еліктеген қыз едім. Не керек, әкем екеуміз киім аралап жүргенде
мен:
- Кәрістер ұқсап мен де қысқа юбка аламын,- дедім. Әкем:
- Ұзынын аласың,- деді. Мен:
- Ұзын кимеймін, қысқасын киемін. Кемпірлер ұқсап ұзын киіп
жүрейін сол!- деп ашуландым. Әкем ерегіскенен тобығыма
жететін юбка
киесің деп, сол жерде кигізіп қойды. Тура сол күні
жұма болатын, содан әкем:
- Мен жұмаға баруым керек, жүр, барасың ба? - деді. Мен аң-таң
болып:
- Менде орамал жоқ қой,- дедім. Әкем сол жерден розовый әдемі
кимешек алып берді. Мен оны киіп алып, ұялып, ыңғайсызданып
жүрдім. Ал әкем маған қарап мәз.
Содан мешітке кіріп, аң-таң
болдым. Бұл менің мешітке алғаш кіруім еді. Барлық қыз-
келіншектер орамал орап алғанын көргенімде
керемет сезімде
болдым. Содан бір бұрышқа барып, намазды күтіп отырғанымда,
менімен жасты бір қыз:
- Ассалаумағалейкум!- деді. Мен:
- Ааа,- деп қоямын (амандасуды білмеймін ғой).
Содан ол қыз:
- Уағалейкум ассалям десеңізші, - деді, мен солай айттым. Содан
ол
қызбен әнгімелесіп, араласып кеттік. Оның мейірімді,
кішіпейіл екеніне қатты қызықтым.
Жұма намазында Алладан «Енді орамалымды ешқашан
шештірмеші, мінезімді мейірімді етші!» деп тіледім. Содан жұма
біткен соң мешіттен шығып:
- Әке, мен орамалымды шешпесем болады ма? - дедім. Әкем
қуанып, мені қатты құшақтады. Сол кезде әкемнің де қалауы осы
екен ғой деп түсіндім. Әкем маған ешқашан орамал тақ деп
айтқан емес еді, бірақ қысқа кигеніме ренжитін. Сол Жұмадан
кейін орамал тағып шықан соң менде еш ыңғайсыздық болмады.
Аллаға шүкір, орамал таққаннан кейін мен түбегейлі өзгердім,
орамалды қызға лайық болуға тырыстым. Бірақ менде орамалым
үшін көптеген мәселер болды. Мектебімде кигізбейтін
болғандықтан, онда барғанда
шешіп тастап, шықанан кейін киіп
жүрдім. Тоғызыншы сынып бітірген соң орамалға толық келіп,
бір киіп, бір
шешуді қойдым, Аллаға шүкір. Қазір жасым 17-де,
медицинада оқимын, ешқандай қарсылықтар жоқ, бәрін Алланың
қалауымен жеңіп шықтым. Кей қыздарға айтарым, оқуға киюге
рұқсат бермейді деген сылтау. Алла бәрін реттеп қояды, ол жағын
уайымдамаңыздар.
⠀
Достарыңызбен бөлісу: