Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет278/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

І-ші саты.
Дәрілік заттарды араластыру.
1.
Егер рецептіде суда еритін заттар жазылса, онда оларды судың, спирттің, 
глицериннің аз мөлшерінде ерітіп алады. Содан соң тығыздаушы заттарды 
қосады. Бұл жағдайда дәрілік заттар ерітінді түрінде енгізіледі. 
2.
Егер рецептіде суда ерімейтін заттар жазылса, оларға тұтқыр сұйықтықтың 
жеткілікті мөлшерін қосып, содан соң тығыз пластикалық пилюлялық масса 
алынғанша, құрғақ қосымша заттармен тығыздалады. Бұл жағдайда дәрілік 
заттар пиллюлялық массаға суспензия түрінде енгізіледі. 
3.
Егер рецептіде сұйық гидрофобты заттар жазылса, онда оларды алдын ала 
құрғақ экстрактылармен немесе өсімдік ұнтақтарымен эмульгирлейді. Бұл 
жағдайда дәрілік заттар эмульсия түрінде енгізіледі. 
ІІ-ші саты. 
Екінші сатыда келіге көмекші заттарды есептелген мөлшерде 
және қатынаста қосады. Дәрілік заттардың қоспасына алдымен сұйық немесе 
тұтқыр көмекші заттарды (байланыстырғыш), содан соң ұнтақ тәрізді 
(консистенті) заттарды қосады. Көмекші заттарды дәрілік заттарға біртіндеп 
қосады, егер массаның тұтқырлығы төмен болса, онда байланыстырғыш заттар 
қосады. 
Егер масса жұмсақ болса, онда тығыздаушы зат (крахмал, бентонит, қант, 
өсімдік ұнтақтар) қосады. Егер масса үгілгіш болса, онда өсімдік 
экстрактыларын, декстрин ерітіндісін, ұн қосып жабыстырады. Сұйық және 
ұнтақ компоненттерді абайлап қосу керек, себебі байланыстырғыш заттардың 
артық мөлшері массаның керексіз жұмсақ, ал консистенттік – өте тығыз 
болуына әкеліп соғады. Пилюлялық массаны дайындау кезінде енгізілетін қоспа 
мөлшері өте аз, ал салмағы мен көлемі де аз болуын қадағалау керек. Дайын 
масса тығыз, эластикалық, біртекті болуы керек. Алынған массаны келсап 
басына жинап, пергамент қағазына ауыстырып, салмағын өлшейді және оның 
салмағын рецептіде немесе сигнатурада көрсетеді. Себебі осы жазылым 
бойынша қайта пилюля дайындаған кезде, пилюля сондай мөлшерде болуы 
керек. 


354 
ІІІ-ші саты.
Массаны пилюлялық машинаға ауыстырып серіппе 
дайындайды. Алдымен массадан шарик, содан соң таяқшаның көмегімен тегіс 
цилиндр формалы пилюлялық серіппе дайындалады. Пилюлялық машина 
суретте келтірілген. 
Серіппе цилиндр формалы, белгілі ұзындықта және ол қуыссыз болуы 
керек. Цилиндрдің әртүрлі диаметрі пилюляның өлшемінің және дозасының 
әртүрлі болуына әкеп соғады. 
Пилюлялық серіппенің ұзындығын, пилюлялық кескішпен анықтап, алдын-
ала белгілейді. Пилюлялық кескіштің екі жағы да өлшемдері әр түрлі 30 
пилюляға есептелген. Пилюлялық серіппенің ұзындығы жазылымдағы пилюля 
санына сәйкес болу керек. Егер рецептіде пилюля саны 30 пилюлядан көп болса, 
массаны екіге бөледі, әр бөлігінен тиісті пилюля санына сай серіппе 
дайындайды. 
ІV-ші саты.
Серіппені пилюля (сурет 47) машинасының кескішімен 
үдемелі-қайтымды қозғалыс жасап, үстіңгі кескішпен кеседі. Кесілген 
пилюляларды шыны пластина бетіне тастайды. 
Сурет 47. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет