Алланың емес, адамдардың сөзін ойлап жүрмін?! Құранда былай
делінген емес пе:
«Әрі
иманды әйелдерге айт, көздерін төмен қаратсын, жыныс
ағзаларын қорғасын және көрініп тұрғаннан (сырт киімдерінен)
басқа көріктерін көрсетпесін. Жаулықтарын көкіректеріне түсіріп
жапсын және көріктерін көрсетпесін...» («Нұр» сүресі, 31).
Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі
болсын): «Оның басындағы орамал – осы дүниеден және ондағы
барлық нәрседен жақсы» (Бұхари) деген емес пе?»
Содан қасымдағы құрбым екеуіміз бір діни дүкенге бардық.
Құрбым да орамалда емес, тіпті орамал тағу туралы
ойы да жоқ
еді. Дүкенге кіріп, орамалдарды бірінен соң бірін киіп көріп
жатырмын. Құрбыма «Сен де киіп көрші» дедім. Сатушы қыз да
бір
жақсы екен, ерінбей бәрін көрсетіп жатыр. Сонымен әдемілеп
киініп алдым, ерекше бір сезімде тұрмын. Жүрегімде ерекше
тыныштық орнағандай... Құрбыма қарап қоямын. Ол маған:
- Саған күшті жарасып тұр, осылай шыға бер, - деді.
⠀
Мен оған қарадым да:
- Онда
екеуіміз бірге шығамыз, - дедім. Оның көзі бақырайып
кетті. Сатушы қызға төлемін жасадық. «Алла ұзағынан
сүйіндірсін» деп ол да бізді шығарып салды. Міне, осылайша 5
минутта орамалды қыздарға айналып шыға келдік. Cодан бастап
Әлхәмдулилләһ, орамалда жүргеніме біраз жылдар өтті. Жас
кезімде орамал таққаным үшін қазір өте қатты қуанамын.
⠀
Байқасаңыздар, жастайынан орамал таққан көп қыздардың
жастық қалпы, келбеті өте жақсы сақталған. Ал
одан бұрын, ең
басты Алланың алдына барғанда жүзіміз төмен қарап қалмайды
Ин шәә Аллаһ! Сол себепті де қазір
орамал таққысы келетін
қыздарға айтарым, көп ойланбаңыздар!