1-ші бөлім 50 қыздың Алланың әмірін орындап, хиджабқа келу оқиғалары Орамалды арудың оқиғасы #1



Pdf көрінісі
бет19/38
Дата24.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#198953
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38
Байланысты:
Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім

Орамалды арудың оқиғасы #22
Менің орамалды бұрыннан таққым келіп жүретін. Өзім үйде де 
намаздан соң киімімді шешпей жүретінмін, ондағы мақсатым - 
үйдегі анамның көзін үйрету болды. Жазда анамнан «Хиджаб 


кисем қалай? Рұқсат бересіз ба?» деп сұрайтынмын. Анам жауап 
қатпайтын, мен де солай жүре бердім. 
Қыркүйекте онлайн сабақтарымыз басталды. Бірақ мен Таразға 
барып, әпкемнің жанында жүре тұрайын деп шештім. Содан соң 
туысқан әпкеммен қыздар медрессесіне барып ұстаз таппақшы 
болдық. Одан соң мен айнаға қарап, орамалымды таға бастадым. 
Ішімде мың құбылған сұрақтар болды.. «Неге қазір киіп кетпеске? 
Бір киіп, бір шешіп жүремін бе? Мешітке бара жатырмын оның 
үстіне...» деген ойлар келді. Солай мен туысқан әпкеме өз ойымды 
айттым, ол да орамал таққысы келетін болғандықтан қызығып, 
мені қолдады. Солайша мен ақыры орамал киіп кеттім. Артынша 
1 аптадан соң-ақ туысқан әпкем де орамалға келді. Қазір 
Әлхамдулилләһ, жақындарымыздың көздері үйреніп келеді, бірақ 
арасында қарсылық танытатындар да жоқ емес. Ал біз оларға мән 
бермейміз, себебі бізге ең алдымен Алланың разылығы маңызды! 
Хиджаб киюге қорқып, не болмаса «Ел-жұрт не дейді?» деп 
ойланып жүрген апке-сіңілілеріме айтарым, ең алдымен жұрттың 
емес, Аллаһтың разылығын ойлаңыздар. Хиджаб кию парыз 
екендігін ата-анаңызға түсіндіріп, сабырға шақырыңыздар. 
Хиджаб киіп, Алла Тағаланың парызын орындайтын 
болсаңыздар, Алланың өзі сіздерге жәрдемін беретін болады Ин 
шәә Алла! Сіздерге де бұйырсын! 
Орамалды арудың оқиғасы #23
Намаз оқып бастағаныма 1 жылдай болып қалды, құрбым екеуміз 
бірге бастаған едік. Намазға байланысты ешқандай да 
қиындықтар тумады, ата-анам да қарсы болмады. Бірақ 
орамалдың парыз екенін білсем де, тағу туралы 
ойланбайтынмын. Уақыт өте келе 3 айдан соң бұл жайлы да 


ақырындап ойлана бастадым, қатты таққым келді. Ата-анам 
намаз бастағанымда «Орамал тағып кетпе, намаз оқып жүрсең 
болды ғой, бастысы жүрегің таза болсын» деп айтатын. Осыдан 
олардың қарсы екенін білген соң, айтуға катты қорықтым.
Таныс қыздардан ақыл сұрағанымда, олар «Таға бер, еш қиналма, 
Алла сені Өзіне жақындатқысы келеді. Киім сатып ал да, тағып 
кет» деді. Содан қатты ойлана бастадым, тіпті жылағым келетін. 
«Басында тек тюрбан тағайын, ақырын үйреніп кетер» деген 
оймен анамнан ыдыс жуып тұрғанда: 
- Базарда тюрбан сатады ма? - деп сұрап едім. Ол: 
- Не, орамал тағайын деп жүрсің ба? - деп сұрады. Сосын мен 
- Ия, - деп едім, ол қатты ұрысты. 
- Не керегі бар, әлі кішкентайсың, кім айтты саған? Үйленгең соң 
тағасың, басымды қатырма, қазір тақпайсың. Мен өлемін, сосын 
қалағаныңды жаса, - деп, жаныма тиетін сөздер айтты. Әкем де ар 
жақтан келіп: 
- Не болды? - деп сұрап, ол да кейін солай ұрысты. Әкемнің сөзін 
көтере алмаймын, содан басымды көтере алмай жыладым. Сөйтіп 
бөлмеме кетіп қалдым, көңіл-күйім болмай жүрді.
Сол күні онаққа барған едік, бәрі «Не болды?» деп сұрап қоймады. 
Үйге келген соң анам бөлмеме келіп, әңгіме айтты: 
- Сені ойлап, түні бойы ұйықтамадым. Кейін сені оқуға 
қабылдамайды, жұмыссыз қаласың, - деді. (Адасып кетеді деп 
қорыққан ау) Сөзін жалғастырып: 
- Ондайлардың талайын көрдім. Бір көршінің баласы Сирияға 
кетті, біреуі ата-анасын да сыйламай, «Намаз оқымайсыңдар» деп 
тастап кетті. Сенің күнәңді мен-ақ алайын! - деп қатты жанымды 
ауыртты. 


- Олай болмайды, - десем де тыңдамады. Қанша айтсам да 
түсіндіре алмадым. Солай мен де ол әңгімені қойдым, бірақ 
Алладан дұға сұрауымды тоқтатпадым.
Екі айдан кейін әпкемнің үйіне қонаққа бардым. Сонда ең алғаш 
рет далаға намаз көйлегін киіп шықтым. Әпкем «Бір киіп бір 
шешіп жүрме» деген соң олай шықпайтын болдым. Бірақ 
ойнағаным емес қой, колымнан келгенін жасап жатырмын деп 
ойладым да тағы да, тағып шыға бердім. Бір күні өзіме «Болды, 
мен біржолата тағамын!» дедім. Әпкем 
де намаз оқитын, бірақ орамалда емес еді. Өзімде бөлек тағатын 
орамал болмап еді, содан оның бұрынғы бір орамалын алып 
кеттім. 
Қорқыныштар болды, бірақ мән бермедім, ойламадым ол туралы. 
«Бастысы анама көрінбеймін, қалған кезде тағып, ең болмаса сол 
кезде күнәдан сақтанайын» дедім де, тығылып тағып жүрдім. 
Үйге кайтатын кезде ағам жанындағы досымен бірге мені алып 
кететін болды. Ол мені үйдің алдына дейін әкеліп тастап
досымен сыртта тұрды. Мен забордан кіре алмай тұрып қалдым. 
Ағам: 
- Не болды, жабық па? деп сұрады, мен: 
- Жоқ, - дедім. Олардың көзінше орамалымды шешіп тастағаным 
ыңғайсыз болар деп қорыққанымнан үлкен сумка, пакетпен 2 
минут бойы сыртта тұрдым. Содан сіңілімді көріп, оған: 
- Қарашы, ешкім жоқ па? - дедім, ол: 
- Жоқ,- деген соң ақырын забордан кіріп, орамалды шешіп 
тастадым. Қаттыы қорыққанымнан жүрегім қатты соғып кетті.
Кейін ауылда алғаш рет орамалды тағып магазинге шықтым. 
Онда да көшеге шыққанда тез тағып алған едім. Көршілер, 
мұғалімдер көрді, мен «Анама айтпаса екен!» деп қатты 


қорықтым. Емін-еркін таға алмай, осылай тығылып жүргеніме 
жүрегім ауыратын. Анам ұрсады деп қорқып, туысқандарға да, 
тойға орамалсыз барғанмын. Одан соң 
алғаш рет анамның көзінше орамал тақтым. Онда да 
туысқандарымның үйіне баратын кезде еді. Ол кезде Аллаға дұға 
етіп, бір жылап алғаным бар еді. Капюшоны бар киім киіп, 
орамалымды көрсетпеу үшін тез-тез алдыға шығып жүрдім. Тек 
жарты жолда көрді, ұрыспады. Мен таң қалдым. Ол «Жәй киіп 
жүр» деп ойлаған болар. Келесі күні тағы да қалаға әпкемнің 
үйіне баратын едік, сол кезде анам « Орамал тақпай баршы» деп, 
сол күні шығар кезде ұрысты. Мен көнбегесін, бұл жолы да 
«Соңғы рет болсын, келесіде көрмейін» деді. Үндемедім, жылап 
алдым тағы. 
Дастарханда отырғанда анам туысқандарға «Тақпай қоя тұршы 
десем, тыңдамайды» деді. Оның бұл сөздерінен ақырындап көніп 
келе жатқанын сездім, Альхамдулиллах! 
Солай біраз уақыт анам үндемей жүрді. Бір күні анам екеуіміз 
моншаға бардық. Содан ол: 
Орамалыңды мектеп бітіргенше шеше тұр, әлі тағып үлгересің. 
Мен сенен сұрап тұрмын ғой, болды, тақпа, - деді. Қанша 
жылағым келсе де, ақырындап анама түсіндірдім. 
- Мама, ол – парыз, менің тағуым керек міндетті түрде. Алла 
орануды Құранда бұйырған. Сіздің барлық өтінішіңізді 
орындаймын, тек орамалымды шешпеймін дедім. Содан анам 
ойланып: 
- Онда куәлікке орамалсыз түсесің, - деді. Келесі күні куәлікке 
суретке түсуге баратын күнім еді. 


- Мама, мен сізге орамалдан басқа дедім ғой, - деп айттым, 
үндемеді. Үйге барып, әкеммен сөйлескен кезде ол кісі де 
«Орамалсыз түссін» депті. – 
- Жарайды, тек барғанда шешіп, қайтадан киіп аламын, - дедім. 
Түсуге баратын кезде ішімнен «Бірнәрсе болып қалса екен» деп 
тілеп бардым. Барғанша салауат, зікір, дұға айтып бардым. Содан 
барсақ, ерте барып қойыппыз. Онда бізге: 
- Екі-үш аптадан кейін келіңіздер, - деді. Қатты қуанып кеттім. 
Анама: 
- Жақсы болды ғой! – десем, 
- Несі жақсы, кейін бәрібір түсесің ғой, - деді. Басқа күні тағы 
бардық. «Суретке түсіретін әйел адам болса екен» деп тілеп 
бардым.. Тағы зікір, дұға.. Бөлек бір кабинет екен. Содан ішіне 
кіріп, кезекті күтіп тұрдық. Анам маған тарақ беріп: 
- Шашыңды тарап ал, - деп. Мен шешкім келмей тұр. Маған бір 
әпке «Орамалмен суретке түсірмейді» деді. Алайда суретке 
түсіретін әпкенің өзі: 
- Хиджабпен суретке түсуге болады, - деді. Мен анама: 
- Суретке түсіп алғанша есікті жауып қойыңызшы, - дедім. Есік 
ашық тұрған, ар жақтан көп адамдар қарап тұрды. Енді түсейін 
деп жатқанда әлгі әпке: 
- Хиджабпен суретке түсе бермеді ма, - дейді ғой. Ойлаңызшы, 
Алла оның аузына салып тұр сол сөзді. Анама: 
-Мама, түсе берейінші өтініш! - деп қоймадым. Ол: 
- Жоқ, әкең ұрсады, - деп қоймады. 2-3 рет айттым, ол ойланып 
тұрды. Әлгі кісі: 


- Ата-анаңды тыңда онда, - деді. Мен жылап отырмын, сонда да 
анам: 
- Жоқ, - деп қоймады. Енді тағы түсейін деп жатқанда: 
-Шашыңыз дұрыс тұрған жоқ , балапан шаштар ғой, соны 
реттеңізші, - деді. Анам шашымды реттеп жатты, бірақ шашым 
ретке келмеді. Кейін анам: 
- Баршы жүгір, орамалыңды ки, - деді. Алланың құдіретіне таң 
қалдым, қатты қуандым! Анам: 
- Алладан қорқып тұрмын, сол үшін ғана. Әкеңе өзім айтамын, - 
деді. Сөйтіп, куәлікке орамалмен түстім. 
Бірнеше күннен соң куәлігімді алуға бардық. Қасымызда апам да 
бар. Алдық. Апама куәләгәмді көрсеттім. 
- Орамалмен түскенсің ба не, анаң орамалсыз түседі деп жатыр еді 
ғой, - деп ұрысып сөйледі. Аал, қызық сонда басталды. Бір 
туысқанымыздың үйіне бардық, онда бір үлкен туысқан апам бар 
екен, ол менің әкемнің екінші анасындай болып кеткен ғой. Үйге 
келсем, жаңағы апам хабарласып: 
- Намаз оқыма, орамалыңды шеш. Ол арабтар мен сириялықтар 
сендерді басқарғысы келеді. Сен жассың, не үшін өзіңді бес 
уақытқа байлап қоясың? - деп айтпағаны жоқ. Мен не дерімді 
білмей, шок болып отырмын. 
- Әкең мен анаңа айтамын, саған қарап жүрсін, - деп әлгі апам 
сөзін аяқтады. Бір уақытта әкем мен анам сөйлесіп жатыр екен. 
Сөйтсем, анам осы уақытқа дейін әкемді сөйлетпей жүрген ғой, 
себебі ол кісі сөйлесе, мен жылап қаламын. Олардың әңгімелерін 
естіп қалдым. Анам әкеме жылап: 


- Өзің сөйлесіп айт, - деді. Мен де жылап оларды тыңдап 
отырмын. Олар менің намазым мен орамалыма әңгіме айтайын 
деп отыр еді, бір уақытта мені шақырып алып: 
- Апаларың айтып жатыр, тыңда. Сен олардан үлкен емессің, 
бәрін қой. Саған біреу үгіттеп жүрген ғой, - деп ұрысты. Қатты 
жыладым. Ақшам уақыты болып қалған, тығылып барып, тек 
парызын оқыдым. 
Келесі күні қатты ауырып қалдым. Денемді көтере алмай талуға 
шақ қалдым. Дәрі ішіп, әйтеуір өз-өзіме келдім. Намазымдарымды 
тығылып оқып жүрдім.
2-3 күннен кейін әкем бөлмеме келіп: 
- Сен қойдың ба бәрін? Тыңдамасаң, айт тыңдамаймын деп. 
Болды, қой бәрін, сабағыңды оқы, - деп ұрысып, жайнамазым мен 
намазнигімді алып кетті. Жылап қалдым. Намазымды жайнамаз 
болмағасын орамалға оқып жүрдім. Бір күні тығылып намаз оқып 
жатқанымды көріп, анама ұрысыпты. 
- Қоймасаң, маған сөйлемей-ақ қой, - деді әкем. 
Бір күні анам да маған келіп: 
- Болды қой, әкеңмен араласпай қалғың келеді ма? Әке-шешесін 
сылаймайтын не дін ол, ондай қазақтарда болмаған, - деп айтты. 
Мен: 
- Осылай қоя саламыз ба, имаммен сөйлесейік, - дедім. 
- Жарайды ертең, барамыз, - деді. Бір қарасам, біреумен сөйлесіп 
жатыр екен. Маған келіп: 
- Ата-анасымен қатты ұрысып қалмауы үшін уақытша шеше тұрса 
болады, - деп айтыпты имам. Мен таң қалдым. «Қалай ол кісілер 
олай айтады6 болмайды ғой!» деп үмітім сөнгендей болып
қалдым. Қатты жыладым, жүрегім ауырды, көңіл-күйім болмай 


жүрдім. Қатты ойланып жүргенімде намаз оқитын нағашы ағама 
хабарластым. Ол: 
- Мен имамдардан сұрап көрейін деді. Ешқандай имам орамалды 
шеш деп айтпайды, жай өсек шығар, - деді. Сосын ағам үйге келіп, 
анам мен әкеммен сөйлесті. 
- Олай қарсы болмаңдар, үлкен күнә болады. Керісінше, жақсы 
емес пе орамалмен болса, кез-келген жігіт тиісе алмайды. Қайта 
қуаныңдар, - деп көп әңгіме айтты. Әкем: 
- Не керегі бар, сабағын оқысын, әлі жас, үлгереді, - деп қоймады. 
Маған: Үлкен кісілерді тыңдамайсың ба? деп ұрысты. Сосын 
артынан тағы шақырып, әкем: 
- Не істесе де, өзі білсін, - деп кетіп қалды. Аллаға шүкір, мен 
қуандым. Маған реніші басылар, ең бастысы қарсы емес, көнді. 
Бұл - сынақ. Алланың құдіреті шексіз! Барлығы бір Алланың 
қолында, тек дұғада болайық. Айтарым, кім не десе де 
тыңдамаңыздар, айта берсін. Ең болмағанда ығылып 
тағыңыздар. Сіздерді ол үшін өлтірмейді, сол үйдің қыздарысыз 
ғой! Орамал тағуға мүмкіндік туған сәтте бірден тағыңыздар. 
Тағы айтарым, сылтау айтпай, амал етіңіздер. Маған да сіздерге 
де Алла жеңілдігін берсін! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет