1-ші бөлім 50 қыздың Алланың әмірін орындап, хиджабқа келу оқиғалары Орамалды арудың оқиғасы #1



Pdf көрінісі
бет20/38
Дата24.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#198953
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38
Байланысты:
Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім

Орамалды арудың оқиғасы #24
Менің орамалға келуім оңай болмады. Студенттік кез. Бірінші 
намаз оқып жүрдім. Айналамды үйрету үшін ұзын рубашкалар 
кидім, жоспарым солай еді. «Ата-анама өзім жақсылап түсіндіріп 
беремін» деп жүргенімде универдегі ұстазым оранғанымды тіпті 
жақтырмады. Маған ескертусіз өз кабинетінде әкеме қоңырау 


шалып, біраз нәрсе айтқан. Ал олар намаз дегенге өте қарсы 
адамдар еді. Содан ата-анам үлкен шу көтерді. 
«Басындағыны шешіп, намазыңды тастамасаң, қазір билет алып, 
оқудан шығарып аламыз!» деді. Күндерім, түндерім жылаумен 
өтті. Орамалымды шешетін болдым. Тек намазым аман қалуы 
үшін… Ал «Намазды да қоясың, артыңа адам салып қоямыз» 
дегендерінде, тек Аллаға жалбарынумен болдым. «Намазымды 
қояйын ба, не істейін?» деп сұрай бердім.
Бір күні сүрелер оқып бара жатырғанмын, сонда қолыма “Кәусар” 
сүресінің аудармасы түсті. Оқи сала қанаттана түстім. Намазыма 
ешкім кедергі емес екеніне көзім жетті. Бірақ орамалымнан 1 
жылға айырылдым. 
1 жылдан соң тұрмыс құрдым. Орамалыммен қауышып, әлі бірге 
келемін. Міне 4 жылдай болып қалды, Альхамдулиллах. Бірақ 
төркініме қонаққа барған кезде «Орансаң, үйге кірмейсің» деген 
соң, артқа тағып жүрдім. Оған күйеуім разы емес еді. Тағы 
Алладан сұрай бердім.
Бір күні төркініме оранып бардым. Әкем де, анамда көрді, ештеңе 
демеді. Содан бері орамалыма қарсы емес. Қазір Аллаға шүкір, 
анам намазда, әкемнің ниеті бар сияқты. 
Орамалға ниет етіп, бірақ әр түрлі себептерге байланысты 
қорқынышы бар әпке-сіңілілеріме айтарым, ең бастысы 
табандылық танытыңыздар! Әр түрлі амалдарын қарастырып, 
Алладан үміт үзбей, көп дұға ете беріңіздер! 
 
 



Орамалды арудың оқиғасы #25
Менің дінге қызығушылығым Құраннан басталды. Жақын 
құрбым Құран оқитын. Содан мен іштей қызғандым ба, «Мен де 
діннің не екенін түсінейін, тым болмаса Құран оқып үйренейін» 
деген ниетім пайда болды. Бірақ ол кезде мен намаз бен орамал 
туралы мүлдем ойламаппын.
Мен өзім мұсылман емес елде тұрғандықтан мешіт-медреселерді 
табу қиын еді. Сонымен Құран оқып үйренгім келгенімен, 
үйрететін жер таппағандықтан, күнде жатар алдында Аллаһтан 
«Құран оқып үйренуімді нәсіп етші» деп шын жүрегіммен 
сұрайтынмын. 
Сөйтіп жүріп, 5-6 айдан кейін Алланың қалауымен Құран оқу 
курсын таптым. Ол жерде қосымша дәрістер де беретін, сол 
дәрістердің бірінде истихара намазы туралы айтылды. Мен бұл 
намаздың қандай қасиетті екенін естіген кезімде «Намаз деген 
осындай керемет нәрсе екен ғой» деген ой туып, намазға деген 
махаббатым ашылды. Осылайша намазға да келдім. Өмірім күрт 
өзгерді десем болады. Әр күнім берекеге толы болды, 
Алхамдулиллаһ! Алайда намазды бастағаныммен, орамалды ойға 
алмадым. 
Бір күні құрбым: 
- Оранып алмайсың ба? - деді. Мен: 
- Ия, шынымен де? - деп тағы ойланып жүрдім. Орамал туралы 
ақпараттарды біліп, не үшін кию керектігін түсіне бастадым. 
Бірақ «Адамдар не дейді, мектепке қалай барамын?» деген ойлар 
мазалай бастады. Сол кездері тағы бір жақын құрбым: 
- Сенде бәрі жақсы. Ата-анаң рұқсат беріп тұрса, ол қалада 
туысқандарың да жоқ болса, енді неге оранып алмайсың? - деді. 
Мен: 


- Шынымен де, неге оранбаймын? Кім мен үшін жауап береді 
ақыретте? Біреудің ойынан қорыққанша Алладан қорықпаймын 
ба? - деп өзімді шабыттандырдым. Сөйтіп 1-2 күннен кейін 
намазға киіп жүрген киімімді киіп, сыртқа шықтым.
Қатты қобалжыдым, бірақ мен ойлағандай болмады. Ешкімнің 
ешкімде шаруасы жоқ екен, маған таң қалып қарағаны болмаса, 
жаман көзбен қараған ешкімді байқамадым. 
Қорыта айтқанда, ештеңеге қарамастан Аллаға тәуекел етіңіздер, 
Аллаһ сіздердің жаман ойларыңыздың барлығын жақсылыққа 
айналдыруы мүмкін, ол қаласа бәрі болады. Тек Аллаға тәуекел 
етіңіздер! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет