Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет41/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Соматикалық жағдай.
Соматикалық клиникадағы сияқты науқас 
толық тексеріледі. Психоз жағдайындағы ауруды қарау кезінде денесінде 
суицидальды әрекет іздері қалуы мҥмкін. Осылардың барлығы толық 
тексеріліп, ауру тарихына тіркелуі керек. Эпилепсиямен науқастар ҧстама 
кезінде жарақаттанып, сҥйегі сынып, кҥйіп қалуы мҥмкін, бҧлардың бәрі 
қарау кезінде байқалады, тілде, ҧрттың кілегей қабатында тіс іздері т.б. 
байқалады. Маниакальды-депрессивті психоз ҧстамасын диагностикалауда 
симпатико-тоникалық соматовегетативті ӛзгерісті табу кӛмектеседі: салмақ 
жоғалту, іш қату, артериялық қан қысымының жоғарылауы, тамыр соғысы 
жиілеуі, дене қызуы жоғарылауы және т.б. Истериялық бҧзылыстар 
соматикалық аурулардың кӛптеген белгілерін симуляциялайды: ауру сезімі, 
қҧсу, кекіру, метеоризм, дене қызуының кӛтерілуі және т.с.с. 
Соматикалық ӛзгерістер басқа да психикалық аурулармен бірге жҥреді: 
шизофрения, инволюциялық психоз, мерездік психоз, алкогольдік психоз. 
Осылайша, шизофрения кезінде жиі ауытқулар немесе физикалық даму артта 
қалу белгілері бақыланады. Гипертоксикалық вариантында ағза сусыздануы, 
капилярлардың жарылуы орын алады, дене температурасы 40-41
0
С дейін 
жетеді. Сандырақ кҥйіндегі науқастар тамақтанудан бас тартады немесе 
физиологиялық дефекация, зәр шығаруды тежейді. Бала кӛтере алатын 
жастағы әйелдерде психоз жағдайында менструация тоқтайды. 
Психикалық аурулар кезінде гормональдық фон ӛзгерісі жиі кездесетін 
жайт. Сонымен қатар эндокринді, соматикалық, инфекциялық аурулар 
психопатологиялық симптоматика қҧбылысын тудыра алады, ол сипаты
жеделдігі, ағымы, ауырлығы бойынша соматикалық ӛзгерістерге сәйкес 
келеді, бҧл зерттеу ҥрдісінде анықталуы тиіс. Ең манызды орынды 
трофикалық ӛзгерістер алады. Ҥдемелі салданумен, сенильді психоз, 
кататониялық ступормен науқастарда тері тургоры тӛмендейді, пигментті 
дақтар пайда бола бастайды, естің тӛмендеуі орын алады, шаштары жылдам 
тҥсе бастайды, физикалық зорығу бақыланады. Ал нейролюэсте тіндер 
эластикалылығы тӛмендеп, сҥйектер сынғыштығы артып, ішкі мҥшелер 
капсулаларының жарылулары болады.
Неврологиялық 
статус

Неврологиялық 
клиникадағы 
сияқты 
тексеріледі. Психикалық бҧзылыстар бас миының кҥрделі бҧзылыстарының 
нәтижесінде болатындықтан психикалық науқастарда пайда болған 
неврологиялық белгілер сирек кездесетін жағдай емес. Бҧндай жағдай кӛбіне 
органикалық 
психоздарда 
кездеседі: 
жарақаттық, 
инфекциялық, 
қантамырлық, интоксикацияға, бас миы ісігіне байланысты. 
Бас сҥйегінің 12 жҧп нервтері, сіңірлік периостальды және қҧрсақ 
рафлекстері, 
сезімталдық, 
координациялық 
сынамаларды 
орындау, 
вегетативті жҥйке жҥйесінің жағдайы тексеріледі.


~ 80 ~ 
Бас сҥйек нервтері патологиялары арасында кӛздік симптом негізгі 
орын алады. Кӛбіне нейромерезге (ми мерезі, жҧлын семуі, ҥдемелі сал) 
Арджил-Робертсон симптомы тән, бҧл конвергенция және акомадация 
сақталуы кезінде кӛз қарашықтарының жарыққа реакциясының жоғалуымен 
кӛрініс береді. Арджил-Робертсон синдромы толық болғанда анизокория 
(қарашықтар әр тҥрлі кӛлемді), қарашықтар деформациясы бақыланады, 
пилокорпин мен атропин әсеріне реакция тӛмен болады.
Кәрілік ақыл кемдігінде қарашықтар тарылған, олардың реактивтілігі 
тӛмен; қорқыныш, депрессия, атропиндік психоз кезінде қарашықтар 
кеңейген кҥйде болады. Энцефалитке птоз (жоғарғы қабақтың тҥсуі), 
стробизм (қылилық), диплопия (кӛз алдында екілену), конвергенция парезі
сирек кӛз жыпылықтату тән. 
Дӛрекі органикалық психоздарда, инсульттен кейінгі жағдайларда, 
кейде гемианопсия және скотома (кӛру алаңының бір бӛлігінің тҥсіп қалуы) 
кездеседі. Бас айналуына шағыммен жҥретін вестибулярлы бҧзылыстар 
әдетте психосенсорлы сипаттағы қабылдау бҧзылыстарымен бірге жҥреді. 
Психиатриялық тәжірибеде сіңірлік рефлекстердің ӛзгерістері кӛп 
кездесетін 
қҧбылыс. 
Олар 
ОЖЖ-нің 
органикалық 
бҧзылысында 
жоғарылайды, сонымен қатар функционалды патология, невроздар кезінде де 
жоғарылайды. Корсаков психозында, психопатологиялық 
диабетте, 
вибрациялық ауруларда полиневрит пайда болады және сіңірлік рефлекстер 
жойылады. Психикалық ауру дамуында Бабинский, Оппенгейм, Бехтеров, 
Россолимо және т.б. патологиялық рефлекстердің пайда болуы церебральды- 
органикалық ӛзгерістердің кҥшейгенін білдіреді. Осы патологиялық 
рефлекстер сопорозды және коматозды жағдайдағы науқастарда анықталады. 
Аз уақыт ішінде олар эпилепсиялық ҧстама, электрошоктан кейін пайда 
болады. 
Дӛрекі органикалық психоздармен науқастарда психикалық маразм 
сатысында қармау, сору рефлекстері пайда болып, қҧрсақ ішілік жату позасы 
байқалады. Бҧл симптоматика кататониялық ступор немесе естің сопорозды 
бҧзылыстарында орын алады және қайтымды, жағдайдың жақсаруына қарай 
жоғалады.
Сезімталдылықтың 
бҧзылуы 
– 
жҥйке-жҥйесінің 
органикалық 
патологиясы немесе истерия белгісі болып табылады. Истерияда 
жҥйеленбеген тҥрде кӛрінеді, тітіркену немесе сезімталдықтың жоғалу 
зонасы иннервация заңдылықтарына сәйкес емес және ӛзін иландыру 
нәтижесі болып табылады. Осындай функционалды сипаттағы истериялық 
салдану, кӛру, есту, сӛйлеу, жҥру бҧзылысы, гиперкинездік бҧзылыстар анық 
кӛрінеді. Барлық психикалық ауруларда вегетативті және вазомоторлы 
бҧзылыстар қатар жҥреді және олардың инициальды, жедел кезеңдерінде 
айқын кӛрініс береді. Вегетативті ауытқулардың симпатикотоникалық 
бағытталуы маниакальды–депрессивті психоз ҧстамасының бастапқы 
кезеңінде, алкогольды делирийде, кардиогенді, операциядан кейінгі, 
атропиндік психоздарда орын алады, парасимпатикотоникалық – тҧмауға 


~ 81 ~ 
байланысты психоздарда, шығу тегі әрқилы аменцияда бақыланады. Ҥрдіске 
гипоталамустық 
қҧрылымдар 
қосылған 
кездегі 
невроздар, 
эндокринопатиялар, 
мидың 
органикалық 
аурулары 
вегетативті 
пароксизмдермен бірге жҥруі мҥмкін, ол симпатикотоникалық және 
парасимпатикотоникалық бағытта ӛтеді. 
Экстрапирамидті гипо - және гиперкинетикалық бҧзылыстар 
(пароксизм, 
қалтырау, 
тарсионды 
спазм, 
гиперкинездер) 
психофармокологиялық терапияның жанама әсері ретінде кӛрініс береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет