П. И. Пидкасистый а у д а р ғ а н д а р



Pdf көрінісі
бет175/400
Дата23.12.2023
өлшемі13,11 Mb.
#198771
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   400
Байланысты:
дидактика кытап 2

Білш беру стандарты
-
мектеп бітіруші тулектің жалпы білім
беру дайындыгына қойылатын талаптардың міндетті деңгейі және
осы талаптарга сай әдістер, оку мен бақылау ңуралдары, турлері және
мазмуны. Ол “мөлшер”, “улгі”,
“олшеуііи ” дегенді білдіреді.
Белгілі педагог-маман В.С.Леднев ғылыми негізге сүйене отырып, білім 
беруді стандарттауды қоғамдық идеалды (мүрат) көрсететін және нақты бір


142
II бөлім. Дидактика
түлғаның білім беру жүйесінде осы идеалға жету мүмкіндіктерін ескеретін, 
білімділіктің мемлекеттік мөлшері ретінде қолданылатын негізгі параметрлер 
жүйесі деп түсіндіреді.
Жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты 3 қүрамдас бөліктерден 
түрады: федералдық, үлттық-аймақтық және жергілікті, мектептік. Федерал- 
дық бөлікте Ресей кеңістігінде педагогикалық кеңістік бірлігі мен жеке 
түлғаның әлемдік мәдениет жүйесіне қосылуын қамтамасыз ететін норматив- 
тер көрсетілген. Үлттық-аймақтық бөлігі аймақ пен оны мекендейтін халықтың 
қызметі мен ерекшеліктерін көрсететін ана тілі, тарих, география, өнер және 
т.б. оқу пәндерін оқыту саласындағы нормативтерден түрады, ал мектептік 
бөлікте жекелеген білім беру мекемесінің ерекшелігі көрсетіледі.
Б ілт беру стандарты, бір жагыпан

мемлекеттің өз (ізаматтары
алдмндагы міндеттемесі болса, екініиіден — бтім беру саласында
аз(шаттың мемлекет алдындагы міндеттемесі.
Федералдық және үлттық-аймақтық деңгей шеңберінде білім беру стан- 
дартына мыналар жатады:
- білім алушыга қажетті білім дайындығы көлемінде мемлекеттік міндетті 
білім беру мазмүнының әр сатысының қорытынды сипаттамасы;
- көрсетілген мазмүн көлемі шеңберінде оқушылардың ең қажет дайын- 
дығына қойылатын талаптар;
- оқу жылдарындағы рүқсат етілген оқу жүктемесініц ең үлкен көлемі.
Мазмүндылық қырынан жалпы білім беру мектебіндегі стандарт оқушы-
лардың әлеуметтік тәжірибені игеру үшін іріктеу барысында қажеггісінен 
айрылып қалмай, олардың жеке түлға ретінде қалыптасуы мен дамуын 
ескеретін білім беру мазмүнын нақтылаудағы анықтаушы жалпы бағыт пен 
білім беру саласын білдіретін жалпы бағдар. Жалпы алғанда, ол оқушының 
мектеп бітіргенде ие болатын адам өміріндегі танымдылық, тәжірибелік өрісі 
мен біліктілік қорын кеңейтіп, қоғамда оз рөлін анықтауға көмектеседі. 
Мектеп бітіруиіі қоғамдагы әлеумегтік, саяси, экономикалық, экологиялық, 
өндірістік, басқарушылық, халықаралық, мәдени, отбасылық мәселелер 
бойынша өз пікірлерін айтып, оған араша түра алуы керек. Сонымен қатар, өз 
бегінше үздіксіз білім салалары, ғылым мен әрекег түрлері бойынша білім алу 
технологияларын игеруі тиіс.
Осы мәлімдемелер білім беру сатылары, деңгейлері бойынша стандарт- 
таудың жалпы негізін қалайды және нақты оқу пәні, білім салаларына қарай 
нақтыланады, осыдан оқушылардың дайындық деңгейін бағалау мен қадағалау 
қүралы болатын, оқу материалының деңгейі және оқушының міндетті 
дайындығына талап ретінде тапсырмалар (тест) жүйесі жасалынады.
Уақыт ағымымен білім беруді стандарпау өзгереді, нақтылана түседі, 
стандартты нормативтік қүжат ретінде қолдану мектептегі білім беру жүйесін 
қайта қүру барысында тәжірибе жинақталуына байланысты түзетіліп отырады. 
Білім беру стандартын енгізу нәтижесінде әрбір окушының белгілі бір алдын 
ала берілген базалық дайындық деңгейіне жету кепілдігі туралы мәселе туын- 
дайды, ол әрбір оқушының ең биік деңгейде білім алуына мүмкіндік береді, 
оқудың тиімді үрдістерін қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет