II бөлім. Дидактика
Мысал ретінде оқушылардың өздік жүмысында пайдаланатын оқу
карталары мен жеке қолданатын кестелерді алайық. Олар ғылымда дәлелденіп,
оқыту тәжірибесінде бекітілген арнайы қолдану әдісіне ие: кестеде әрекет
жүйелі тәсілі үйымдастырылған түрде беріледі. Сондықтан сабақта оқушы-
лармен біріге оқу картасын жасап, оны білім мен есеп шығару үшін қолдану -
жалгіылама танымдық әрекетті іске асыру, қүрастыру, қолдану әдістерімен
қатар берілген ақпаратты игеруді қамтамасыз етеді. Оқу картасы мен кесте-
лерді қолдану білім сапасын көтереді және ақыл-ойдың дамуына көмектеседі,
өйткені оқу мағлүматын тәжірибеде талдау және жаттығу есептерін қолдану
нотижесінде оқу ақпараты жан-жақты сипатгалады.
10.4. Оқу кабинетін жабдықтау
Оқу ақпаратын игеруге қажетті материалдық қүралдар оқу бағдарлама-
сынан туындайтын жүйені қүрайды. Ол келесі үстанымдарға сәйкес қүрылады.
1.
Жабдықтау барысында маңыздысын көрнекілеп, түсінуге оңай және
эстетикалық мәні бар оқу үрдісінің басқа да элементтеріне қойылатын педа-
гогикалық талаптар толығымен қанағаттандырылуы тиіс.
2
Атқарушы жүмыстары бірдей барлық қүралдар (күштік өткізгіштер,
түзегіштер, кабелдер, электр сым тетіктері және т.б.) көрсету қондырғылары-
мен сәйкес болуы керек.
3. Оқыту қүралдарының түрлері мен сандары оқу бағдарламасы жүйе-
сіндегі материалдық қажеттілікті толығымен қамтамасыз етуі қажет.
4. Оқыту қүралдары жергілікті түрғындар сүраныстарына, мектеп жүмы-
сының бар жағдайына сай болуы тиіс.
Оқыту тәжірибесі көрсеткендей, оқыту қүралдары жүйесін
Оку
үйымдастырудың ең оңтайлы түрі - кабинеттік жүйе. Бүл
кабинеттері
жүйеде арнайы бір пәннің барлық қүралдары (немесе бір
мүғалім қолданатын) тек бір кабинетте орналасуы тиіс,
қажет жағдайда басқа да орындар: лаборанттық, зертханалық, жөндеу
шеберханасы қосылады. Оқу кабинеттері теориялық білім мен жаттығулар
(семинарлар, есеп шығару, бақылау жүмыстар, тәжірибе сабақтар) өткізуге
арналған. Оқу зертханалық дәрісханаларда тәжірибе жүмыстары жүргізіледі,
нәтижесінде оқушыларда түрлі техникалық, кәсіптік, еңбек, зерттеу және
басқа дағдылар қалыптасады. Кабинеттің жанында қосалқы бөлмелер болуы
керек. Зертханада тәжірибелер және басқа көрсетілімдер даярланады, көрнекі
қүралдар, үлестірмелі материал, зертханалық жүмыс қүралдары сақталады.
Кейде зертханаға басқа да бөлмелерді қосып, қүралдар қоятын, жөндеу
жүмысына қажет үстел, оқытушылар үшін үстелдер қояды. Бір бөлменің
мүғалімдердің барлық жүмыстарына қажет болуы сабақтарға даярланатын
уақыттың жалпы көлемін азайтады. Егер кабинеттен оқушылардың көптеген
ағыны өтетін болса, бір бөлмеде бірнеше мүғалімнің жүмысының шоғарлануы
қақтығысқа алып келеді. Бүл жағдайда жүмыстың әрбір түріне бір бөлмеден
бөлген дүрыс.
Кабинетте көрнекі қүралдарды көрсетуге барлық
Достарыңызбен бөлісу: |