бастадым әнгімемді.
- Менің де
ата-анам қарсы, дінге жақын адамдар емес.
- Орамал тағайын десем киім алуға ақшам жетіңкіремейді,
орамал, юбка сияқты заттарға,- деймін. Әлгі қыз жымиып:
- Менде де екі юбка, екі орамалым ғана бар, - дейді. Мен таңдана:
- Аа, олай жүруге болады ма екі-ақ орамал мен екі юбкамен?
- Әрине, сен де
солай баста, Алла өзі қалғанын реттеп береді, -
деді. Үнсіз тұрдым. Тағы да:
- Сен ата-анаңа орамал киетініңді ескерттің бе?- дедім. Әлгі қыз:
- Жоқ, ата-анам білмейді. Каникулға дейін айтамын деп жүрмін,-
деді. Сабақ уақыты басталып, әлгі қыз қасындағы құрбысын ертіп
өз жөнімен кетті. «Шайтан азғырып, бәрін қиындатыпты
ғой!» деген оймен мен де орамал тағамын деп шештім. Жездеме
хабарласып ақша мәселесін шешіп, сол күні дүкенге бардым. Бір
юбка, екі орамал алып алдым, дәл сол қыз айтқандай.. Сол жерден
хиджабымды киіп, автобусқа отырып, жатақханаға қайттым.
Ешкімнің
ештеңеден хабары жоқ, жанымда тұратын бөлмелес
қыздарым да білмейді. Олардың мені көргендегі
таңданыстарында шек болмады. «Мамырда ата-анама айтамын»
деп жоспарлап жүргенімде вирусқа байланысты карантин
жарияланып, мен күтпеген жерден үйге қайттым. Әр намазымда
«Ата-анам қарсы болмаса екен» деп тілеумен болдым. Барлық
мақтау-мадақ әлемдердің
Раббысы Аллаға тән, ата-анам
орануыма еш қарсы болмады. Тіпті «Қызым, неге хиджаб кидің?»
деп сұрамады. Менің де таңданысымда шек болмады, себебі әкем
дінге қатты қарсы адам еді. Бірақ хиджабыма
байланысты еш
әңгіме қозғамады десем сенесіздер ме? Міне, Алланың құдіреті!
Бірнеше айдай уақыт өтті. Хиджабтамын. Өзімді қауіпсіз
сезінемін. Бұрынғы мен және қазіргі мені салыстырса, жермен
көктей өзгерістер болар еді. Барлығы жақсы жаққа өзгерді.
Карантин уақытында Қазақстанда өз еліне қайта алмай жатқан
қаншама студенттер бар. Ал мен Аллаhтың қалауымен ата-
анамның қасына жетіп алдым. Оразаны да
анаммен бірге ұстап
жүрміз, қатты қуаныштымын! Сөз сонында айтарым, хиджаб
кигіңіз келсе, ештеңеге қарамай тезірек киіңіз! Күдік ойларды
салатын тек қана шайтан, қалғанын Алланың өзі реттеп береді!
Достарыңызбен бөлісу: