Е. С. Адаева прозалық МӘтінді


-тақырып ПРОЗАЛЫҚ МӘТІН ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата23.12.2023
өлшемі7,16 Mb.
#198794
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
КОРКЕМ ШЫГАРМА

1-тақырып
ПРОЗАЛЫҚ МӘТІН ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
• Мәтін – көпқабатты құбылыс
Мәтіндердің классификациясы
• Прозалық мәтін сипаты
Мәтін мәселесі ғылымның талай саласының зерттеушілерін 
сан толғантып, сан түйін жасатқан тақырып және осы орайдағы 
түйіннің көп болуы да мәтін туралы ұғымның әртүрлі екендігінде. 
Мәтінге қатысты әңгіме ғасырдан ғасырға жалғасып келе 
жатқанына, сан қырынан зерттелгеніне қарамастан әлі күнге 
дейін байыптаудың, ғылыми пайымдаудың екі бағыты қатар өмір 
сүруде. Әр зерттеуші осы күрделі құбылыстың өз зерттеуінің 
табиғатына жақын келетін бір ерекшелігін бөліп алып, оны 
мәтін анықтауышы етіп белгілейді. Ғалымдардың бір тобы 
мәтін мәселесін тіл біліміне байланысты қарап, лингвистикалық 
тұрғыдан зерттесе, екіншілері сөз өнеріне қатысты ой нысанасы 
етіп, әдебиеттану тұрғысынан зерттейді. 
«Мәтін» сөзі (латын тілінде textus) қиылысу, байланысу 
дегенді білдіреді. Сондықтан не байланысады, қалай және неге 
байланысатынын біліп алған жөн. Мәтін деп негізгі қасиеті 
байланыстылық пен тұтастық болып табылатын, мағынасы 
бойынша біріккен тілдік бірліктердің тізбегін айтамыз. Мәтін 
байланысы – оны құрастыруға ықпал етуші маңызды категория.
Мәтін – көпқабатты құбылыс. Мәтіннің күрделі табиғатына 
байланысты мәтінтүзуші тілдік бірліктер фонемадан сөйлемге 
дейін жүйелі сабақтастықта қызмет көрсетеді. Олай болса, мәтін 
– сөз, сөз тіркесі, сөйлем сияқты тілдік бірліктердің ұйымдасқан 


7
жоғары формасы. Осы орайда зерттеуші-ғалым Т.Есембеков: 
«Ойлау мен сөйлеудің құрылымдық мағыналық, қисындық 
тұрғыдан байланысқан сан түрлі бөліктерін (дыбыс, сөз, сөйлем, 
тіркес, абзац, фрайм, концепт, стилема) тұтастыратын бірлікті 
мәтін дейтін анықтамаға ден қою керек» екендігін айтады /1,6/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет