~ 100 ~
болғандықтан,
осы белгілерді танып, білу арқылы ауруларды ажыратамыз.
Мысалы: неврастенияда, маникальды–депрессивті психозда, церебральды
атеросклерозда да науқас ҧйқысыздыққа шағым айтады. Алайда, бҧл
аурулардың ҧйықтамау себебі әрқалай. Неврастенияға
тітіркенген әлсіздік,
шыдамсыздық және басқа да белгілердің пайда болуын анықтайтын ішкі
тежеудің жеткіліксіздігі тән. Тежелу реакциясының әлсіздігіне байланысты
ҧйқы беткей болады, ауру болмашы тітіркендіргіш әсерінен тҥні
бойы жиі
оянады. Сондықтан адам дҧрыс тыныға алмай, таңертең тҧрғанда басы
ауырып, ҧйықтай алмағанына және айналадағы болып жатқанның бәрін естіп
жатқандығына шағым айтады.
Маникальды – депрессивті психозбен науқас депрессия сатысында тҥні
бойы кӛз ілмейді. Оларды бір минут болсын ауыр кҥйзелістен қҧтыла
алмайды: ӛткен ӛмірі қателіктерге толы, қазіргі ӛмірі азапты, болашағын
перспективсіз кӛреді. Тҥнімен азаптанған науқас осы жағдайынан шығар жол
таба алмайды, ӛмірден кеткісі келеді. Анестетикалық
депрессиямен ауру
тҥнімен ҧйықтап, оянғанда ӛзін тҥнімен ҧйықтай алмағандай сезінеді. Бҧл
ауруда ҧйқысыздықтан да басқа тою, ашығу сезімі, қуаныш, қайғы сезімдері
жоғалады; кейде олар ӛз денесін де сезбейтінін айтады. Церебральды
атеросклерозбен ауруға барлық психикалық ҥрдістердің әлсіреуі тән, ол
назардың тҧрақсыздығы, ес жеткіліксіздігі, жан әлсіздігімен кӛрінеді. Зорығу
реакциялар инерттілігімен бірге жҥреді, бҧл кезде науқас кҥн деңгейінде
болған оқиғалар, әңгімелер әсерінен ҧйықтай алмайды. Кӛзі ілініп барып, 2 –
3 сағаттан кейін ҧйқы механизмінің қажуына байланысты оянып кетеді.
Қайтадан ҧйықтауға тырысады. Ақырында таңғы 6 -7 шамасында кӛзі ілініп,
іле-шала сағат шырылынан оянып кетеді.
Жоғарыда келтірілген мысалдардан
мынаны байқауға болады, бірдей
психопатологиялық симптомдар әр ауруда әртҥрлі болады, ӛйткені
патогенезінде айырмашылық бар.
Достарыңызбен бөлісу: