1-ші бөлім 50 қыздың Алланың әмірін орындап, хиджабқа келу оқиғалары Орамалды арудың оқиғасы #1



Pdf көрінісі
бет4/38
Дата24.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#198953
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім

 
Орамалды арудың оқиғасы #4
Намаз оқуыма қатысты менің ата-атам рұқсат бергенімен, көп 
қыздарда болатындай орамал тағуыма қарсы болды. Колледжде 
оқып жүргенімде мен орамал тағамын деп шешкен едім. Соған 
қарай әрекет жасап, басында ұзын юбка киіп бастадым. Алайда 
колледжде соның өзіне қатты карсы болып, маған тіпті сол 
юбкамды кігізбеді. Содан соң амал жоқ, колледжді бітірген соң 
киемін деп шештім. Оқу бітірген соң келесі күні бірден бірден 
орамал тақтым. Одан бұрын да мен орамалды тағып жүрдім, тек 
колледжге кіретін кезде шешетінмін. 
Үйге алғаш рет орамал киіп барған кезімде қатты қорықтым, 
қобалжу болды, бірақ Алланың қалауымен бәрі ойдағыдай болды. 
Ата-анам ештеңе айтпады, мүмкін мен намаз оқитындықтан да 
болар деп ойладым. Әркімге түрлі қиындықтар мен кедергілер 
кездеседі, бірақ барлығын Аллаға тапсырып, тәуекел етіп, кию 
керек. Алла Өзі Қорғаушы, сондықтан қорықсақ тек Алладан 
қорқып, парызды орындау керекпіз. Орамалда жүру сондай 
керемет сезім! Алла баршамызға орамалды өміріміздің соңына 
дейін тағуды нәсіп етсін! 
 
 


Орамалды арудың оқиғасы #5
Бірінші курста оқып жүргенімде болашақ жұбайыммен 
таныстым. Ол өзгеше болатын: ол басқа қағида, басқа өмір сүру 
салтын ұстанатын. Маған да өмірімде ойланып көрмеген 
сұрақтар қоятын: «Өмірлік мақсатым не? Мен үшін не маңызды? 
Мені о дүниеде не күтіп тұр?» Менің бұл сауалдарға жауабым жоқ 
еді. Адам жас кезінде өлім туралы көп ойламайды. Сол кездегі 
түсінгенім , мен өмірім мен уақытымды бағаламаппын. Исламда 
көптеген сұрақтарға жауап таққан кейін менің көзқарасым 
түбегейлі өзгерді, басқаша ойлай бастадым, өз жақындарымды, 
денсаулығымды, уақытымды бағалай бастадым, бақытты бола 
бастадым және басқалары да бұны байқады. 
Анам дінді ұстануым жайлы шешімімді қолдады, ал әкем 
шошыған болатын. Ол намазды тек зейнет жасында оқитынын 
жеткізді. Бірақ көбісі ол жасқа жетпейді ғой. Намаз бірінші 
кезекте сенің өмірің жайлы, сенің қаншалықты Құдайды 
ұлықтағаның жайлы есеп. Әкем орамал тағу шешіміме де қарсы 
шығып, үйде киіп жүруіме тыйым салды. 
Бұрын қыста шаш үлгімді бүлдіріп алмас үшін бас киім 
тақпайтынмын, бірақ намаз оқуды бастағанымда орамал тағып, 
оған үйрене бастадым. Әкем «Басыңа суық тимейді» деп разы 
болатын, бірақ көктем келгенде орамалды үнемі тағып 
жүргенімді байқады. Содан соң оған хиджаб киіп жүргенімді және 
оны тастамайтынымды айтуыма тура келді. Біздер тек сөз 
жүзінде мұсылманбыз, ата-аналарымыз кеңес дәурінде өсті, 
сондықтан да тек көбісі мұсылмандар қандай болу керектігін 
білмейтін. Кішкентай кезімізде Құран қол жетпейтін сөрелерде 
тұратын, оны ұстауға, ашуға болмайтын. Біз оның тек қана 
өлгендерге арналған деп ойлайтынбыз, себебі оны тек адам 
қайтыс болғанда оқитын. Шындығында, Құран - тірілерге 


арналған кітап, бақытты өмірге апаратын, «Барлығы не үшін 
жаратылды?» деген сауалдарға жауап таба алатын кітап. Оны 
зерттей бастағанда адам көзқарасы түбегейлі өзгереді. Ислам 
дінін жүрегіммен қабылдағаннан кейін осы уақытқа дейін жасап 
келгендерімнің дұрыс еместігін түсіндім. Мұсылман болу 
дегеніміз - тек бір Жаратқан және оның елшісіне сену, бірақ бұл 
жеткіліксіз, себебі Алла адамдарды тек оған құлшылық етсін деп 
жаратты. 
Құранда тыйым салынған нәрселер шындығында адам 
денсаулығына зиян келтіреді, сол себептен тыйымдар адам 
игілігі үшін жасалған. 
Құранда әйелдер өз сұлулығын бөтен 
көздерден аулақ ұстап, жамылып жүруі керектігі баяндалған, 
себебі жартылай жалаңаш қыздарға еркектер арам ниетпен 
қарайды және бұл зорлық-зомбылықтың өсуіне апарады. Бұдан 
соң әйелдер құрметтелмейтін болады. Ал хиджаб керісінше 
әйелдің абыройын көтереді. Біздер, хиджабтағы қыздар тек 
көшеде жамылып жүреміз, ал үйде, отбасы мен күйеуіміздің 
алдында орамал тақпаймыз, керісінше әдемі көйлектер киіп
шашымызды сәндейміз. Алайда қазір әйелдердің көпшілігі 
өздеріне назар аударту үшін көшеге әдемі киінеді. 

Қыз бала орамал таға отырып, өзін дұрыс ұстау, байсалдылық 
танытуы керек. Ол - барлық мұсылман қыздардың бейнесі. 
Мысалыға мен тыйым салынған жерде жолдан өтпеймін, ондағы 
мақсатым - адамдардың «Барлық мұсылман қыздар да осылай 
жолдан өтеді» деген ой салмау. 
Көп адамдар мұсылман қыздарын аяйды, оларды ешқайда шыға 
алмайтын бейшалар деп ойлайды. Алайда хиджаб бізді 
шектемейді. Әрине мұсылман қыздарына денеге жабысып 
тұратын киім мен шалбарлар киюге болмайды, әйелдердің 
еркектерден айырмашылығы көрініп тұруы керек. Белдемше - 


әйелдіктің, нәзіктіктің белгісі, оны киген әйел көрікті, ал шалбар 
кигендердің жүріс-тұрысы еркектерге ұқсай бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет