114
һәм соның нәтижесінде ақиретте) амал дәптерін оң жағынан алса, ондай
бақытты жандар дәптерлерін қуана-қуана оқиды һәм игі істерінің қарымын алуға
келгенде титтей де әділетсіздікке ұшырамайды
»
281
.
281
«Исра» сүресі, 71.
«
Нәтижеде, кімнің амал дәптері оң жағынан берілсе, ол көңілі тасып: «Қане,
келіңдер, оқыңдар! Мінеки, менің амал дәптерім!» «Шынтуайтында, мен (дүниеде
істеген істерім жөнінде) есеп беретініме имандай сенген едім», – дейді. Ол енді
көңіліне өте ұнайтын (мәңгілік бақытты) өмірге қадам басады. Сондай ғаламат
жаннат бақшасында. Мәуелеген миуалары қол жетім жерде тұрады. (Онда оларға
былай деп үн қатылады): «Өткен күндерде істеп, осы жерге жолдаған игі де
сауапты істеріңнің қарымы ретінде тәбетпен ішіңдер, жеңдер, ас болсын!» Ал
амал дәптері сол жағынан берілгенге келсек, былай деп аһ ұрады: «Әттең, маған
амал дәптерім берілмей-ақ қойғанда ғой!
»
282
282
«Хаққа» сүресі, 19–25-аяттар.
«
Жер алапат сілкініспен сілкінген кезде...Сондай-ақ жер қойнындағы бар жүкті
сыртқа ақтарып тастағанда... Адам баласы: «Бұған не болды?» – деп зәре-құты
қалмай шошыған кезде... Міне, сол күні Жер, үстінде бұрын-соңды болып өткен
бар істің хабарын түп-түгел баяндайды. Өйткені Раббың оған бұларды (яғни,
кімнің не істеп, не қойғанын) уахи арқылы білдіреді. Сол күні адамдар дүниедегі
жақсы-жаман істерінің нәтижесі өздеріне көрсетілу үшін қабірлерінен шығып,
Достарыңызбен бөлісу: