168
II бөлім. Дидактика
қүралдарына демонстрациялық тәжірибені
жабдықтауды жатқызуға болады,
ал білім алу қүралдарына- зертханалық практикумды жатқызуға болады. Білім
беру қүралдарын көбінесе мүғалім оқу материалын түсіндіру үшін қолданады.
Ал білім алу қүралдарын оқушылар жаңа білімді түсіну үшін колданады.
Сонымен қатар кейбір қүралдар білім берумен қатар білім алуда да
қолданылады.
Сабақ берудің күралдары мен әдістері мүғалімнің хабар-лаушы
Сабак беру
және басқарушы қызметін іске асырады да, үлкен мәнге ие
күралдары
болады. Қүралдар окушылардың танымдық қызығуын оятады
және
қолдайды, оқу материалының көрнекілігін жақ-сартады,
оны түсініктірек етеді, зерттеген қүбылыс туралы толығырақ және дәлірек
ақпарат береді т.б. Оларды жаңа материалды түсіндіру қүралдары,
бекіту
және қайталау қүралдары және бақылау қүралдары деп белуге болады. Білім
беру қүралдары мен әдістерінің атаулары көбінесе бір сөз тіркесінде болады.
Әдістер мен қүралдарды қолданудың тиімділігі мүғалімнің сабақ үстіндегі
жүмыс тәртібі және жоспарлаудың жүйелігіне байланысты. Мысалы, логикалық
қиын тақырыпты түсіндірген кезде, соңында теорияны
көрсететін тәжірибе
жасауға болады, технологиялық үрдіс туралы әңгімелер үйымдас-тырумен
бірге өткізуге болады, мәселелік оқытуда тәжірибе көрсету түсіндіруден бүрын
болады; ол танымдық қүрал қызметін атқарады да,
оқушылар тәжірибелерді
байқай отырып, болжам жасауға тиіс болады. Демонстрация кезінде оқушы-
ның көріп қабылдауы ерекше маңызды. Сондықтан не көрсетіліп жатыр,
қайсысын бақылау керектігін үнемі нүсқап отыру керек.
Демонстрация кезінде мүғалім жүмысына жоғары талаптар қояды. Ол
сыныпта объектінің жанында немесе артында алдымен қарап түруы керек.
Сонымен қатар ол көрсету, түсіндіру жоне әр оқушының жүмысы
мен тәртіпке
бір уақытта қарауы керек. Мүғалімнің бүрыс әрекеттері тәртіптің бүзылуына,
материалды дүрыс емес қабылдауына әкеледі, оқушылар санасында бүрыс
бейнелер мен түсініктердің қалыптасуына әкеледі.
Әрбір қүралдарды қолдану кезінде оқу заңдылығымен белгіленетін тепе-
теңдіктер мен шектерді сақтау керек. Көрнекілік қүралдарының болмауы не
месе тым аз болуы білім сапасын төмендетеді.
Бірақ өте көп көрсетулер
оқушылардың назарын бөледі. Қиын тақырыпта 4-5 көрсету жеткілікті. Көрсе-
тілетін заттар және суреттер тақтадан соңғы орындардан көрінуі керек.
Сыныпта бес катар болғанда тақтадан көрсетілетіндердің үзындығы 5 см және
ені 1 см болуы керек. Егер
объектілер кіші көлемді болса, оның көлеңкесін
көрсету, немесе оның оптикалық көрінісін үлкейту, немесе үлестірмелі
материал беру, немесе оқушыларды бірінше үстелдерге отырғызу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: