«Хашыр» сүресі, 19
Пайғамбарымыздан (с.а.с.) мұнафық туралы сұралғанда: «
Мүмин пенденің ойында намаз бен ораза бар. Ал мұнафықтың ойында (хайуандар секілді) жеп-ішу бар »,
– деп
жауап берген.
Мүмин пенде садақа берумен күнәларының кешірілуін қалайды. Мұнафық болса
дүниеге беріліп, құр қиялдардың артынан жүре береді. Мүмин пенде Алладан басқа
ешкімге сүйенбейді. Мұнафық болса Алладан басқаның бәрінен үміт етеді. Мүмин
пенде дінін дүниеден артық көреді, мұнафық болса дүниені діннен артық көреді. Мүмин
Алладан ғана қорқады, мұнафық болса Алладан басқа бәрінен қорқады. Мүмин жақсы
істерді жасайды және Алладан қорқып жылайды, мұнафық болса күнә жасап қойып
уайымсыз жүре береді. Мүмин жақсылыққа үндейді, мұнафық жамандық жасап, күнә
істерге шақырады және жақсылықтан тосады.
Алла Тағала Құран Кәрімде былай деп айтады: «
Екіжүзді ерлер мен екіжүзді әйелдер бір-бірінен айнымайды. Олар әркез жамандықты бұйырып, ел-жұртты жақсылықтан, ізгіліктен қақпайлауға тырысады. Қолдарын ашпайды (яғни, Алла жолында қайырымдылық жасауға келгенде көк тиын шығарғысы келмейді). Олар Алланы ұмытты, Алла да оларды ұмыт қалдырып, мүлдем тәрк етті. Шүбәсіз, екіжүзділер – адамгершіліктен безген азғындардың нақ өзі. Алла барлық екіжүзді ерлер мен әйелдерге һәм барлық кәпірлерге ішінде мәңгі-бақи қалу шартымен тозақ отын уәде етті. Сол (азап, сол қорлық) оларға әбден жетеді. Сондай-ақ Алла оларды рақымынан біржолата аластады. Олар үшін бітпейтін, таусылмайтын азап бар »
33
.
33