Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет44/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Электрофизиологиялық зерттеу 
Электрофизиологиялық зерттеу негізінде мидың функциональды 
жағдайын әртҥрлі электрлік қҧбылыстарды қолдану арқылы анықтау жатыр. 
Сондықтан электрофизиологиялық зерттеу функциональды диагностика әдісі 
деп те аталады. Психиатриялық тәжірибеде электроэнцефалография, 
реоэнцефалография және эхоэнцефалография қолданылады. 
Электроэнцефалография
-мидың функциональды жағдайын кӛрсететін 
электропотенциалдарды тіркеу болып табылады. 
Мидың электропотенциалы ӛте аз, 100 – 150 мкВ ке дейін. Мҧндай әлсіз 
потенциалдарды тіркеу ҥшін кҥшейткіштер қолданылады. Қалыпты жағдайда ми 
биотоктарын бас терісі арқылы белгілі бір жылдамдықпен жҥріп тҧрған (30 мм/с) қағаз 
лентаға жазып алады.
Қазіргі кезде бір мезгілде бастың бірнеше жерінен электропотнециалды жазатын 4 
– 24 – ке дейін каналы бар электроэнцефалографтар ойлап табылған. 
Электроэнцефалограмма функционалды жҥктемелер арқылы науқастың босаңсыған 
сергектігі жағдайында жасалады: гипервентиляция, жарықпен және дыбыспен 
стимуляциялау, фармакологиялық сынамалар т.б. Бҧл тыныштық жағдайындағы ОЖЖ – 
нің электрлік белсенділігін ғана емес, әртҥрлі сыртқы әсерлерге мидың жауап реакциясын 
анықтауға да мҥмкіндік береді. ЭЭГ- ны терең зерттеу ҥшін белсенді сергектік 
жағдайында, яғни адам ой еңбегімен шҧғылданғанда немесе әр деңгейдегі ҧйқы 
жағдайында зерттейді. ЭЭГ қорытындысын визуальды және санау машиналарына 
жалғанған анализатор қҧралдарымен анықтайды, ЭЭГ қорытындылаған кезде мынадай 
параметрлерге кӛңіл аудару қажет: жиілікке, амплитудасына, электропотенциалдың 
ауытқу конфигурациясына, тербелістің жиілігіне және олардың жойылуына. Жиілік 
белгілі уақыт бірлігінде (1 сек) тербеліс саны бойынша анықталады. Жиілік бойынша 
биоритмдердің мынадай тҥрлері белгілі: альфа ырғақ (8 – 12 тербеліс/с.) бета ырғақ (13 -
25 тербеліс/с.), гамма ырғақ (25 – 30 тербелістен жоғары), дельта ырғақ (0 – 3), тета ырғақ 
(4 – 7 ). Секундына жиілік ырғағы 8 – 30 арасында болса жылдам деп атайды, аз жиілікті 
тербелістер болғанда баяу толқындар жӛнінде айтылады. Амплитуда деп ЭЭГ 
электропотенциалының тербелісінің кӛлемін айтамыз. 
Альфа толқын кофигурациясы синусоидты, ал бета және гамма конфигурациясы 
ҧшы ҥшкір болғандықтан ҥшбҧрышқа ҧқсайды; баяу толқындар конфигурациясы әртҥрлі 
болады: синусоидты, дӛнгелек, ҥшкір болуы мҥмкін. Осы айтылған ырғақты 
толқындардан басқа, ЭЭГ де ырғақсыз толқындар бар. Олар сырттай ҥшкір толқындарға 
ҧқсас, бірақ ҧзақтығы аз болады. Бҧл толқындардың амплитудасы фонды потенциалдың 
амплитудасынан жоғары және кейде 100 – 1000 мкВ дейін жетеді. Шың және ҥшкір 
толқындар баяу толқындар комплексіне кіреді. Мҧндай комплекстер “шың – толқын”, 
“ҥшкір толқын – баяу толқын” деп аталады. Ырғақсыз биоэлектрлік толқындар ЭЭГ 
фонында ҧзақ әртҥрлі пароксизм тәрізді айқын кӛрінеді. Бҧндай разрядтар жоғары 
амплитудалы альфа, бета, гамма, дельта толқындардан, сонымен қатар ҥшкір 
толқындардан немесе олардың баяу толқындары комплексінен тҧрады. Аталған ырғақсыз 
белсенділік формасы патологиялық жағдай болып есептеледі. Мидың әр бӛлігінде ЭЭГ 
компоненттерінің таралуы әртҥрлі. Мидың шҥйде бӛлігінде альфа ырғақ басым, мидың 
алдынғы бӛлімінде тез және баяу ырғақтар кӛбірек. Қалыпты жағдайда ЭЭГ жазғанда 
мидың симметриялы аудандарында кӛрсеткіштер бір типті болады.


~ 86 ~ 
Дені сау ересек адамның ЭЭГ-да сергектік жағдайында 100 мкВ 
аспайтын амплитудалы альфа ырғақ басым. Шҥйдеден маңдайға қарай 
жҥрген альфа-ырғақ амплитудасы азаяды. Бҧл жерде таралған бета-ырғақ 
аплитудасы 15 мкВ жетеді. Дені сау адамның баяу толқындары ЭЭГ - да 
амплитудасы бойынша негізгі ырғақтан аспау керек, ол ҧйымдасқан 
пароксизм тәрізді және жазылу уақытының 15 пайызын алады. Психикалық 
белсенділіктің жоғарылауы (мысалы қиын ой жҧмыстарын орындағанда) 
ЭЭГ - да ӛзгерістер туады, альфа ырғақ жиілеп амплитудасы қысқарады. 
Пассивті және босаңсыған сергектік жағдайында альфа-ырғақтың кері 
ӛзгерістері бақыланады. Қысқа уақытта сыртқы тітіркендіргіштің кенеттен 
әсер етуіне байланысты альфа ырғақ екі секундқа дейін жоғарылайды. 
Сыртқы тітіркендіргіш ретінде жарықтың жарқылын немесе дыбыстың қысқа 
уақыт әсерін қолданады. Ырғақты фотостимуляция кезінде науқастың 
электрлі потенциалының сыртқы ырғақты әсерлерді қайта ӛңдеу қабілетін 
зерттейді. Бҧл 
ырғақты меңгеру реакциясы,
жарық жыпылықтатқанда мидың 
шҥйде бӛлімінде айқын байқалады, бҧл зерттелушінің альфа-ырғағына 
сәйкес келеді. Мидың органикалық зақымдалуын және эпилепсияны 
диагностикалау ҥшін ЭЭГ фонында патологиялық белсенді формалар, 
жоғары амплитудалы ҥшкір толқындар, шыңдар және олардың баяу 
толқындармен комплексі пайда болады. Бҧл патологиялық қҧбылыстар 
эпилептогенді ошақ тҧсында айқын байқалады. Гипервентиляция және 
ырғақты жарықпен ынталандыру арқылы ЭЭГ - дан патологияны анық табуға 
болады, бҧл пароксизмальды белсенділіктің кҥшеюін немесе пайда болуын, 
ал кей кезде қҧрусысыз ҧстама және эпилепсияның қҧрысулы тҥрінің дамуын 
диагностикалауға кӛмектеседі. Ҧзақ жҥйелі емдеуден кейінгі клиникалық 
кӛріністер, қалыпты тҧрақты ЭЭГ-ға сәйкес келгенде дәрілік препараттардың 
мӛлшерін азайтуға немесе толық бермеуге болады.
Мидың органикалық зақымданулары кезіндегі ЭЭГ ӛзгерістері әртҥрлі 
және олар патологиялық ошақтың мӛлшеріне, орналасуына, оған 
айналасындағы қалыпты тіндердің жауап реакциясына байланысты. Кӛлемді 
беткей зақымдалуда электрлік тыныштық зонасын зақымдалу ошағына 
сәйкес жерден байқаймыз. Мҧндай ошақтың айналасындағы ми тіндері 
жоғары амплитудалы баяу толқындар шығарады, олар ЭЭГ – ға жазылады. 
Терең патологияда қыртысты проекция аумақты жер алады, яғни жалпы 
фонға сәйкес келмейтін, ӛзінше электрлік белсенділігі бар ауқымды кӛлемде 
кӛрінеді. Мидың диффузды органикалық патологиясында ЭЭГ – да негізгі 
ырғақ амплитудаларының арақатынасы, мида симметриясы және таралуы 
бҧзылады, патологиялық белсенділіктің ӛзгерістері байқалады. 
Мидың 
локальды 
органикалық 
зақымдануларынсыз 
жҥретін 
психикалық аурулар кезінде (шизофрения, маниакальды - депрессивті 
психоз, невроз, I және II сатыдағы алкоголизм т.б.), ЭЭГ кӛрсеткіштері 
органикалық патологиямен дифференциалды диагностика жасауға, мидың 
функциональды жағдайын және компенсаторлы мҥмкіндіктерін анықтауға 
кӛмектеседі. Науқасты ауру барысында қайталап зерттеу, аурудың 


~ 87 ~ 
динамикалық тенденциясы мен оны болжауға кӛмегін тигізеді. Сонымен 
қатар ЭЭГ ӛзгерістері бойынша емнің белсенділігі мен эффективтілігін 
бағалауға болады.
Наркоз және экстремальды жағдайлар - ми ісігі, гипогликемия, кома - 
ЭЭГ - да тез ырғақтың баяу - тета және дельта ырғақпен алмасуымен 
кӛрінеді. Ауыр жағдайларда электрлік ҥнсіздік және оның жиілеуі кӛрініс 
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет