П. И. Пидкасистый а у д а р ғ а н д а р


I бөлім. Педагогиканың жалпы негіздері



Pdf көрінісі
бет79/400
Дата23.12.2023
өлшемі13,11 Mb.
#198771
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   400
Байланысты:
дидактика кытап 2

I бөлім. Педагогиканың жалпы негіздері
табады, ескі мен жаңанын қақтығысын көрсетеді. Өз кезегінде, алға қойылған 
мәселелер мен тақырыптарды күрастыру зерттеудің көкейкестігін анықтау мен 
негіздеуге сүйенеді. Зертгеу объектісі зерделеуге қажегті саланы, ал пәні -
зерделеу қырын көрсетеді. Сонымен тізілген еипаттамалардың барлык 
элементтері біріне-бірі сәйкес, бірін-бірі толықтыратын жүйені қүрайды. Осы 
келісулердің дәрежесіне қарай зерттеу сапасын бағалаута болады. Жалпы 
ганымдык ой гылыми жүмыстың типіне багынышты емес. Студенттің диплом- 
дық жүмысы және докторлық диссертация, әрине, көлемі, зерттеудің объектілік 
саласы, іргелілігі, талдау тереңдігіне жэне т.б. байланысты ажыратылады да. 
бірақ басты өлшемдер мен ғылымның сипаты жоне танымның жалпы қисыны 
бойынша үқсас болады. Бүл ретте әдіснамалық сипаттамалар жүйесі оның 
сапасының жалпылама көрсеткіші болып табылады.
4.3 Педагоги калы қ зерттеу қисыны
Енді танымның педагогикадағы дамуын, оның динамикасын, білмеуден 
білуге көшу үрдісін қарастырайық. Бүл үшін кейбір жалпы бәріне ортақ үгым- 
дарды қолдануға, ең алдымен, кез-келген іс-әрекет сипатталатын: 
мақсат,
күралдар және нэтижені 
пайдалануга тура келеді. Сонымен қатар, жалгіы 
ғылымилық деңгейдегі үғымдар да керек болады: 
эмпирикалық суреттеу,
теориялык модель 
(таңдалған объект туралы жалпы түсінік), 
нормативті
модель 
(объектімен не істеу керек екені, оны барынша гылыми негіздемедегі 
түсінікке жақындату үшін не керек екені туралы түсінік) және 
жоба 
(іс- 
әрекеттің накты нормалары, оқулық қүрастырушы мүғалімге үсыныс айту 
және т.б.). Мына терминологияны пайдалана отырып, 
педагогикалык зерттеу
логикасын 
сипаттайтын негізгі кезеңдер мен гіроцедураларды көрсетеміз.
Қозғалыс - мақсат қоюдан басталады. 
Мақсат 
- бүл нәтиже туралы 
түсінік. Адам өз алдына мақсат қойып, ол өзінің көз алдына қандай нәтиже 
алатынын жәпе бүл нәтиже қандай болатынын елестетеді. Нақты нәтиже алу 
үшін, белгілі бір қүралдарды қолдану керек. Зерттеуші үшін бүл - әдістер және 
ғылыми таным процедуралары. Өз зерттеуінің қисынын белгілей отырып, 
оқымысгы аралық нәтижелерді алу үшін бағытталған жеке ғылыми зерттеулер 
міндеттерін жазады. Бүл міндеттер өз іс-әрекетінде «мақсатқа жету үшін не 
істеу керек» екендігі туралы түсінік береді.
Педагогикалык зерттеудің жалпылама қисынын қысқа әрі қолайлы түрде 
елестету үшін, педагогикалық-эмпирикалық болмысты бейнелеуден теориялық 
модельдерде және нормативті түрде көрініс табуына (нормативтенген үлгі- 
лерде) қалай көшетінін көрсетейік.
Кез келген педагогикалык зертгеу тікелей немесе жанама түрде ол практи- 
калық педагогикалык әрекетгі гылыми негіздеуге косылған үлес болып 
саналады. Педагогикалык ақиқаттан оның ғылыми негіздегі қүрылымына 
ауысуын педагогикалык болмыстың теорияльгк және өзара байланыстьт норма­
ти в^ модельдерін қалыптастьгру үрдісі дегі қарастыруға болады.
Ғылыми зерттеу егер педагогикалык практикадан озық бағыт үстанса және 
оны қайта күру және жетілдіруге мүмкіндік ашса, өз міндетіне сай болады. 
Тәжірибеден озып кету және практиканьг жақсарту үшін, педагогика адам 
баласының бүкіл мәдени, қогамдық тәжірибелерін. әлеуметтік тәжірибелердіц 
байлығын қолдануы керек. Бүл тәжірибенің гылыми білімде көрініс табуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет