Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет50/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Макроскопиялық зерттеу.
Макроскопиялық зерттеулерде мидың 
кӛзге кӛрінетін дӛрекі ӛзгерістерін байқауға болады. Ең алдымен ми 
қабықтарының зақымдалуына назар аудару керек. Соның ішінде ми 
қабығының қалыңдауына, мидың қатты қабығының бассҥйегінің ішкі 
бетімен бітесуіне, жҧмсақ затымен жанасуына, іріңді қабыну процесіне жаңа 
және кеш болған қан қҧюлуларға назар аударған жӛн. Ми негізінде 
субарахноидальды қуыстарда кисталар церебральды атеросклерозда 
склерозданған ірі қан тамырлары кездеседі. Ми қабықтары мен 
қарыншаларында жҧлын сҧйықтығының мӛлшері кӛбеюі мҥмкін. Мидың 


~ 94 ~ 
созылмалы су шемені (гидроцефалия) ми затының атрофиясына әкеледі
бҥйір қарыншалар жалпы бір қуысқа бірігеді, ал ми жҧқа қабырға тәрізді 
борпылдаққа айналады. Мидың жаңа тҥзілістерінде жҧлын сҧйықтығының 
мӛлшері азаяды. Ҥдемелі салдануда, кейде кәрілік ақыл кемдігінде IV 
қарыншаның тҥбінде дән тәрізді эпендимитті кӛруге болады. 
Миды қарап тексергенде, оның кӛлемінің ӛзгеруін байқауға болады: 
ҥлкеюі (мегалоэнцефалия), кішіреюі (микроцефалия). Микроцефалияда ер 
адам миының салмағы 1100 гр, ал әйел адамда – 1000 гр. Олигофренияның 
ауыр жағдайында ми даму кезеңінде тежелу болған сатыны бейнелейді. Ми 
дамуы бҧзылысында иірімдердің болмауы - агирия байқалады, олар ӛте ҧсақ, 
кӛп мӛлшерде– микрогирия немесе қалыңдаған, аз мӛлшерде болуы мҥмкін – 
пахигирия. 
Жҥлгенің кеңеюі мен иірімдерінің жіңішкеруіне байланысты ми 
салмағының азаюы, ми атрофиясында, ақыл кемдігінде, церебральды 
атеросклерозда, Пик және Альцгеймер ауруларында, ҥдемелі салдану кезінде 
кездеседі. Кесіп қарағанда, сҧр зат қабаты жҧқарған, кейде қалыпты 
қалыңдығының жартысына ғана жетеді, оның тҥсі ақшыл – сарғылт болады. 
Атрофия бірқалыпсыз болуы мҥмкін, әдетте маңдай мен тӛбе бӛліктері 
зақымдалады. Кӛп жағдайда патологоанатомиялық қарауда мидың 
гиперемиясы мен анемиясы байқалады. Гиперемияда ми қызыл тҥсті, кесу 
кезінде кӛп қан ағады, кесіндінің бетін қан шашыраған тәрізді, сҧр зат қанық 
боялған. Қҧтыру (бешенство), инсульттан, ҧстама кезінде, алкогольды 
делирийдің ӛткір сатысында ӛлген адамның миында гиперемия басым 
болады. Миды ашып қарағанда жарақаттық зақымдану, қан қҧйылу, 
жҧмсарулар, кисталар, тамыр аневризмасы, іріңдікті, тыртықты, эхинококк 
және т.б. жақсы кӛруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет