Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Психикалық бҧзылыстармен науқастардың реабилитациясы



Pdf көрінісі
бет35/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Психикалық бҧзылыстармен науқастардың реабилитациясы 
жайлы тҥсінік 


~ 66 ~ 
Екінші Дҥниежҥзілік соғыстан кейін ҥшінші реттік профилактика 
қарқынды дами бастады. Денсаулығы зақымданған немесе денсаулығынан 
толық айырылып соғыстан зардап шеккен адамзат алдындағы жоғары 
моральды жауапкершілік қоғам мен мемлекет жҥйесінің қызметінде ӛз 
кӛрінісін тапты, ол әртҥрлі атауға ие болды: реабилитация, реадаптация, 
ресоциализация, қалпына келтіру терапиясы және т.с.с. 
Реабилитация
деп - адамның әлеуметтік статусын қалпына келтіру, 
оның қҧқықтық қайта қалпына келуін тҥсінеміз. «
Реадаптация
» терминін 
медицина қызметкерлері қолданады. 
Ресоциализация
– ауру нәтижесінде 
бҧзылған әлеуметтік байланыстардың толық қалпына келуі және жаңа 
дағыларды игеру болып табылады. 
Қайта қалпына келтіру терапиясы
– 
адамның қоғамдық ӛміріне және әлеуметтік пайдалы іс-әрекет етуіне кедергі 
болатын, аурудан немесе жарақаттан кейін қалған қҧрылымдық және 
функциональдық бҧзылыстарды (мысалы, бет кҥйігінен кейінгі пластикалық 
операциялар, қызметін атқара алмайтын мҥшелерді алмастыру, протез жасау 
және т.б.) тҥзету. 
Осындай іс-әрекеттердің қадамы ӛте ауқымды болды, осылайша ол 
халықаралық мәнге, теориялық негізге ие болады, «реабилитация»-деп 
аталатын ӛзіндік білім саласы болып тҥзілді, соғыспен байланысы жоқ 
ауруларға да қатысты болды. Қазіргі уақытта, ДДҦ-ның мәлімдемесі 
бойынша медициналық, профессиональдық және әлеуметтік реабилитация 
тҥрлері бӛлінді. 
Ағзаның қандай да бір мҥшесі және жҥйесінің кез-келген дерті: кӛз 
ауруы, жҥрек-қан тамыр ауруы немесе сӛйлеу ақауы болсын – адам 
осылардың барлығына психикалық реакция береді. Бҧл реакцияның сапасы 
мен тереңдігі әртҥрлі жағдайларға байланысты: негізгі аурудың ауырлығы 
және оған байланысты асқынуларға, зардап шегушінің тҧлғалық 
ерекшелігіне, оның мінез-қҧлқы, темпераменті, әлеуметтік дәрежесі, болған 
жайтты дҧрыс бағалай білуі, жаңа жағдайларға бейімделу қабілеті, 
айналадағылардың кӛзқарасы және т.б. Сондықтан реабилитация қандай 
патология тҥрі болмасын психикалық аспектті ескеруі керек. Барлық 
психикалық аурулар кезінде ӛте ерте адамның әлеуметтік байланысы зардап 
шегеді. Тҧрғындар арасында реабилитациялық кӛмек кӛрсетудің кӛлемі сол 
аймақтың экономикалық жағдайына, медициналық кӛмектің, денсаулық 
сақтау ҧйымдарының деңгейіне, мемлекет пен қоғамның реабилитация 
мәселелерін шешудегі қызығушылықтарына байланысты. 
Науқасты аурудан кейін еңбекке баулу, еңбектік дағдыларға ҥйрету, 
науқастардың қызығушылығын ескеру, қҧқықтарын сақтау реабилитация 
принцпитерін жасауға негіз болатын идеялар болып табылады. Ҥшінші 
реттік психопрофилактика сатысында науқастардың еңбекпен қамтамасыз 
етілуі маңызды, жаңа ӛндірістік байланыстар қҧрылады. Шизофрения, 
эпилепсия тәрізді аурулармен зардап шегетін адамдарды ескі жҧмыс 
орнында, жҧмыс жағдайын ӛзгерте отырып, қалдыруға талпыныс даму 
ҥстінде. Эпилепсиямен науқастар ҥшін қозғалмалы механизмдермен, 


~ 67 ~ 
биіктікте, отпен, суда жҧмыс жасауға қарсы кӛрсетілім бар, ӛйткені бҧл 
жағдайларда сана бҧзылысымен және тырысулармен жҥретін эпилепсиялық 
ҧстама науқас ӛміріне аса қауіпті. Егер интелектуальді қабілеттерінің айқын 
тӛмендеуі 
және 
тҧлғалық 
айқын 
ӛзгерістер 
болмаса 
науқас 
кітапхананаларда, архивтерде жҧмыс істей алады, ӛйткені мҧндай науқастар 
аса ҧқыпты, мҧқият болып келеді. Асығыс, қарбалас жағдайларда 
эпилепсиямен 
науқастар 
жҥйке 
процесстерінің 
инерттілігі 
мен 
қозғалмалылығының жетіспеушілігіне байланысты жылдам декомпенсация 
жағдайына тҥседі.
Егер науқас қарапайым ӛндіріс жағдайында жҧмыс жасай алмай, 
мҥгедектік тағайындалса, оған ҥйінде немесе психоневрологиялық 
диспансерлер шеберханаларында жҧмыс істеу ҧсынылады. Бҧл жерде 
науқастың дағдыланған ісіне қабілетін пайдалану немесе еңбекпен емдеу 
жӛнінде айтылып тҧр. Емдік–еңбектік шеберханаларда науқастардың 
жағдайына байланысты еңбек процессі қатаң индивидуализацияланған және 
кҥрделілік дәрежесі әртҥрлі: пакеттерді желімдеу, жасанды гҥлдерді жасау, 
етікші ісі және тігін ӛндірісі. Бҧл шеберханада науқас жаңа мамандық игере 
алады, ал кейінірек психикалық жағдайы мҥмкіндік берсе, ӛндіріске 
ауысуына болады. Ең маңыздысы – емдік-еңбектік шеберханаларда 
науқастың коллективте болуы, оның бойында жаңа эмоциялық және іскерлік 
контактілер пайда болады. Жаңа коллективте идеялық-тәрбиелік жҧмыс 
жҥргізіледі, мәдени бағдарлама орындалады, ең бастысы, науқас тҧрақты 
дәрігер қадағалауында болады, уақытында тамағын ішеді, тегін емделеді 
және ӛз еңбегінің материальдық жемісін кӛреді. Емдік-еңбектік 
шеберханалар тек диспансерлерде ғана емес, сонымен бірге ірі 
психиатриялық ауруханаларда ашылып, қызмет етуі керек.
Реабилитацияның соңғы сатысы науқастың сауығып, жанҧясына, 
қызмет орнына оралуы болып табылады. Қазір ӛндірістегі психикалық 
науқастардың реадаптациясына дәрігерлердің қатысуын белсендендіру қолға 
алынған. Психоневрологиялық кӛмек органдарының ірі ӛнеркәсіп 
әкімшілігімен келісімі бойынша емдік-еңбектік шеберханалардан ӛршу 
сатысынан тыс науқастар жҧмысқа жіберіледі. Ӛндіріс жағдайында дәрігер 
ауру жағдайын жҥйелі тҥрде бақылап отырады және сҥйемелдеуші 
терапияның жҥруін қадағалайды, дені сау қызметкерлерге науқас жайында 
тҥсініктеме береді, ӛз ауруының тәртібіне толық жауапкершілік алады.
Науқастың реадаптациялық дәрежесі психикалық патологиялық сипаты 
мен 
ауырлығына 
ғана 
байланысты 
емес, 
жанҧя 
позициясына, 
туысқандарының оған деген кӛзқарасына, науқастың ӛмір сҥріп жатқан 
ортасына да байланысты болады. Осы себептерден барлық елдерде 
психикалық ауруханаларда науқастардың «тҧнып қалу» ҥрдісі орын алған. 
Экономикасы дамыған елдерде психикалық ауруханалар санының кӛптігі 
және денсаулық сақтаудың жалпы жҥйесінде психиатриялық койкалар 
санының кӛптігі алдағы уақытта психиатриялық кӛмек дамуына және 
науқастар 
реабилитациясына 
кедергі 
болуда. 
Сонымен, 
ДДҦ 


~ 68 ~ 
сарапшыларының пікірінше тҧрғындардың қажеттілігін қанағаттандыратын 
психиатриялық койкалар 1000 тҧрғынға шаққанда 1-3 болып табылады. Кей 
елдерде психиатриялық койкалар саны 1000 тҧрғынға шаққанда 6-ға жетеді. 
Англияда психиатриялық ауруханаларға барлық койкалық қордың 40-45 
пайызы 
берілген; 
психикалық 
науқастарға 
қызмет 
кӛрсетуге 
психоневрологиялық кӛмек бойынша 98 пайыз шығын жҧмсалады, ал 
амбулаторлық кӛмекке тек 2 пайыз ғана жҧмсалады. Ауруханалар босап 
қалмау ҥшін науқастарды ҧзақ уақыт ҧстайды. Бҧл тек науқастардың ӛмірге 
белсенді қайта оралуына зиян келтіріп қоймай, госпитализм қҧбылысының 
дамуына алып келеді: ауруханадан шығуға қорқу, қиындықтардан кҥдіктену, 
қызығушылықтар шеңберінің тарылуы, маман ретінде ӛзін қажетсіз сезіну. 
Реабилитациялық жҧмыстың жеткіліксіздігінен науқастар ауруханадан 
шыққан соң қайта оралып жатады. Сондықтан кӛп елдерде койкалық фондты 
1000 тҧрғынға шаққанда 1,5-3,5 койкаға дейін қысқарту міндеті тҧр. 
Амбулаторлық кӛмекті ары қарай дамыту міндеті де бар.
Психикалық аурулардың айтарлықтай ҧзақтығы, олардың жиі 
рецидивпен жҥруі, психоневрологиялық диспансерлермен науқастардың 
жҥйелі қадағалану қажеттілігін білдіреді. Реабилитациялық қызметте 
науқастардың белсенділігін арттыру мақсатында міндетті емес кӛмек 
тҥрлерін іске асыру шешілді. Осылайша, ірі қалаларда ерікті бастамамен ескі 
пациенттер клубтары ашылды. Клубтың мақсаты науқастарды коллективке 
тарту, оның қоғамға және ӛзіне деген кӛзқарасын қайта қалыптастыру болып 
табылады. Клуб қазметін дәрігер бақылап отырады, бірақ науқастардың 
ӛздерімен ҧйымдастырылып, іске асырылады. Клубтағы белсенді қызмет 
бағаланады, еңбектік тәрбие қарастырылады, спортпен шҧғылдану және 
мәдени бағдарлама ҧйымдастырылады, аутогенді жаттығу тәсілдеріне 
ҥйретіледі, 
науқастардың 
туыстарымен 
дәрігердің 
кездесулері 
ҧйымдастырылады, қызығушылықтары ортақ науқастар топпен жҧмыс 
істейді.
Реабилитациялық жҧмыс бойынша Отандық психиатрияның жинаған 
тәжірибесі оның негізгі принциптерін қҧруға мҥмкіндік берді. 
Реабилитацияның бірінші принципі ықпал етудің биологиялық және 
әлеуметтік әдістерінің бірлігін ҧстанады. Ауруды емдеу консультативті, 
педагогикалық жҧмыспен және әлеуметтік қҧрылым қызметімен 
бірлестіріледі. Екінші принцип тек қана аурумен ғана жҧмыс істеп қоймай, 
ортаны сауықтыру, отбасында, қоғамда науқас ҥшін жайлы әсер ететін 
қарым-қатынас тҥзу. Ҥшінші принцип барлық емдік-қалпына келтіру 
шаралары науқастың тҧлғалық ерекшеліктерін ескеріп жҥргізілу керектігін 
білдіреді. Тӛртінші принцип реабилитацияның сатылы жҥргізілуі, науқасқа 
әсер ету әдістерінің ретімен ауыстырылып отыруы.
Реабилитация идеяларын іске асыру науқасты аурудың жедел кезеңінде 
белсенді дәрілік терапиямен жоғары деңгейде қамтамасыз ету нәтижесінде 
ғана мҥмкін болып шықты. Тек психопатологиялық симптоматика 
редукцияланғанда реабилитация қызметі басталуы керек. Оның мазмҧны 


~ 69 ~ 
аурудың 
нозологиялық 
ерекшелігіне 
және 
әр 
жағдайдың 
индивидуальдылығына қарай анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет