Енді Құран жаттау менің арманыма айналды. Ата-анама Нұрдан
тәж кигізгім келеді ин шәә Алла! Намазға тым кеш келгеніме
қатты өкінемін. «Неге ерте оқымадым екен, әкемнің артыңда
бірге оқып тұрғанымда ғой шіркін!» деп әлі ойлаймын.
Намаға қалай жығылдым, бірден орамалға келдім. Орамалға
келуіме ешкім, ешнәрсе де кедергі болмады. Мен кеш түсінген
екенмін барлығын. Қазір орамалдамын, Аллаға шүкір. Қазір
өзімді ерекше сезінемін. Алланың мені қорғап қойғанын,
барлығын жүрекпен сезінемін.
Білесіздер ме, мен сыртта, не дүкендерде, үлкен қалаларда өзге
орамалдағы қыздар менімен амандасып өткен кезде қатты таң
қалған едім. Басқа әлемде жүргендей болатынмын. Ал олар
менімен танымаса да, ерекше жылулықпен амандасады, мен
оларды да көрген сайын қатты қуанамын! Орамал—біздің
қорғанымыз. Бізді Алла сонымен ерекшелеп, қорғап қояды екен
ғой шіркін. Аллаға шүкір! Бұл да осы өмірде қыз баласы үшін
берілген үлкен, бағалы сыйлық екен ғой! Бауырлар, нағыз
бақытты адам - намаз оқитын адам, Алланың разылығын іздеген
адам. Ендеше барлығыңызға сол бақытты тілеймін!
Достарыңызбен бөлісу: