды дефициттің дамуы ең алдымен ата-анасына деген 
қатынастың 
бҧзылуымен, 
жиi 
тiтiркенгіштік 
пен 
агрессивтiлікке 
бейімділікпен эмоциональды салқындық пайда болуымен кӛрінеді. Кейіннен 
науқастарда ӛз тҧлғасына немқҧрайдылық пайда болады: олар кҥтінбейді, 
жуынбайды, ештеңе iстемейдi және т.б.
Осы суреттелген жағдайлар соңғы апатико-абулиялық - жағдайда ӛтуi 
мҥмкін, бҧл кезде басқа психотикалық бҧзылыстар редукцияланған кҥйде 
болуы мҥмкін. Клиникалық кӛрінісiнде интеллектуальды белсенділіктің 
қҧлдырауы, эмоциональды жетiспеушiлiк, энергетикалық потенциалдың 
тӛмендеуі және т.б., яғни негативті бҧзылыстардың басым болуы ядролық 
шизофренияның 
қарапайым вариантына
тән. 
Науқас 20 жаста.
Психикалық аурулармен тҧқымқуалау ауырлығы жоқ. Анасының 
жҥктiлiгi мен босануы асқынусыз ӛткен. Жҥруi және сӛйлеуi уақытымен дамыған. Мiнезi 
сабырлы, аз сӛйлейтін, жалғыз ойнағанды ҧнатқан. Мектепке дейiнгi жас кезеңіндегі 
аурулары: салқын тию, қызылша, қызамық, 2 жыл деңгейінде (5 жастан 7 жасқа дейiн) 
қараңғыдан қорқыныш байқалған. Қараңғыдан неге қорқатынын бiлмейдi. 1 классқа 
барғанда қараңғыдан қорқыныш жоғалған.
Мектепке 7 жастан барған. Орташа оқыған. Ҥйге берген тапсырманы жолдастарынан 
кӛшiрiп алатын болған. Мiнез-қҧлқы сабырлы кҥйінде қалған. Бiр кҥнi ата-анасына 
басының ішінен бiр дауыстар еститiндiгiн айтқан. Психиатриялық ауруханаға 
жатқызылған. Ауруханада стереотипті қозғалыстар, гримасалар, шайнау және мойын 
бҧлшық еттерiнiң тонусының жоғарылағаны байқалған. Кейде бiрнеше сағат бойы бiр 
позада тҧрып қалған, кейде кҥрт қозу жағдайына ауысқан, агрессивтi, ӛз киiмдерiн 
жыртып, науқастарға және персоналдарға шабуыл жасаған. Ӛзiн кҥтінбейді, жуынбайды. 
Тәбетi ӛте жоғары, басқа аурулардың тамағын тартып жейдi. 1981 жылы П.П.Кащенко 
атындағы ауруханаға ауыстырылды. Сол кезден бері жағдайы ӛзгеріссiз қалды: ешкiммен 
қатынасқа тҥспейді, кӛп уақытын тӛсекте ӛткізеді, ән айтады, ерiксiз кҥле бередi, 
былдырлайды. Кейде қабағын тҥйіп, бір нәрсені тыңдағандай болады, бірде қозғыш, 
дәлізде жҥгіріп, бір жаққа талпынады, науқастарға агрессия танытады. Тәбеті жоғары, кез-
келген нәрсені аузына салады: конфеттерді орамасымен жейді, бірнеше рет целлофанды 


~ 292 ~ 
пакетті жҧтуға тырысқан. Ауруханада науқас нейролептиктердiң массивтi дозасын алды, 
бiрақ жағдайы жақсарған жоқ. 
Ядролық шизофренияның қарапайым тҥрінен басқа гебефрениялық, 
параноидты, кататониялық варианттары бар. 
Ядролық шизофренияның 
гебефрениялық вариантының
дамуы 
энергетикалық потенциалдың тӛмендеуі немесе эмоциональды дефициттің 
пайда болуынан басталады. Ары қарай аталған ӛзгерістер фонында 
сандырақтық 
галлюцинаторлы 
кҥйзелістермен, 
жҥріс-тҧрыс 
бҧзылыстарымен, 
полиморфизммен 
және 
симптоматиканың 
қарапайымдылығымен сипатталатын жедел психотикалық кҥй дамиды. Одан 
кейiн ол рудиментарлы кататониялық, сандырақтық және галлюцинаторлы 
қҧбылыстармен соңғы жағдайға ауысады. Кататониялық симптом жиі 
алаңғасар жҥріс-тҧрыспен кӛрініс береді. 
Ядролық шизофренияның 
параноидты вариантының
динамикасы 
кҥрделiрек. Ол жоғарыда аталып ӛткен негативтi қҧбылыстардан басталады, 
бірақ жедел психотикалық жағдайға дейiн ауруларда энергетикалық 
потенциалдың тӛмендеуі немесе эмоциональды жетiспеушiлiк фонында 
невроз тәрiздi, паранойяльді, психопатия тәрiздi симптомдар дамиды. Невроз 
тәрiздi симптоматика обсессия тҥрінде, паранойяльдi симптоматика тӛмен 
жҥйеліліктегі интерпретативті сандырақпен кӛрінеді. Психопатия тәрiздi 
бҧзылыстар қозу, дӛрекiлік тҥрiнде, айналадағылармен сыйыса алмаумен, 
ӛтiрiкшілдікпен, алкоголизацияға, наркотикалық заттарды қолдануға 
бейімділікпен кӛрінеді.
Бҧл 
топ 
науқастарында 
кейін 
келе 
тҧрақсыз 
ктатониялық 
симптоматикамен параноидты синдром – Кандинский-Клерамбо синдромы 
пайда болады. Осылайша кататония элементтерімен жҥретін сӛйлеу 
ҥзілісімен (шизофазия) сипатталатын соңғы кҥй дамиды. 
Кататониялық вариантының 
басталуы аталған варианттардағыдай 
болып келеді. Жедел психотикалық жағдай ступор және субступор 
деңгейiндегі люцидтi кататониямен кӛрінеді (жеке сандырақтық және 
галлюцинаторлы кӛріністер де орын алуы мҥмкін). Соңғы жағдай субступор 
деңгейiндегі рудиментарлы кататониялық симптоматикамен сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет