~ 88 ~
Эхоэнцефалография
– эхолокация
феноменіне негізделген, миды
ультрадыбыс кӛмегімен зерттеу әдісі. Мидың орталық қҧрылымынан
шығатын ультрадыбысты сигнал ҧсталады: мидың алдынғы бӛлімінде мӛлдір
аралықтан, ортаңғы бӛлімінде - III қарыншадан, артқы бӛлімінде - эпифизден
ҧсталады. Зерттеу екі жақтан бір мезгілде жҥргізіледі. Ісіктерде, қан
қҧйылуда, іріңдікте, мидың медиальды бӛлігі
жарты шардың сау жағына
қарай ығысады, ал ми атрофиясында жарты шардың зақымдалған жағына
қарай ығысады. Бірінші жағдайда ультрадыбыс
жолы зақымдалған жағында
кӛбірек ҧсталады және осцилоскоппен бейнеленген сигналдын тіркелу
уақыты да ӛседі, ал екінші жағдайда ультрадыбыс
зақымдалмаған жақпен
салыстырғанда аздау болады. Аралық қҧрылымның ығысу шамасы
ультрадыбыс сигналының арақашықтығымен анықталады, қалыпты жағдайда
ығысу 1 – 2 мм – ден аспауы керек. Бҧл әдіс мидың органикалық ауруларын
зерттеу және диагностикасы ҥшін қажет.
Миды
рентгенографиялық
зерттеу
әдісіне
краниография,
пневмоэнцефалография, ангиография және компьютерлі томография кіреді.
Краниографияда бастың рентген суретін контрасты заттарды жібермей
– ақ алуға болады. Рентген суретінде бас сҥйегі, ондағы ӛзгерістер мен
қалыңдаулар және жарақаттан кейінгі ми
қабығындағы әктенуді, бӛгде
денелерді кӛруге болады. Бас сҥйегінің ӛсіп келе жатқан ісікпен жанасуының
нәтижесінде бас қысымының ӛсуіне байланысты ісік жіңішкеріп, ми иіріміне
“басылған саусақ белгісін” тҥсіреді.
Бас ішілік қысым кӛтерілгенде, веналық қан ағыс тӛмендейді де, ми
тамырларының суреті кҥшейеді. Бҧл әдіс мидың органикалық зақымдалуын
анықтауға мҥмкіндік береді.
Пнемоэнцефалография
- бҧл жҧлын сҧйықтығының бір бӛлігін ауа
немесе оттегімен толтырғаннан кейін миды рентгенографиялық зерттеу әдісі
болып табылады. Ми қарыншалары және
субарахноидальды кеңістік
пневматизациясы қабынулық және спайкалық ҥрдістер, ісіктер, туа біткен
ауытқулар
кезіндегі патологияны, олардың орналасу аймағын анықтауға
мҥмкіндік береді.
Ангиография
– қантамыр жҥйесіне контрастылы
немесе радиоактивті
затты енгізу арқылы жҥргізілетін мидың рентгенографиялық әдісі. Бҧл әдіс
ми тамырларының зақымдалуын, әртҥрлі жаңа тҥзілістер – ми қанайналысын
бҧзатын ісіктерді зерттеуге мҥмкіндік береді.