Қолда бар нақты табысты есептегенде қолда бар табыстарды тұтыну
бағасының индексіне бӛледі.
Тұтыну шығындары , олардың құрамы жеке адамның немесе үй
шаруашылығының табысының мӛлшеріне байланысты болады. Тұтыну
шығындарының ішінде ақырғы тұтыну шығындарын және нақты ақырғы
тұтыну шығындарын бӛліп қарастырады.
Ақырғы (түпкілікті) тұтыну шығындары үй шаруашылықтарының
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшiн сатып алынған тауарлар мен
қызметтердiң құнын кӛрсетедi.
Үй шаруашылығының ақырғы тұтыну шығындары болып мыналар
саналады:
-
сатып алынған тұтыну тауарлары;
-
тұтыну қызметтерінің ақысы;
-
үй шаруашылығының ӛзі тұтыну үшін шығарған ӛнімдері;
-
еңбекақыны заттай тӛлегенде тұтынылған ӛнім;
-
мемлекеттiк мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың заттай берген
әлеуметтiк жәрдемдерi, т.б.
Нақты ақырғы тұтыну кӛрсеткiшiнiң құрамында ақырғы тұтыну
шығындарымен қатар, заттай қабылданған немесе заттай берiлген әлеуметтiк
трансферттер де болады.
Тұтыну бағаларының индексі халықтың жеке тұтынуы үшін сатып
алған тауарлары мен тұтынған қызметтерінің бағалары уақытқа байланысты
қалай ӛзгергенін сипаттайды және мына формуламен есептеледі:
0
0
0
0
0
0
0
1
q p q p i q p q p I p p ,
мұндағы
0
0
q p – базалық мерзімдегі тауардың (қызметтің) құны;
– тауар (қызмет) бағасының дара индексі.
Баға ӛзгерісі туралы ақпаратты тұтыну қоржынына кіретін нақты
тауарлар мен қызметтер бағасын тіркеп отыру арқылы алады. Тұтыну
қоржынында азық-түлік тауарлары, азық-түлік емес тауарлар және ақылы
276
қызметтер болады. Тұтыну қоржынының құны арқылы күнкӛріс деңгейінің ең
тӛменгі шегі анықталады.