~ 91 ~
Пункция кезінде науқас столға еңкейіп отыруы керек немесе аяғын бҥгіп бір
жақ бҥйірімен жатуы керек.
Қалыпты жағдайда жҧлын сҧйықтығы мӛлдір, тҥссіз,
жиі тамшылап
ағады. Бас іші қысымы кӛтерілгенде сҧйық жылдам ағады, ал тӛмендегенде
сирек тамшылайды. Отырған науқаста оның қысымы 240 – 300 мм .с.б. тең,
ал жатқан науқастағы қысым 120 – 200 мм.с.б. тең. Жҧлын сҧйықтығына қан
араласқан кезде ликвордың тҥсі қоңыр қызыл және тҧндырған кезде
ӛзгермейді. Қан араласудың себебі тері қантамырларын тескен кезде
зақымдалғанның белгісі. Сҧйықтықтың қанмен боялу қанықтылығы келесі
порцияларда азаяды, тҧндырғанда, центрифугирлау кезінде эритроциттер
тҧнбаға тҥседі де сҧйықтықтың мӛлдірлігі
қайта қалпына келеді, мҧндай
жағдай мидан қан кеткен кезде болмайды. Менингитте, ми ісігінде, киста
жарылған кезде жҧлын сҧйықтығы лайланған болады.
Люмбальды пункция кезіндегі жҧлын сҧйықтығының қалыпты
жағдайдағы негізгі кӛрсеткіштері: тығыздығы 1,005 – 1,008, реакциясы - әлсіз
сілтілі, pH – 7,4 – 7,8. Цитоз 0 – 5 клетка 1 мкл. Қант мӛлшері 2,22 – 3,33
ммоль/л. Белок – 0,16 – 0,3 г/л. Альбумин мен глобулиннің арақатынасы 1:1.
Тҧнба глобулинді реакция Нонне – Апельта аммония сульфатымен теріс(-).
Белокқа сезімтал. Панди реакциясы карбол қышқылымен теріс ( - )
немесе
әлсіз оң (+) сулемамен Вейхбродт белокты реакциясы теріс ( - ). Вассерман
реакциясы теріс( - ). Ланге реакциясында коллоидты алтынмен жҧлын
сҧйықтығын қосқанда ерітіндінің алқызыл тҥсі ӛзгермейді.
Ликворды зерттегендегі кӛрсеткіштер ӛзгеруінің диагностикалық
маңызы зор. Гидроцефалиямен науқастарда сҧйықтықтың салыстырмалы
тығыздығы азаяды, ал мидың және оның қабықтарының қабынулық
ауруларында цитоз кӛбейеді. Лимфоцитарлы реакциямен әлсіз цитоз (1 мкл
10 – 100 клетка) арахноидиттің созылмалы тҥрі мен нейромерезге тән. Жедел
іріңді менингитте 1 мкл-ға шаққанда полинуклеарлар 150 – ден бірнеше
мыңға дейін жиналады. Кейде сҧйықтықта
ауру қоздырғыш стафилококк,
стрептококк, менингококк, пневмококк, бозғылт спирохеталар кездеседі.
Қатерлі ісіктермен ауыратын науқастар ликворында ісік жасушалары болуы
мҥмкін.
Жҧлын сҧйықтығында қант мӛлшерінің азаюы ми қабығындағы қабыну
процесінің кҥшеюін кӛрсетеді. Белок санының кӛбеюі мен глобулиндердің
пайда болуы, табиғи әртҥрлі церебральды органикалық патологияда,
ісіктерде, энцефалитте, менингитте, арахноидитте,
сифилис ауруларында
кездеседі. Бҧл жағдайда белоктың тҧну реакциясы оң болады. Ланге
реакциясының патологиялық ӛзгерістерде дифференциалды диагностикалық
маңызы зор. Реакцияны 10, 20, 40, 80 ретке және одан да кӛп сҧйылтылған
жҧлын сҧйықтығын 16 пробиркаға қҧяды. Әрбір тҥтікшеге 5 мл коллоидты
алтын қосады. Сҧйықтық тҥсінінің ӛзгерісін санмен белгілейді: 1 – қызыл, 2 –
қызғылт - кҥлгін, 3 – кҥлгін, 4 – кӛк-кҥлгін, 5 - кӛк, 6- кӛгілдір, 7 – тҥссіз. Ми
мерезіне тҥстің аздап ӛзгеруі тән, 2 – 5 тҥтікшеде айқындау болады. Ланге
реакциясы бҧл жағдайда шамамен мынадай: 3355542211... Бҧл
~ 92 ~
кӛрсеткіштерді графика тҥрінде кӛрсетуге болады. Бҧл
типтегі айқын емес
ӛзгерістер “мерездік тісше“ тәрізді болады, мысалы: 11232111... Ҥдемелі
салдануда тҥстің ӛзгеруі алдыңғы 5 – 7 тҥтікшеге дейін тҥссізденеді, содан
соң жылдам қайтадан бастапқы қызыл тҥске енеді. Ланге реакциясы шамамен
мынаған тен: 777776432111... Графикте “салдану қисығын“ кӛруге болады.
(сурет – 4). Жедел менингитте “ менингиттік қисық“ тҥрінде ӛзгереді, тҥсі 2 –
3 тҥтікшеден 6 – 7 тҥтікшеге дейін ӛзгереді, содан кейін сҧйықтықтың тҥсі
қайта қалпына келеді: 1134566311...
Вассерман реакциясы ҥдемелі салдануда кҥрт оң (4+); басқа да
серологиялық реакциялар (Закс, Витебский, Кан) оң болады. Ми мерезімен
науқастардың қан мен жҧлын сҧйықтығының серологиялық реакциясы анық
нәтиже бере алады. Полиомиелитте, безгекте
және басқа ауруларда
Вассерман реакциясы оң мәнді болуы мҥмкін. Кҥмәнді жағдайда кҥрделі
реакция қолданылады: иммунофлюоресценциялық (ИФР) – бозғылт
трепонеманы иммобилизациялау реакциясы (БТИР). Ми мерезінде ИФР 95 –
100 % оң нәтиже, ал БТИР 98 – 100% оң нәтиже береді.
Достарыңызбен бөлісу: