Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет39/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

 
7- тарау 
ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ 
 
Клиникалық әдіс 
Клиникалық әдіс психикалық аурулар диагностикасында негізгі әдіс 
болып табылады. Ол науқастың паспорттық мәліметтерінен, шағымдарын 
анықтау, анамнездік мәліметтерін жинау, соматикалық және неврологиялық 
тексерулер, психикалық жағдайын зерттеуден тҧрады. 
Сҧрау әдісі. 
Клиникалық зерттеу кезінде дәрігерге психикалық 
науқастармен белгілі дағдыларды қажет ететін тіке қатынасқа тҥсуіне тура 
келеді. Мҧндай дағдылар студенттердің психиатрия курсын ӛтуінде тҥзіліп, 
кейін дәрігерлік қызметінде толығымен қалыптасады. Егер дәрігер науқасты 
тиянақты тҥсінушілікпен тыңдаса, ол ӛз кҥйзелісін аша тҥседі, психикалық 
патологияны анықтау оңайға тҥседі. Науқастың сӛздеріне кҥлуге, оның 
сандырақтық ойларына сӛз таластыруға, ауру диагнозы жайлы анықтама 
беруге болмайды, науқаспен достық, еркін тақырыпта әңгімелесуге 
болмайды. Науқаспен және оның туыстарымен жеке сӛйлесу керек, әңгіме 
мазмҧны басқа науқастарға мәлім болмауы керек. 
Паспорттық мәліметтерге 
науқастың фамилиясы, есімі, әкесінің аты, 
жасы, жынысы, тҧрғылықты жері, мамандығы, жҧмыс орны кіреді. 
Науқастың жасы психикалық ҥрдістердің даму деңгейін ғана емес, 
белсенділігін де кӛрсетеді. Психикалық аурудың клиникалық кӛрінісі едәуір 
дәрежеде жастық факторға тәуелді; кейбір аурулар дебюті жас кезеңіне 
тығыз байланысты. Науқастың білімі мен мамандығы дәрігермен 
әңгімелесудің деңгейін анықтайды; мамандыққа байланысты ауруларда 
науқастың мамандығы және жҧмыс орны жӛніндегі мәлімет шешуші рӛл 
атқарады; жҧмыс орны мен лауазымы психикалық науқастың әлеуметтік 
еңбектік адаптациясы, тҧлғалық қасиеттерінің сақталуы және оның ӛмірлік 
ҧстанымдарының дҧрыстығы жӛнінде қорытынды жасауға мҥмкіндік береді. 
Шағымдарын анықтау және анамнез жинау
сҧрастыру тәсілімен іске 
асырылады. Психикалық дерт науқастың ӛзге адамдармен қарым- қатынасын, 
дерт кӛріністеріне сыни кӛзқарасын ӛзгертеді. Мҧның барлығы сҧрастыру 
кезінде ақпараттың толықтылығына және мазмҧнына әсерін тигізеді. 
Сонымен психоз жағдайындағы науқас ӛзін дені сау деп санай отырып, 
ешқандай шағымдар айтпай, ауруын жасыруы мҥмкін. Ипохондриялық 
сандырақпен науқас ӛзін ауыр физикалық кҥйдемін деп есептеп, 


~ 76 ~ 
соматикалық сипаттағы шағымдар айтады (ауру сезімі, ішкі мҥшелер 
бҧзылысы, әлсіздік, жҥдеу). Ақырында, науқас жеке адамдардың немесе 
ҧйымдардың соңына тҥскеніне, гипнозбен, сәулелермен, электр тоғымен әсер 
етуіне, материалды және моральды шығын келтіруіне шағымдануы мҥмкін, 
яғни ӛзінің сандырақ идеяларын шағым ретінде айтып беруі мҥмкін. 
Сонымен, науқас шағымдарымен танысу зерттеушіге патологияны анықтауда 
бағдар береді. 
Анамнезді тек аурудың сӛздерінен ғана емес, сонымен қатар басқа да 
науқасты танитын адамдардан да жинаған дҧрыс. Науқаcтан жиналған 
анамнез (
субьективті анамнез
) есте сақтау, сана бҧзылуында, сандырақ 
жағдайларында, диссимуляция кезінде дҧрыс мәлімет бермеуі мҥмкін. 
Науқас кейде ӛзінің туысқандарындағы бар психикалық аурулар жайында, 
балалық шағының ерекшеліктері жӛнінде, басынан ӛткерген соматикалық 
аурулары, бас-ми жарақаттары, орын алған талмалар, ҧстамалары жайында 
біле бермейді. Мҧндай жағдайларда туыстарын, достарын, кӛршілерін 
сҧрастыру қажет – мҧны 
объективті анамнез
деп атайды. Обьективті 
анамнезді науқастың қатысуымен жинауға болмайды. 
Анамнезді екі бӛлімге бӛледі: ӛмір анамнезі және ауру анамнезі.
Кей жағдайларда бертін келе тҧлға дамуына әсерін тигізген, бҥкіл ӛмір 
бойында бірге келе жатқан туа пайда болған немесе жҥре пайда болған ерте 
жас кезеңіндегі психикалық патологиялар жӛнінде ӛмір анамнезінен бӛлек 
мәлімет жинау мҥмкін емес. 
Ӛмір анамнезін жинауда ең алдымен тҧқым қуалаушылық мәселесін 
айқындау керек – ата–анасының және жақын туыстарын психикалық 
денсаулық жағдайын, жеке бас ерекшеліктерін толық анықтап алу керек. 
Туыстарына қатысты психикалық ауруларды толық сипаттау керек. 
Тҧқымында ӛзіне - ӛзі қол жҧмсағандар, оғаш жҥріс-тҧрысты, ақыл ой 
кемістігі бар адамдар, ҧстамалары бар адамдар, наркомания және 
алкоголизммен зардап шегетіндер, тҧқым қуалайтын соматикалық аурулары 
бар адамдар бар-жоғын анықтау қажет. Ерте даму кезеңін анықтауда 
анасының жҥктілік кезіндегі денсаулығын анықтау керек, босанғанда 
жарақат болған-болмағандығын, қандай жағдайда, қалай ӛскенін, тәрбиесін, 
қай жаста тілі шыққаны, жҥргені, мектепке барғаны жайлы сҧрау керек. Егер 
дамуында кедергі болса немесе дамуы бір қалыпты болмаса (мысалы, жасына 
сай емес әуесқойлық), осылардың барлығы ерекше тіркелуі керек. Балалық 
шағында ҧйқы кезінде жҥру, қорқыныштар, кекештену, энурез болған-
болмағаны жӛнінде білу қажет. Науқас қай жерде, қалай оқыды, қандай 
қызығушылықтары болды, қабілеттілігі, тәртібі анықталып, жыныстық даму 
кезеңі, осы кездегі мінез-қҧлқы мен жҥріс тҧрысындағы ерекшеліктерін 
анықтау керек. 
Науқастың білім дәрежесі, еңбек жолын бастаған уақыты, жҧмысқа 
кӛзқарасы, қызметкерлер арасындағы қарым – қатынасы, мамандығы 
бойынша ӛсуі – осының барлығы маңызды сҧрақтар, ол туралы міндетті 
тҥрде анамнезде кӛрсетіліп, ӛмірдің әртҥрлі кезеңдерінде аурудың әлеуметтік 


~ 77 ~ 
бейімділу дәрежесі туралы кӛрсетілуі тиіс. Сонымен қатар, науқастың 
басынан ӛткен аурулары мен олардың асқынулары, бас ми жарақаттары, 
ӛндірістік зияндылықтар, зиянды әдеттері (ішімдікке салыну, темекі шегу, 
дәрілік заттар қолдану) жӛнінде мәлімет алу қажет. Анамнездің арнайы бір 
бӛлімі жыныстық ерекшеліктерге, жыныстық және жанҧялық ӛмірге 
арналады; жыныстық ӛмірдің басталуы, ерлі – зайыптылар арасындағы 
қарым – қатынасқа, тҥсініспеушілік себептері, жҥктілік, босану, тҥсіктер, 
менопауза т.б.
Ауру анамнезінде
аурудың пайда болуына себеп болған жағдайларды, 
аурудың алғашқы белгілерін, олардың ӛткірлік дәрежесін, динамикасын, ӛзін 
- ӛзі емдеуге тырысу жолында қолданылған ӛмір салтын ӛзгерту 
талпыныстарының, емдік шаралардың әсерін кӛрсету керек. Науқастың 
психиатрға кӛріне бастаған мезетін, емнің қорытындысын кӛрсету керек. 
Егер науқасқа бҧған дейін стационарлық ем қолданылған болса, онда оның 
қандай емдік мекемеде, қанша уақыт, қандай препараттармен емделгенін
қандай жағдайда шығарылғанын нақтылау керек; сҥйемелдеуші ем 
қабылдады ма, қандай препараттармен, қандай мӛлшерде қабылдағанын 
анықтау қажет. Психикалық дертке байланысты ӛндірісте және жанҧяда 
науқас статусы ӛзгерді ме, мҥгедектік берілді ме, білу қажет. Психиатриялық 
стационарға қайталап тҥскен аурудың әрбір госпитализациясы туралы 
мәліметтер алу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет