II бөлім. Дидактика
171
коюда тудырады. Мүғалім осы арқылы салыстырады, жаңа күбылыстардьщ
бүрынғыларынан айырмашылықтарын көреді.
Оқушылардың зейіні мүғалімнің оқып үйретілетін тақырыптың даму
барысын көрсете отырып, баяндауына аударылады. Оқушылар алдына ойдың
сатылап дамуының тізбегі қойылады. Егер мүғалім дамудың әрбір кезеңінің
алдына мүмкін баламаларды қойса, ақыл-ой белсенділігін қозғайтын білуге
қүмарлықты оятады. Әрбір қүбылыстың дамуында қайшылық бар, ол
қайшылық қақтығысқа, күреске және басқа да оқиғаларға әкеледі. Пікірлер
мен түжырымдамалар күресі барысындағы дамуды сиппаттауда мүғалім сөзі
оқушының танымдық қызығушылығын оятудың қүралы болып табылады.
Танымдық қызығушылықты сақтаудағы қажетті қүралы оқытудың барлық
кезеңдерінде қолданылатын
әзіл
болып табылады. Оның мазмүны - күлкілі
жағдайлар, адамның, қоғамның түрлі кемшіліктері. Әзіл түрлі негіздер арқылы
жіктеледі. Айтылуына қарай, өткір әзіл және достык әзіл болып болінеді.
Сабақтарда оқушының жеңіл күлкісін оятатын достык әзіл керек.
Қайнар көзіне байланысты әзіл негізгі жоне басқадан алынған болыгі
бөлінеді. Жас мүғалім өзгелердің әзілін пайдаланады, ал тәжірибелі шебер
мүғалім өзінің әзілдерін келтіреді. Бірақ мектеп жағдайында оларды қарама-
қарсы қоюға болмайды, біріншіден, көпшілік адам табиғатынан нәзік әзілді
болмайды, екіншіден, сабақта әзіл айтуға көп уақыт үйрену керек.
Формасына қарап біз әзілді өткір әзіл, мәтелдер, эпиграммалар,
анекдоттар, қалжыңдар, астарлы сөздер және т.б. деп бөлеміз.
Мүғалімнің ауызекі тілі - өзінің ойы мен сезімдерін білдіру қүралы.
Оқушылар ауызекі тілді қабылдаған кезде алдымен мүғалімнің ойы мен
сезімін түсініп жаттауға тырысады. Бірақ оқушылардың бүл талпыныстары
мүғалімнің ауызекі тілі келесідей талаптарға сай келген жағдайда ғана
орындалуы мүмкін: 1) грамматикалық дүрыстылық, 2) дәлділік (нақтылық),
3) орындылығы, 4) үнемділік, 5) түпнүсқалық. Грамматика стандарттарына
сойкес сөйлеу әңгімелесушінің ойын дүрыс түсінуге мүмкіндік жасайды.
Тақырыпты түсінудегі оқушылардың қателері мүғалімнің жаңа материалды
түсіндірудегі
морфология мен синтаксистен жіберген
ақаулықтарынан
туындайды. Оқушылардың білім сапасы мүғалімнің тіліндегі анықтамалардың
дәлдігіне байланысты. Дерексіз жазылымда, түсініктерді араластыру, әдеттегі
сөз сөйлеу салттары оқушылардың білім сапасын төмендетуге әкеледі. Білімді
сапалы меңгеру шарттары - нақты, жанды түсініктер, қүбылыстардың жіктемесі,
типтері, түрлерін бөліп корсету, штамптарды жою.
Достарыңызбен бөлісу: |