Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Жастық криздер немесе криздік кезеңдер



Pdf көрінісі
бет31/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Жастық криздер немесе криздік кезеңдер
деп адамның биологиялық 
және социальды функциясының ӛте интенсивті қайта қҧрылуы жҥретін ӛмір 
кезеңдерін айтамыз, бҧл кезде сыртқы орта әсерлеріне сезімталдық
жоғарылайды – ауру туындау қаупі ӛседі. Криз индивидумның психикалық 
дамуының, жҥріс-тҧрыстың жаңа мотивтерімен және алға қойылатын жаңа 
әлеуметтік талаптарымен жаңа сапалық сатысының басталуын білдіреді.
Балалар психологиясы мен психиатриясында 3 негізгі криздік кезең 
бӛлінеді: 3, 7, 12, 15 жас. Барлық криздік кезеңдердегі психикалық 
жауаптарға жалпы тән ерекшеліктер болады: балалар ашуланшақ болады, 


~ 58 ~ 
тітіркенгіш, тыңдамайтын, ересектермен қатынаста айқын негативизм 
танытады. 
3 жастағы жастық криздің маңызы баланың барлық айтқандары
ересектер тарапынан орындалатын, жҥріс-тҧрыстың реактивті формасынан 
«Мен деген-жҥйенің» (ӛзіндік сана) пайда болуы, және бәрін ӛзім жасаймын 
(«Мен ӛзім») деген ҧғымдардың пайда болуымен жҥретін активті формаға 
ауысуында болып табылады.
7 жастағы жастық криз негізі социальдық ӛзіндік сананың оянуы болып 
табылады: ӛзін іс-әрекет субъектісі ретінде бағалау сатысынан адамзаттық 
қарым-қатынас жҥйесіндегі субъект ретінде бағалауға кӛшуі. Бала ӛмірін 
толтыратын ойын, шынайы әлеуметтік ӛмір қажеттіліктеріне сәйкестігін 
жоғалтады, бҧл жағдайда жҥйелі оқу бастамасы осы жас кезеңінің кризистік 
ситуациясын нивелирлеуге қабілетті болады. 
Жасӛспірім шақтағы кризис аса жедел және ҧзақ мерзімді болып 
табылады, ол пубертатты криз деп аталады. Криз мазмҧны ӛзін таныту мен ӛз 
пікірін ҧстануға қажеттіліктің басымдылығынан тҧрады, бҧл қажеттіліктер 
кейбір жағдайларда жасӛспірімнің социальды және психикалық дамуында 
синхрондылықтың болмауына байланысты жиі кӛрініс бермей қалады. 
Объективті тҥрде есею, таным шеңберінің кеңеюі, жаңа қызығушылықтар 
пайда болуы кезінде жасӛспірім әлеуметтік сала тарапынан ересектерге 
тәуелді болып қала береді, сондықтан оның кӛп істері шындықпен араздыққа 
алып келеді. Жиі байқалатын қарқынды жыныстық даму, әсіресе ер 
балаларда эндокриндік, вегетативтік ӛзгерістермен және соматопсихикалық 
дисфункциялармен кӛрінеді. Психожарақаттаушы факторлардың әсерімен 
организмнің реттеуші функциясының бҧзылуы кезінде невротикалық 
реакциялар, депрессивтік жағдайлар оңай дамиды, пубертатты криз кезінде 
жиі алғаш эндогенді психикалық аурулар, атап айтсақ шизофрения кӛрініс 
береді.
Бҧл жаста психикалық патология диагностикасының ерекше 
қиындығы, аурудың бастапқы симптомдары пубертатты кризге және 
акселерацияға тән психикалық сфераның және жҥріс-тҧрыстың әрқилы 
диссоциациясын бейнелейді. Жыныстық жетілу кезеңіне ешқандай дертсіз-ақ 
эмоционалды тҧрақсыздық, жоғары қозғыштық, импульсивтілік, қарқынды 
қиял ойыны, ересектердің пікірін қабылдамау және қҧрдастарының пікіріне 
сезімталдық тән. Суреттелген психикалық ерекшеліктер, психикалық және 
физикалық даму деңгейіндегі максимальды диспропорциялар жҥріс-
тҧрыстың 
әртҥрлі 
бағытталған 
мотивтері 
социальды 
адаптация 
қиындықтарын туғызады және жиі тәртіптің бҧзылуының және 
жасӛспірімдердің қоғамға қауіпті әсерлер кӛрсетуінің себебі болады. Жҥріс-
тҧрыс бҧзылысының профилактикасы ҥшін, олар жӛнінде жалпы болса да 
тҥсінік болуы керек.
Балалар мен жасӛспірімдерде байқалатын жҥріс-тҧрыс бҧзылысы 
негізінде жатқан әртҥрлі реакциялар 4 типке бӛлінеді: бас тарту реакциясы, 
оппозициялық, имитация және компенсация. 


~ 59 ~ 
Бас тарту реакциясы
бірдемеден айырылған кездегі баланың немесе 
жасӛспірімнің эмоциялық кҥйі бҧзылған жағдайларда дамиды: интернатқа 
орналастыруға байланысты жанҧясынан, ата-анасының ажырасуы себебінен 
олардың бірінен ажырау, жаңа тҧрғылықты орынға кӛшуге байланысты 
достарынан ажырау. Тамақтан, қарым-қатынастардан, ойыннан және т.б. бас 
тартады.
Оппозициялық реакция
жанҧяда іні немесе қарындас пайда болуына 
байланысты шамадан тыс жҥктемеден немесе жасӛспірім ӛзіне бӛлінетін 
кӛңілдің азаюынан пайда болады, анасының кҥйеуге шығуы және басқа да 
себептерге байланысты дамиды. Суицидальды әрекеттердің, ҥйден қашудың, 
бҧзақылық істердің мотиві болып ӛзіне кӛңіл аударту, ӛзін басқа жауыз 
адамдардың ықпалымен болған ситуация қҧрбаны етіп кӛрсету болып 
табылады. 
Имитация реакциясы
ӛзге тҧлғаға немес бейнеге - кино жҧлдызына, 
тәрбиешіге, қҧрдасына еліктеумен кӛрініс береді. Имитация реакциясы егер 
еліктеу объектісі антисоциальды тҧлға болса социальдық нормалардың 
бҧзылуына себеп болады. Теріс имитация реакциясы ӛзін қандай-да бір 
бейнеге қарама-қарсы ҧстауға талпыныспен кӛрініс береді: маскҥнем 
баласының спиртті ішімдік ішпеуі; пайдақор жанҧясында ӛскен жасӛспірім 
немесе қыз-жігіттердің материальдық кӛмектен бас тартуы. Имитацияның 
теріс реакциясы шеңберінде эмансипация реакциясы пайда болуы мҥмкін – 
жасӛспірімнің ӛз қҧқығы мен еріктілігі ҥшін кҥресі. 
Компенсация реакциясы
– кейбір жетіспеушіліктерді толықтыруға 
бағытталған: физикалық әлсіз жасӛспірім ӛз қатарына ой еңбегі арқылы 
теңесуге тырысады, ҥздік оқиды, ӛзінің энциклопедиялық білімімен таң 
қалдырады. 
Гиперкомпенсация реакциясы
жасӛспірімнің әлсіздік танытқан 
саласында табанды дайындалып, аса жоғары нәтижелерге жетумен кӛрініс 
береді. Балалар мен жасӛспірімдерге ортақ аталған реакциялардан ӛзге 
жасӛспірім шақ ҥшін арнайы реакция тҥрлері бӛлінеді: эмансипация 
реакциясы, қҧрдастарымен топталу реакциясы, әуестену реакциясы (хобби-
реакция), сексуальды әуестікке байланысты реакциялар. Эмансипация 
реакциясы туралы жоғарыда айтылып кетті.
Құрдастарымен топ құру реакциясы
белгілі бір деңгейде инстинкт 
тҥрінде детерминирленген; ӛз лидері бар жасӛспірімдік топтардың 
қҧрылуымен, топ ішінде рӛлдердің бӛлінуімен, ӛздерінің нақты 
территорияларын бӛлумен сипатталады. Кӛптеген қылмыстарды осындай 
топ жасӛспірімдері жасайды. Әуестену реакциясы, балалардың ойыны 
тәрізді, жасӛспірім шаққа тән қасиет. Әуестіктің әртҥрі болады: қҧмар 
ойындары, байлық жинауға қҧмарлық, лидер болуға қҧмарлық және 
интеллектуальды-эстетикалық және т.с.с. Әуестік жасӛспірімдердің бар ой-
санасын билеп алған кезде жҥріс-тҧрыстық бҧзылыстар дамиды, оқуға және 
еңбекке қарсы қояды, әлеуметтік нормалардың бҧзылуымен байланысты.


~ 60 ~ 
Сексуальды әуестік реакциялары
– тікелей жыныстық қозудың 
реализациясына бағытталған (онанизм, ӛтпелі гомосексуализм), немесе терең 
жасырын сексуальды кҥйді білдіреді (суицидальды әрекет, агрессия актілері). 
Жасӛспірімдердің сексуальдылығы әртҥрлі тітіркендіргіштер әсерінен пайда 
болады, тҧрақсыз, аса сезімтал және патологиялық тҥрге оңай ауысады.
Барлық суреттелген реакциялар қалыпты жағдайлармен қатар 
патологиялық психикалық реакцияның да кӛрінісі болуы мҥмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет