құрбымның туған күніне бардым, ол құрбым тек намазхан
қыздарды шақырыпты. Мені жақын тартып шақырғаны шығар,
бірақ мен өзім ыңғайсыздандым. Басқалар жамағат болып намаз
оқып жатқанда бір өзім басқа бөлмеде отырдым. Олардың
орамалдарын көріп, өзімнің жалаңбас екенінімді көріп қатты
қысылдым. Кейін түнімен ойланып, намаз оқуға бел будым.
Әне-міне деп 15-ке толған кезім еді. Барлығын жаттап болған соң,
бейсенбіден жұмаға қарған түні киімдерімді, жайнамазымды
дайындап (ол кезде менде
жайнамаз болмады, төсек жапқышқа
оқыдым), дәретімді алып, таң намазынан бастадым. Оқып
болғаннан кейінгі күйімді айтып жеткізе алмаймын! Таң атып,
мамаға қалай жеткіземін деп көп ойланып, ақыры жеткіздім
хабарды. Анамның қуанышында шек жоқ. Тездетіп киініп, базарға
кетті. Маған жайнамаз, намаз көйлегін алуға...
Үлкен тәтем бұл кездері де намаз бастамаған еді. Менің оқып
кеткенімді көріп, ол да келесі күннен бастады. Сол 11–ші
шілдеде
бастап мен де орамалға келдім.
Тағы бір қызық оқиға, өткенде анамызға еріп, мешітке
барғанбыз. 6 жасар інім де «Мен де барамын!» деп қоймады. Анам:
- Әкең
жұмыстан келген соң, әкеңе еріп барасың,—деген.
Себебі
мешітке тек әйел адамдарға сабақ өткізілетін болды. Мешіттен
келген соң кіші сіңілім ініме мақтанып:
- Мешітке тек сүре білетіндерді ғана кіргізеді, - депті. Сонда інім
жылап, маған келіп:
- Сүре үйретші! - деді. Өзі сауат ашудан 1 әріп жаттай алмай
жүрген бала сол түннің ішінде "Кәусар" сүресін жаттап алды.
Таңертең бәрімізге:
- Келесіде барсаңдар, мені де ала кетіңдер, себебі мен сүре
білемін! - деп жүр ғой!
⠀
Достарыңызбен бөлісу: