калыптасу факторлары
даму барысында білімді адамдарға сүранысы,
оқыту
барысындағы
нақты
мүмкіндіктер;
оқушылардың орта және оңтайлы мүмкіндіктері және білім алуда жеке
түлғаның қажеттіліктері жатады.
Өндірістің, ғылым мен техниканың дамуының, қоғамның қызығушылығы
мен мүқтаждықтарының және білім алу барысындағы жеке адам талаптарының
140
II бөлім. Дидактика
әсерінен өзгеретін білім алу жүйсіне тек қоғам ғана талап қоя алмайды,
сонымен қатар азаматтардың да оны тандауға қүқығы бар. Сол себептен
педагогикада халыктың білімдік қажеттіліктері, білім беру кызметі, қосымша
білім беру, саралап оқыту түсініктері кездеседі. Білім беру жоспар бойынша
мемлекеттік стандартқа сай белгілі бір деңгейде меңгерілуі қажет (қараңыз:
Закон РФ “Об образовании”, ст.9, п.6).
Мектеп білім мазмүнын таңдаудың негізіне
Жалпы білім мазмүнын
жалпы үстанымдар алынады және оқу пәнде-
таңдау үстанымдары
рінде нақты материалдардың қүрылымын анық-
тауда өлшемдер
қолданылады. Жалпы білім
мазмүнының қүрылуында қандай үстанымдар жатыр? Педагогика ғылымында
бүл сүраққа нақты жауап жоқ. Ал, И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткиннің үсынған
үстанымдары бойынша, жалпы білім беретін мектеп өзінің мақсатына жету
үшін толық қажетті материалдармен қамтылуы қажет. Бірақ та олардың үстаным-
дары тек нақты білім мазмүнын таңдауда жалпы бағыттарында корсетілгендіктен,
авторлар жеке негіздерді корсетуге тырысады. Олар мыналар:
білім берудің мазмүнына қазіргі әлем бейнесін көрсететін ғылыми
білімдер кіреді. Бүл - іргелі үғымдар, заңдар, теориялар және олардың негізгі
фактілерін ескеру, ғылыммен шешілетін негізгі мәселелер, олардың әдістері-
нің жиынтыгы;
Г жалпы білім мазмүнына жалпы білімдік түсініктер кіреді, ягни барлық
немесе коптеген әрекет салаларында маңызы барлары енеді;
білім мазмүнында теориялар, үрдістер, олардың тетіктері мен үстаным-
дары үшін қол жетерлік және үнемді логика қажет;
Г ғылымдар негізінде теориялық білім негіздерін практикалық салаларда
ашып көрсету қажет;
ғылыми ойлаудың дамуы мен оны меңгеруде әдіснамалық білім,
үрдісті ашу және таным тарихы, идеялардың қозгалысы қажет;
_ білім мазмүнында негізгі және шешілмеген мәселелердің де болуы
қоғам мен жеке түлғаның жалпы дамуы үшін маңызды;
пән аралық байланыстарды қалыптастыру керек.
Жоғарыда айтылган авторлармен гылыми айтысқа түспей, бірақ олардың
білім беру мазмүнын қүрастырудағы үстанымдар жүйесінің негізіне деген
қатынасын салыстыра отырып, үсынылған үстанымдар жиынтыгы В.В.Краевский
жасаған және бізбен толықтырылған келесі үш негізгі үстанымда толыгымен
көрініс табады:
- білім мазмүнының барлық элементтерінде және оны қүрастырудагы
дамушы гуманистикалық, демократиялық қоғамның негізгі талаптарының бар-
лык сатылық деңгейлеріне сәйкес келуі;
- оқу материалының мазмүнын қүрастыру мен қалыптастыруда білім беру-
дің мазмүнды және үрдісті жақтарының бірлігін есептеу үстанымы. Бүл үста-
нымды жүзеге асыру адам әрекетінің барлық түрлерін, оқу жоспарында
барлық оқу пондеріндегі байланыс пен үсынысты болжайды;
- оқушының жеке түлға ретінде дамуын есепке ала отырып, білім беру маз-
мүнының қалыптасуының әр түрлі деңгейдегі қүрылымдық бірлігі үстанымы.
Көрсетілген үстанымдар білім беру мазмүнының қүрамына нені кіргізу
керек, нені кіргізбеу керек екендігін анықтауда маңызды болып табылады.
|