Альхамдулиллах, қазір бәрі мені түсінеді! Бала болған соң ба,
білмеймін, бәрі мәнін түсінбей, «Жәй әншейін, өзінше сән көріп
жүрген шығар» деп ойлайды. Менің жүрегімде «Аллаһ бәрін көріп
тұр ғой» деген ой болды. «Қалағаныңды айт, қалағаныңды жаса,
бірақ бәрінің жауабы бар» дейді ғой.
Бір жағдайларды еске алсам, әлі күнге дейін күлемін. Бірде әжем:
- Дала ыстық, шеш орамалыңды, басың биттеп кетеді,—деген.
Мен болсам:
- Ой, әже, орамал тағып басы биттеді деген ешкімді естімедім,—
десем, әжем де саспай:
- Әй, олар саған биттегенін айтады ма?—дейді ғой!
«Аай, бәрі өтті-кетті, жасым әлі 15-те, 2 жыл қалды, сосын кетемін
ғой мектептен» деп сабыр қылып жүрмін орамалым үшін. Орамал
таққысы келетін әпке-сіңілдеріме айтарым, тағыңыздар,
қорықпаңыздар, сылтауларды мүлде айтпаңыздар. Аллаһтың
разылығы деп басқаның ойын ысырып тастаңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: